Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

5063 Жалпы жазба
199,295 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4031 Құжаттың орташа ұзындығы
Өрістер: title content genre region collector
Операторлар: AND OR NOT
Дәл/нақты тіркес: "..." тырнақшаға алыңыз
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 5063 жазба көрсетілуде

Түлкі мен тырна

Түлкі мен тырна достасып бірге тұрмақ болыпты. Екеуі бірге балалап, бір жерде өріс теуіпті. Ішіп-жемі ортақ, біреуі жем іздеп саятқа кеткенде, біреуі балапандары мен күшіктердің жанында қалады. Күндердің күнінде тырнаның таз балапандарына жүн шығып, жорғалайтын болады. Түлкінің күшіктері де қара пұшпақ болып құлпырады....

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1920 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.А. Диваев ATU 36 ATU 37

Түлкі мен тырна

Бір түлкі тырнамен жолдас болып, түлкінің апанына келіп кіріпті. Бұлардың ізіне бір адам түсіп, інге келіпті. Інді қазып, әлгілерге жақындаған мезгілде шыбық салыпты. Шыбық тиген соң, тырна түлкіге айтыпты: «Алпыс амал түлкіде, алпыс екі амал адамда деуші еді, сол амалыңның біреуімен құтқар,—деді,—құтқармасаң өлеміз»,—...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1898 Өңір: Қазақстан Жинаушы: А.Васильев ATU 105

Түлкі мен тырна хикаясы

Түлкі мен тырна жолдас боп, дос болыпты. Түлкіде екі бала бар екен, екеуі де таңертең тамақ аулап кетіп кешке келеді екен. Бір күні түлкі «сырқаттанып отырмын» деп үйде қалады. Қарны ашып бара жатқан соң, тырнаның бір балапанын жеп қойды. Кешке тырнаның келетін уағында тырнаның алдына шығып, солқ-солқ жылады. «Не қылды...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1900 Өңір: Қазақстан

Түлкі, тасбақа және кене

Бір уақыттарда бір түлкі, бір тасбақа және бір кене үшеуі жолдас болып келе жатса, бір жерде бір уыс тары жатыр екен. Үшеуі ойласты: «Мұны тұқым қылып, жерге егіп, көбейтіп бөліп алайық», – деді. Түлкі бір жарды көріп: – Мен осы жарды сүйеп тұрайын, болмаса құлап кетер – деп, жардың астын саялап жатып алды. Тасбақа бай...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan ATU 9А ATU АТ275

Түлкі мен қоян

Бір күні болдырып келе жатқан түлкі жортып жүрген қоянды көріп, өтірік ауырған болып, оның жолына сұлай кетіпті де, қоянды шақырыпты: – Қоянжан-ау, қоянжан, неге сонша жортасың? Менен неге қорқасың? Бала жастан бірге өскен, тоғайдың дәмін бір жескен, көрші емес пе едік. Мен ауырып жатырмын, жақынырақ келсеңші, қоштасай...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1964 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Н.Төреқұлов

Түлкі мен ешкі

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді. – Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті. – Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтан өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұ...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1957 Өңір: Kazakhstan ATU СУС32

Түлкі мен маймыл

Бір күні түлкі жортып жүріп, өліп жатқан бір балықты көреді. Балықты алып жейін десе, астында қақпаны бар екен. Балықты соған жем қылып қойған екен. Оны көріп айландырды. Алып жемекке әрекет қылып, құйрығын ұзартып, балықты сипап тартып, қақпаннан шығара алмады. Балық үлкенірек екен. Түлкінің құйрығының қуаты келмеді....

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1924 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.А. Диваев ATU 30 ATU 35

Түлкі, қойшы, аю

Бір қойшы қой бағып жүрсе, бір түлкіні бір аю қуып келеді екен. Түлкі бір тамға келіп кіреді. Аю да тамға кіремін дегенде, тамның тар есігіне кеудесі сиып, бөксесі сыймай ілініп қалады. Түлкі тамның бір кішкентай тесігінен жылт етіп шығып, айналып есікке келіп, есіктен не әрі кетпей, не қайта шыға алмай ілініп жатқан а...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.А. Диваев ATU 154II ATU 155 ATU 36

Түлкі менен қасқыр

Бұрынғы уақытта бір қасқыр мен бір түлкі жолдас болыпты. Бір жерге келгенде қасқыр түлкіге айтты: – Менің басым ауырып барады, тамырымды ұстап берші, – дейді. Сонда түлкі тамырын ұстап тұрып айтады: – Басың көп қатты ауырып тұр екен, олай-бұлай жүгіріп, құйрығыңды көк мұзға қоя қойғын! – дейді. Сонда қасқыр олай-бұлай...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1920 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.А. Диваев ATU 2

Түлкі мен қасқыр

Ертеде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Дос болғанда екеуі араларындағы татулығы мен тәттілігін үзбестей дос болыпты. Екеуі екі жақтан тамақ іздеп, тапқанын ортаға салып, бөлісіп жейді екен. Қасқыр – әлді, азулы, түлкі – алдамшы болады. Әр жерде түлкінің алдағаны, қулығы сезіле қалса, қасқыр ойнаған болып, түлкіні өлгенше...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1980 Өңір: Қытай (ҚХР) ATU 20 ATU 30 ATU 31

Түлкі мен қасқыр

Күндердің күнінде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Бір күні түлкі қасқыр досының үйіне барса, қасқыр досы аш екен. – «Е досым, менің қарным ашты, бір амалын тауып мені тойғызшы», – дейді. Досы айтқан соң, түлкі нағып тұрсын, дереу барып бір адырда жайылып жатқан бір қора қойдың ішінен бір тоқтыны досына әкеліп береді де ө...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.А. Диваев ATU 122

Түлкі, Қараторғай және Қарға

Қараторғай бір кішкене қайыңға ұя салып, балапан шығарады. Бір уақытта балапандары үлкейе бастайды. Бірде қайыңның қасынан өтіп бара жатқан түлкі биіктегі ұяны көреді. Бірақ бойы жетпейтін болған соң, қараторғайды алдап соғуды ойлайды. – Жұрттың бәрі егінін егіп бітірді, – дейді түлкі. – Менің соқам сынып қалып еді, со...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan ATU 56А ATU АТ122D ATU СУС122В ATU СУС56А

Сазайын тартқан түлкі

Ылғи да зәбір көре берген соң, орманның бір серісі еді ғой деп, бір топ тауық аюға арыз айта барады да, түлкінің зорлығын баяндайды. – О, аю қария, – депті жалаң тәжісі желбіреген қораз тауықтар атынан сөйлеп. – Залым түлкі бізге күн көрсететін емес. Одан басқа бізге ешкім де тиіспейді. Сұм түлкі ұрланып келеді де, түн...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan

Түлкінің күлкісі

Елпеңдей жүгіріп келе жатқан түлкінің сирағы сарышұнақтың ініне түсіп кетіп, кептеліп қалыпты. Қанша әуреленсе де, қайта тартып шығара алмайды. Інінде жатқан сарышұнақ сұғынып тұрған түлкінің табанын қытықтай бастайды. Қытыққа шыдай алмаған түлкі өзінен-өзі ыржыңдап, күле береді. Сөйтіп күліп тұрғанда қасына қасқыр кел...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan ATU СУС38

Түлкінің айласы

Бір күні тіміскеленіп жүрген түлкінің тұсынан өтіп бара жатқан қасқыр: – Оу, туысқан, аман-есен жүрсің бе? – деп, әрі қарай кете барыпты. Түлкі сонда қасқырдың соңынан қарап тұрып: «Бұның маған қалайша іш-бауыры елжірей қалды?... Ал мен болсам оның жай-жапсарын сұрағанда да жоқпын. Қой ұят болар. Одан кешірім сұрайын д...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan ATU 37 ATU СУС36 ATU СУС37

Түлкінің қайрауы

Бір қасқыр жортып келе жатса, алдынан бір елік шығып, қасқыр соңынан қуып келе жатқанда бір орға кез келіп, елік аттап өтіп кетіпті. Қасқыр орғи алмай қалыпты. Сөйтіп тұрғанда қасқырдың досы қу түлкі жолығып, «Не қылып тұрсың?» – депті. Қасқыр: «Бір елік қуып осы орға келгенімде ол қарғып мен өте алмай тұрып қалып тұрм...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.А. Диваев

Арам түлкі жайында

Ертедегі заманда бір түлкі, бір құлан, бір сауысқан үшеуі дос болып, жолдас болады. Бір-біріне жамандық ойламасқа ант айтып, шарттасады. Сөйтіп жүргенде, бір күні құлан тұзаққа түсіп, шарқ ұрып босана алмай, өлемін-ау деп қорқып, түлкі мен сауысқан достарына қарап «айла лаждарың бар ма?» – деп, жалтақ-жалтақ қарап жыла...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1945 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Жақсыбай Жантөбетов ATU 105В

Айлалы түлкі

Бір күні бір түлкі өзеннің жағасымен келе жатып: «Көлдегі балықтарды қалай алып жесем екен?» – деп ойлайды. Түлкі осыны ойлап жан-жағына қараса, өзеннен ағып келе жатқан бір бөренені көреді, бөрененің үстінде отырған екі шағаланы көреді. – Сіздер мұнда не істеп жүрсіздер? – деп сұрайды түлкі шағалалардан. – Балық аулап...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1939 Өңір: Kazakhstan

Залым түлкі

Бір күні арыстан ұйқыдан жаңа оянып, есінеп отырса, салып ұрып түлкі келеді. – Сәламатсыз ба, арыстан аға, әдейі іздеп келдім, – дейді түлкі. – Жай ма? – деп сұрайды арыстан. – Арыстан аға, сонау қарлы таудың ар жағында балбырап тұрған бау бар. Таудан шыға берісте көкорай шалғын сай бар. Сол сайдың бойында маңырап жайы...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1960 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Уахитов Әбу ATU 20

Түйе, арыстан, қасқыр,түлкі және бөдене

Бір түлкі жортып келе жатып, қаңғып бара жатқан бір түйеге кездеседі. – Түйем, түйем, қайда барасың? – дейді. Түйе: – Оты мол, суы мол жер іздеп барамын, – дейді. Түлкі: – Ендеше, екеуміз жолдас болайық, – дейді. Түйе: – Болсақ болайық! – дейді. Екеуі келе жатса, бір қасқыр келіп жолығады. – Е, қайда барасыңдар? – дейд...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1936 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ақшаұлы ATU 0 ATU 00 ATU 35 ATU 6 ATU 62
Алдыңғы 249 / 254 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды