Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4983 Жалпы жазба
198,489 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4095 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4983 жазба көрсетілуде

Егіс және өсімдіктер

Желі басында бес бие, Бесеуі де жас бие. Құлындары құла ала, Құлақтары сары ала. (Масақ)

Жанр: Жұмбақ

Егіс және өсімдіктер

Алтын аяқты, Алтын десем – азығы жоқ, Ол жоқ болса – алуы жоқ. Дүние толған адамның Баршасы да теп-тегіс, Біріне-бірі қарауы жоқ. (Астық пен аштық)

Жанр: Жұмбақ

Егіс және өсімдіктер

Жасынан тәрбиелеп бала бақтым, Өсіріп ол баланы жұртқа жақтым. Күніне екі-үш рет көрмей тұрсам, Болмайды бұл дүниеде менің нақтым. (Егін, ішкен тамақ)

Жанр: Жұмбақ

Егіс және өсімдіктер

Біздің ел сұратады сегізіңді, Бұғыдай мойны жуан семізіңді. Алдынан алақанын төсеп алып, Тартады тойғызам деп негізіңді. (Егін)

Жанр: Жұмбақ

Егіс және өсімдіктер

Жеп жатарда жасқанбай бірді берсең, Ондап-жүздеп аларсың, егер көрсең. Еш уақытта еңбегің еш болмайды, Әрекет қып, беріп ал, тіліме ерсең. (Егін)

Жанр: Жұмбақ

Егіс және өсімдіктер

Жүруге жоқ, шығуға жарар жаны бар, Тәртіппенен тұратын өз әлінше сәні бар. Керек болар кейін деп түйіп алған, Азық қылар бір азырақ дәні бар. (Егін)

Жанр: Жұмбақ

Жер, табиғат құбылыстары

Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр, Дабылдатып дабылын ол қағып тұр. От жағып, дабыл қағып тұрғанында Сабалап төмен қарай су ағып тұр. (Жаңбыр, найзағай)

Жанр: Жұмбақ

Жер, табиғат құбылыстары

Аспаннан жауды ақ бидай, Үйге қарай жүгірдім. Ызғарына шыдамай, Сүмелектеп бүгілдім. (Бұршақ)

Жанр: Жұмбақ

Жер, табиғат құбылыстары

Ақ моншақтар сабалар, Қалмайды олар жанды аяп. Жатып-жатып жоғалар, Ешкім жинап алмай-ақ. (Бұршақ)

Жанр: Жұмбақ

Жер, табиғат құбылыстары

Тырсылдап түседі, Жер бетіне жетеді. Жер бетіне жеткен соң Ғайып болып кетеді. (Бұршақ)

Жанр: Жұмбақ

Жер, табиғат құбылыстары

Әуеде қызғыш, жерде бұзғыш. Қызғыш айтады: «беремін» деп, Бұзғыш айтады: «аламын» деп, Берсе – барлық, Бермесе – қаһарлық. (Жаңбыр, егінші)

Жанр: Жұмбақ

Жер, табиғат құбылыстары

Көтеріліп теңізден Аспанға биік барамын. Биіктен қайта түскенде Өңі кірер даланың. (Жаңбыр)

Жанр: Жұмбақ
Алдыңғы 196 / 250 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды