Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

2898 Жалпы жазба
122,107 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4233 Құжаттың орташа ұзындығы
Өрістер: title content genre region collector
Операторлар: AND OR NOT
Дәл сөз тіркесі: "..." тырнақшаға алыңыз
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 2898 жазба көрсетілуде

Қара өлең үлгілері

Жиылдық ойдағымыз, қырдағымыз, Асылдың жинап алған жұрнағымыз. Бұл жерге тамашалап келгеннен соң, Жарамас той бастамай тұрғанымыз.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ендеше, той-тойыңыз, той-тойыңыз, Тойыңа қызыл марқа қой сойыңыз. Келіншектің анау-мынау керегі жоқ, Қасыма айтысуға қыз қойыңыз.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Той бастау келіп қапты барша жанға, Өлеңің пайда болмас қалса жанда. Тойыңды топ алдында өзім бастап, Артайын жоралғысын қара нарға.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Келемін жоғарыдан белеңменен, Өзі әсем, өзі жорға дөненменен. Жоралғы ортамызға келіп қапты, Берейік бетін ашып өлеңменен.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Топ жарып, баста десең, той бастайын, Ойына көптің неге ой қоспайын. Алдыма айтар кісім кез келгенде, Тұлпардай топтан озған ойқастайын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Атаның демеу болар ақ батасы, Түйенің ойнақтайды жас ботасы. Сәрсенбі сәтті күні той жасапсыз, Тойыңыз құтты болсын, той атасы!

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Той қылғанның белгісі айтып хабар, Жаршы бала жалбаңдап атқа шабар. Той жасаған жекжаттар мырза болса, Той бастаған кісіге шапан жабар.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Біз бір құтты қонақпыз тойға келген, Неге айтайық жел сөзді ойға келген. Тойыңызды топ жарып бастап бердік, Кім жоралғы аяйды біздей ерден.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Біз келдік сәтті күні тойыңызға, Келгенді неге іркелік ойымызға. Тойыңызды бабымен бастап бердік, Лайық сый алармыз бойымызға.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ә дегенде бәйгеден ат келеді, Аты келген адамдар шат келеді. Той иесі шынымен мырза болса, Сый-сияпат аямай ап келеді.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ұшады таудан бүркіт сілкініп-ай, Ашықса, алып жейді түлкіні де-ай, Той бастап үлкен-кіші өтінгенде, Жасайық көңілді ойын-күлкіні ұдай.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Лайық жорашыға жол тұрады, Лайық жампоз нарға қом тұрады. Кетті деп тойға барым тарықпаңыз, Тәңірім той есесін толтырады.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қотан толы ешкіңіз қойға ұлассын, Қырға сыймай жылқыңыз ойды бассын. Қуанышқа кенелген той иесі, Құтты болып тойыңыз тойға ұлассын!

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Құнан қойын байлатып сойдырған үй, Табақ-табақ ет тартып тойдырған үй. Сәрсенбінің сәтіне той жасапсыз, Құтты болсын тойыңыз, той қылған үй!

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Біз келдік той дегенде жиылысып, Үстіге бар асылды киінісіп. Қадамы баршаңызға құтты болсын, Келіпті бақыт құсы үйіңе ұшып.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бұл тойды кім бастайды мен тұрғанда, Аузымда алақұйын жел тұрғанда. Бұл тойды алдыменен біз бастаймыз, Жол қайда шұқанаққа көл тұрғанда.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тойыңды баста десең, ақын бастар, Жүйрік ат төрт аяғын шәлкем тастар. Той иесі шынымен мырза болса, Ат мінгізіп, алдыма шапан тастар.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жапқанда жасыл майса жазғытұрым, Мал қаптар ауыл үстін қара құрым. Жылқының да бастайтын көсемі бар, Бұл тойды кім бастайды бізден бұрын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бағлан серке, марқасқа қой бастайды, Қой алдында жануар ойқастайды. Құтты тойға кез болған әнші жігіт Бұрынғының жолымен той бастайды.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Әдетім той бастайтын әуел баста, Жақсы сөз жарасады қарындасқа. Көпшілік көкірегіме жел берген соң, Бұл тойды кім бастайды бізден басқа.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 7 / 145 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды