Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4218 Жалпы жазба
172,969 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4072 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4218 жазба көрсетілуде

Қаракерей Қабанбай

Қабанбай кәртейген тұсында ел азаматы келіп көңілін сұрап: – Сен алмаған жау болмады, сен жүрмеген жер болмады, сенде де арман бар ма екен? – депті. – Армансыз кісі бола ма екен, арманымды айтып берейін, естіңдер, – деп сөз бастайды. – Мен он жеті жасымда ат жалын жаңа тартып мінген кезім еді, қырық жігіт жолдас алып қ...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1956 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.Бөрібаев

Қабанбай мен Райымбек

Қабанбай батыр жас кезінде Ұлы жүздің атойшыл батырлары Ханкелді, Аралбай, Мергенбай, Жауатар, Ырыскелді сияқты ірі тұлғалармен талай рет үзеңгілес болып, жоңғарларға қарсы қанды шайқастар жүргізгенін албан жұрты тамаша аңыз етіп айтады. Сол аңыздардың бірінде былай делінеді: Ханкелді батыр баласы Райымбекті Қабанбайды...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Қабанбай мен Жәнібек

Қабанбай туралы Шыңжаңда тараған аңыз-әңгімелердің бірқыдыруына Жәнібек батыр араласып келеді. Бір күні Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек үшеуі жорыққа аттанады. Бұлардың кім екенін білмей артынан бір жалғыз атты адам салпақтап ереді де отырады. Әлгі үш батыр бір жерге келіп дамылдап ботқа жасап ішеді де, еріп келе жатқан жа...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Қабанбайдың батасы

Абылай ханның заманында қазақ жұртынан шыкқан батырлар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек. Шақшақұлы Жәнібек, Көкжарлы көкжал Барақ, Шанышқылы Бердіқожа, Сырым Малайсары, Балтакерей Тұрсынбай, Тарақты Байқозы, Әлтіке Жидебай, Уақ Баян т.б. болған екен. Бұл батырлардың бәрі де жалғыз жүріп қалм...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Қабанбайдың бас қолбасы болып, «Дарабоз» атануы

Абылайдың қолы осы Арқаны бойлап, қалмақпен қуа соғысып келе жатқанда, бір уақыт қалмақтар тәсіл жасапты. Бір тастың үңгіріне кіріп, бекініп жатып алып, жасырынып қалады. Артынан қуып келе жатқан Абылай қолы «жау қашты» деп бейғам болады. Сонда қалмақтар үңгірден шығып, Абылайдың қолын тұтқиыл шабуылмен қырарман болыпт...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Қабанбай батыр

Ертеде Жетісу елінде Қабанбай деген батыр өтіпті. Қабанбайдың отыз ұлы, отыз ауылы болыпты. Жер қайысқан малы бар екен. Жаз жайлауға шығарда мал, жан Тасөткел арқылы судан тегіс өткенше бай өзінің нөкерлерімен биік төбенің басына шығып қарап тұратын әдеті екен. Сондай бір көшудің кезінде күні бойы тұрғаннан жалыққан ба...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1985 Өңір: Қазақстан Жинаушы: М.Рүстемов

Абылай ханның сыны

Жоңғарлардан туған жерін азат еті үшін Үш жүздің басын біріктіріп, бәріне басшылық жасаған Абылай хан қолбасшыларды өзі таңдайтын көрінеді. Бірде қолбасы боламын деген ондаған батырды Абылай алдына шақырыпты. Бұлардың ішінде Райымбек те бар көрінеді. Қатар-қатар сапқа түзілген өңшең алпауыт ерлердің өзін, көлігін, қару...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Абылай туралы

Абылай хан жоңғарларды шапқан бір шабуылда мың адам барлаушы ғып алға жіберіпті. Оларды екіге бөліп, екі батырды бас етеді: қарабұжыр Қанжығалы Жантай және сол рудың үлкені Бөгенбай. Батырлар ұзақ уақыт оралмайды. Абылай қатты маза- сызданады, олардың тағдыры туралы жырауы Бұқардан сұрайды. – Менің батырларыма не болды...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Абылай ханның балалары

Абылай ханның алғашқы алған бәйбішесі – қарауыл қызы. Одан ұл жоқ, жалғыз қыз болды. Ол қыз – Жамантай ханның шешесі. Онан соң қарақалпақ қызынан: Әділ сұлтан, Ешім сұлтан. Қабан қызы Хатиннан – Рүстем сұлтан. Қожа қызы Хатиннан: Қосым, Арық, Тоқ және қарауыл қызы қатынынан Шығай, Тағай, Сек, Аюке туған. Ол Аюкенің қыз...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Абылайдың Әтеке жырықпен соғысуы

Абылай орыс патшасына бағынбай онымен соғысып, жеңілетін болған соң, осы Алатауға қарай ауып келеді. Абылай Ұлы жүз бен қырғыздың шекарасын мекен қалған. Қырғыздар жақын тұрған қазақтарды жерінен айдап қуған екен. Содан Абылай қырғызға кісі салып: «Қазақ пен қырғыздың жерін ашып белгілейік», – деп кісі жіберіпті. Абыла...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Абылай туралы

Абылай хан Қазыбек пен Бөгембай батырмен кеңесіп отырып: – Дүниенің қызығы не? Тиегі не? – деп сұрапты. Сонда әрқайсысы өрісті сөздер айтыпты. Қазыбек: – Дүниенің қызығы алдынан сөз кетпеген, артынан топ кетпеген, шешен мен қыран қаршыға, жүйрік ат, жүйрік тазы ғой, – депті. Абылай: – Бұл дұрыс емес, – депті. – Олай бо...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан Жинаушы: М.Әлкей

Абылай ханның әңгімесі

Қалмақтың Қалдар ханымен ұрысып, жеті күндей сүрісіп, сондағы жолдас адамдары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қаратүлек бар, Қарақалпақ Қылышбек, текеден шыққан Сәтбек, Шапырашты Наурызбай, Қаумыт Дәулет, Жетік батыр қасында, бақ дәулеті басында, Сөңгебай Себік бар, Қанқожа мен Мәмбе...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1950 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Бекмағамбетов

Абылай мен Андығожа батыр

Абылайға қалмақтың ханы елші салып: – Татулыққа келейік, ылғи қанға құмартып, ел талап, елдің тынышын ала бермейік! Бізге қонаққа кел, келешекте елдің қамы үшін қам істейік, – деп елші жіберіпті. Келген елші бар сөзін айтып болған соң, хан бұған көнбекші болып, «қонақтар, жата тұрыңдар» деп, сыр алдыртпай қаратыпты. Аб...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1950 Өңір: Қазақстан Жинаушы: К.Қаңтарбаев

Абылай мен Жарылғап

Көкшетауда кырық сегіз жыл хандық құрған Абылай хан алпыс кісі жолдаспен бір жорыққа бара жатып жазғытұрым Баянауыл тауына түнепті, елсіз екен, жоқ екен. Түнде аш жатыпты, таң атқан соң: – Алдымызда тамақтанарлық жерде ел бар ма? – деп сұрапты. Бір керейт жігіт: – Алдымызда Ағысықудың қуында Қызылшілік деген жерде Қара...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Бұрынғы заманның адамдарының қандай екенін танытуға сөйлеген сөз

Күлік баласы – Тілеуімбет, мұнан туған – Жанайдар. Бұл Жанайдар – Абылай заманында жас бала. Жұрт аузында жақсы Жанайдар атанған. Сол замандағы Бұқарай шәріп ханы Арқадағы Абылай ханға елші жіберген май-қатығын тауып берсін деп. Сонда Абылай хан Күлік Жаңабатыр биге кісі жіберген: «Бір ауыз сөзімен жауапты түзу тауып б...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан Жинаушы: Н.Әминов

Абылайды тұтқыннан босаттырған батыр

Атақты Абылай хан тұсында қазақ пен қалмақ арасында әртүрлі соғыстар мен сойқан соқтығыстар аз болмаған. Сондай бір соғыста қазақтың қолын Абылай хан, қалмақтардың қолын Қалдан Серен бастайды. Сол кездегі дәстүр бойынша, екі жақтан екі батыр жекпе-жекке шығуға тиіс болады. Сірә, алдын ала дайындалып келсе керек, қалмақ...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 2011 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Б.Рахымов

Бекболат пен Абылай

Қарқаралы тауын айнала қоныстанған он екі ру арғын-қаракесек ішінде қаз дауысты Қазыбектың баласы Бекболат би болыпты. Бір жылы осының бәйбішеден туған тоғыз ұлының ең кішісі Абылай ханның айғыр үйірі жылқысын ұрлап әкетіпті. Абылай арқадан Бекболатқа елші жібереді. «Ұрлық істеген баласын қолыма берсін, дарға асамын!»...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1958 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ғ.Мұқатаев

Абылай хан заманында қазақтан шыққан батырлар (ІІІ нұсқа)

Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Көкжарлы көкжал Барақ жауды көп қашырады. Жақсы атты Бараққа қалады делінген Барақ батыр – осы. Шанышқылы Бердіқожа тауының арқар деген аты – құлжа, жігіттер – атқа тиер тегін олжа. Хан Абылай аттанады деп естіп келіпті Шанышқылыдан – Бердіқожа, Сырым Малайсары батыр. Абылайдың м...

Жанр: Тарихи аңыз Жыл: 1947 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Н.Әминов

Абылай хан түсі және өлімі (ІІ нұсқа)

Бұрынғы замандарда қалмақ қазаққа таң атырып, күн шығармаған. Абылай хан ат арқасына мінген соң, қалмақтың бетін қайтарған. Алатаудың бергі жағында, Алтай тауының бергі жағында қалмақ түтін түтетіп, күн көріп отыра алмаған. Қалмақты Сарыарқадан аудырған, басына қара қан жаудырған Абылай болатұғын. Қалмақты су сепкендей...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Абылайдың Самарқанға жорығы (І нұсқа)

Абылай хан өзіне-өзі емін-еркін келген соң «атажұртым Бұхараны аламын» деп, үш жүздің баласы қазақтың «сен тұр, мен атайын» деген батырларын жиып, аттанды. Мұнан барғаннан әуелі Түркістан барып, оған өзінің бел баласы Сыдық сұлтанды ие қылды. Шымкент, Сайрам барып, оған Ғабдалрахман деген сартты қойды. Ташкент барып, о...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан
Алдыңғы 11 / 211 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды