Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4636 Жалпы жазба
188,126 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4103 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4636 жазба көрсетілуде

Қара өлең үлгілері

Жедінің жеті ат кетті дауылында, Бар еді қаңтармасы сауырында. Өсірген кішкентайдан, қарағым-ай, Жүресің бөтен елдің ауылында.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қолыңа сал сақина, мыс та болса, Еліңде соқтырып ал ұста болса. Жеріңе уағда айтқан мен барайын, Ақ боран соғып тұрған қыс та болса.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жайықтың ортасымен сен көргеннен, Сені мен дәл басыма тең көргенмін. Шырағым, мені ұмытсаң, Аллаңды ұмыт, Аузыңа бала қаздай жем бергенмін.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қарағым, айналайын орта бойлым, Айырып сары майдан торта қойдым. Атыңды мен атасам, жұрт білер деп, Атыңды «Айнамкөз» деп жорта қойдым.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Базардан алып келген қызыл түлкі, Қызығы дүниенің ойын-күлкі. Барында оралыңның ойна да күл, Жігіттің қайда қалмайды жиған мүлкі.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жуып-шайдым шарқатым биік таққа, Жел ұшырып түсірді жауған қаққа. Түйедей жапырақ жеген жалт-жұлт етіп, Ақ сәуле қарай ма екен біздің жаққа.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Үйірі қаракөктің санда да бар, Баласы ақ патшаның ханда да бар. Қарағым, кетемін деп налымашы, Жақсы атаң, жақсы-ау анаң онда да бар.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Базардан алып келген асыл жастық, Бетіне әсемдікке ою бастық. Өсірген әлпеншектеп қыз-мұңдықты, Сыртында ақ боз үйдің амандастық

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сыбызғым жілігінен күшігеннің, Қалқатай, бүгін түнде түсіме ендің. Қос қанат құсқа біткен маған бітсе, Өзіңе барар едім ұшып енді.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сыбызғым қыран жілік, күміс ернеу, Мықымнан сусып түсер шәйі белбеу. Сағынып сары жонға қарай-қарай, Ей, қалқа, екі көзім болды төртеу.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сыбызғым бар үш ойма, тырна жілік, Жігіт жолы болмайды саяқ жүріп. Екеу болса басымыз, мал да екеу, Қосылайық, ей, қалқа, ойнап-күліп.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қағаздың қасың сұлу сиясындай, Тоғайдың мойның ұзын миясындай. Қолымды саған қайтсем жеткіземін, Сұңқардың жатқан жерің ұясындай.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ұшады аққу аңсап көл дегенде, Сілекей сірне татыр шөлдегенде. Түскенде сен есіме сүйген сәулем, Жүреді шыбын жаным өлмегенге.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сен дегенде, ой, қалқа, ойым бөлек, Он жасымнан ақылға болдым зерек. Мақпал қара құнанның төбеліндей, Көзіңнен айналайын дөп-дөңгелек.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жаралыпсың, жаным-ау, сірә, зерек, Замандасым басқадан жөнің бөлек. Күндіз ойдан кетпейсің, түнде түстен, Тал бойыңда мінің жоқ, жасыл желек.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сен қайдағы, ей, қалқа, мен қайдағы, Мен де өзіңдей біреудің боз тайлағы. Сен түскенде есіме, беу, қалқатай, Менің шерім қозғалар қай-қайдағы.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жебесі шын күмістен садағымның, Әдеті осылай ма еді базарлымның. Несіне сөйлер сөзден іркілейін, Тұсына кез келгенде ажарлымның.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Адамнан артық ажар, ақыл-айлаң, Ажары ақ бетіңнің асқан айдан. Адасқан аққу құстай болдым асық, Айдындай ақ төсіме асылшы айнам.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жеткенде жылқым жүзге жақсы болар, Қағаз шай қантпен ішкен тәтті болар. Түскенде сен есіме, беу, қарағым, Күйігің күйдіргеннен қатты болар.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жеткенде жылқым жүзге қуанамын, Еңкейіп сырлы аяқпен су аламын. Түскенде сен есіме, беу, қарағым, Қолында асасы жоқ дуанамын.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 125 / 232 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды