Есте жоқ ескі заман болса керек, қырдағы елдің бас иелік ететін ханы өліп, кімді хан қоярын білмей ел-жұрт қатты дағдарыста болады. Сонда ошарылған ел-жұрттың алдына бір ақ жаулықты ана шығып, ақыл айтады: – Талабы бар ерлердің бәрі садақ тартсын, кімнің садағының оғы сағымға ілінсе, соны хан көтеріңдер, – дейді. Хан б...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Қазақ елін Тұран хандығы заманында «қызыл қалпақтылар» билейді. Бұл заманда өз еліменен жауласып, қазақтың ру-тай па және ата қонысындағы (отцовство) жиналыста «Жалайыр» деген атақ алып шыққан Қабылан деген батыры болады. Ашулы Қабылан Жетісу, Іле, Шу, Қаратал, Ақсу-Алакөл жеріне талас Найман тайпасының қастандықпен Те...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Үйсін батыр өзі жау жаулап кеткенде елі үркіп, Доғалақ тоқал жүкті екен. «Толғатып, жүре алмайсың» деп Доғалақты жұртқа тастап кеткен екен. Ертеңіне жау келіп, жұртта баласын алып отырған қатынға келіп: – Ел қайда? – деген екен. Әйел: – Ел кеше үркіп кетті, – депті. – Бұл жерде не бар? – дегенде: – Осы тұрған таудың ар...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Шамалап айтқанда, уақыты 789-810-ншы жылдарда Түркістан аймағында Отыз екі баулы Өзбек ұриямынан азғана көшпелі халық болды. Қырық сан Қырымнан шыққан бір ханның баласы шешесінен туғаннан ала туды. Үш оқ нәсілінен 500 – 600 үй көшпелі жұрттың ішінде Майқы би, Қотан бай деген кісілер болды. Болат – Қотанбайдың баласы. Ө...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Қырық сан Қырым жұртынан Он сан Оймауыт, Құба қалмақ, Он сан Ноғай Ормамбет би халқы Дәшті-Қыпшақ, Сарыарқаларыны Отан тұтқан заманларда Түркістан атырафында Отыз екі баулы Өзбектің ұруынан бірер жамағатлар көшіп, қонып Отан тұтқан екен. Мәзкұр Қырым елінің ханларынан бір ханның баласы анасынан туғанда ала болып туады....
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Замандардан заман өткенде бұрынғылар өліп, таусылып қалғандарға нәубет жеткенде: «Араб жұртынан бір Мұхаммед деген пайғамбар шығыпты» деп, әуезесі айдай әлемге жайылып кеткен-ді. Түркістан аймағынан, Түркі ұрпағынан Үшоқ нәсілінен «Тоқсан екі баулы Қыпшақ» атанып тұрған заманда тоқсан екі батыр атқа мінді дейді: «Сол п...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Ұлы жүз Дулаттың баласы Ботпай өз заманында елден асқан байдың бірі болған. Осы Ботпаймен замандас Хорасан қожаның тұқымы Аннақ ишан өтіпті. Аннақ ишан ел-елді аралап ислам дінін үйреткен. Ишанның қасында Тәсін қожа баласы діндар, емші Алдияр деген кісі бірге жүрген. Күндердің күнінде жолы түсіп, қожалар Ботпай ауылына...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Қазақтың шежірешілерінің айтуынша, Әнес жайындағы аңыз-әңгіме былай басталады: Әнестің әкесі Мәлік, ол арабтың Ғажам руынан дейді. Шешесі Ұмсалима Мәкеннің қызы, о да араб еді деп шегелейді шежірешілер. Аңыздың негізіне қарағанда, Мәлік ірі сәудегер және батыр адам болғанға ұқсайды. Сонымен қатар ол өз дәуірінде көршіл...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Әуел нағашы бабаларын сөйлейік. Қадым заманда Ақ теңіздің ішінде Малта деген шаһар бар ерді, ол шаһар ханының аты – Алтын хан. Ханшаның аты Көрлауыш деген ерділер. Ол екі падишаһтан бір қыз туып, атын Ғамәлік көріклі атадылар. Айға, күнге көргізмей, қырық құлаш тас сарайда қоймыш ерділер. Ләкин көркі андағ ердікүм: құр...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Ал төре руы қазақ арасына монғол-татар шапқыншыларынан кейін тарай бастады. Бұл жөнінде мынадай әңгіме бар. X ғасырдың екінші жартысында қалмақтармен, моңғолдарымен жауласып, бір соғыста арабтың Аби Малик Бахадур деген халифасының зайыбы Гүлсара ханым моңғолдардың қолына түсіпті. Әйел өте сұлу болғандықтан, моңғолдар ө...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Арыстаннан өлген соң тышқан артық, Есер достан зиялы дұшпан артық. Кей жаманның қолына түссе алтын, Қоя алмайды бағасын мыстан артық.
Жанр: Қара өлең
Жаманға жолдас болсаң, күнде керіс, Дау болар арадағы алыс-беріс. Жаманды адам екен деп ойлама, Жақсыға айтылмайды бір де сөгіс.
Жанр: Қара өлең
Жаманға жолдас болсаң күнде кейіс, Жақсының жүрген жері бейне бейіш. Тұрғандай жеміс пісіп бақшадағы, Болады бір рақат дүние кеңіс.
Жанр: Қара өлең
Сөзіңнің бәрекелді мақұлына, Айтады әркім көңлі жақынына. Жаманға жалпылама сөз айтпаймын, Айтамын өзіңіздей ата ұлына.
Жанр: Қара өлең
Жібекті түте алмаған жүн қылады, Әйелді күте алмаған күң қылады. Жаманға жайды білмес ісің түссе, Бәлсініп, жігеріңді құм қылады.
Жанр: Қара өлең
Жақсының заты ұлық, пейілі кең, Мал бітсе болар жаман жақсымен тең. Кісіге кісі ақылы жолдас болмас, Әркімнің өз білгені өзіне жөн.
Жанр: Қара өлең
Шапаным үстімдегі қара барқын, Білмейді жаман кісі сөздің нарқын. Жақсыдан жақсы туған азаматсың, Сөзімнің аңғарарсың алды-артын.
Жанр: Қара өлең
Жақсының жүрген жері күнде базар, Жүйріктің делебесі дуда қозар. Кей адам алдың-күлдің сөз сөйлейді, Жоқ болса басалқасы, бір күн тозар.
Жанр: Қара өлең
Ағаштың күзде солар жапырағы, Жаманның жасырылмас топырағы. Екінің бірі өлсе, бірі қалар, Сөнеді, жалғыз өлсе, шамшырағы.
Жанр: Қара өлең
Құралған көлік болмас тай, танадан, Алды-артын жігіт оңбас байқамаған. Өрлетпей өлеңімді бөгемеймін, Алдыма кез келгенде айтар адам.
Жанр: Қара өлең