Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4404 Жалпы жазба
176,706 Бірегей сөзформа (толық индекс)
3957 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4404 жазба көрсетілуде

Қара өлең үлгілері

Арқаға қос бұрымды арта салып, Келіпсіз мойынға алтын алқа салып. Көпшілік отыр бізге қолқа салып, Айтысып құмарын бір тарқаталық.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Келеді ердің ері екі елуге, Қонады қайтқан құмай мекеніне. Армандап айтысуды жүруші едім, Кез болдым осы тойда екеуіңе.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Пимам бар аяғымда жайпақ табан, Баспайды сазды киіз байпақты адам. Көпшілік өлең айт деп қолқаласа, Жарамас сылтау айтып тайсақтаған.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Астыма мінген атым қара ала аяқ, Тұсыңа таңдап қалап келдім таяп. Әріптес өздеріңдей кез келгенде, Неге айтпай қара өлеңді қалам аяп.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қайтады мал өрістен шаңырқаған, Әнімді естіген жан таңырқаған. Қыздырып айтыспенен ойын-тойды, Көңілді көтерейік жабырқаған.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Семіз шық, әрқашанда арық ойлап, Түйіссін таудай талап, тарыдай бақ. Екі топ екі жақтан тілектес боп, Айта түс, қолдап отыр, а Құдайлап!

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қос қолын суға жүзген құлаштайды, Басынан қайсы таудың күн аспайды. Көпшілік өлең айт деп қолқаласа, Отырған бекер қарап ұнаспайды.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ширыққан сайын арқан есіледі, Бесті кер шапқан сайын көсіледі. Жауап айт өлеңіме ой жіберіп, Көп түйін өлеңменен шешіледі.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қонғаны ауылымның сібер деймін, Кетер деп атым алыс шідерлеймін. Көпшілік айта жүрер айтыс болсын, Ағытып қара өлеңді жібер деймін.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қарасу есік алды үйрек жүзген, Кезім жоқ, қалқа, сенен үміт үзген. Қане, енді өлеңіме жауабыңды айт, Көпшілік айтыс күтіп отыр бізден.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жағасы қарасудың қамыс екен, Жастарға өлең айтпау намыс екен. Түрін де отыр едім шырамытып, Даусы да қалқатайдың таныс екен.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қара су есік алды түбі терең, Кез болды қос әріптес жұбыменен. Сынына көпшіліктің бірге түсіп, Армансыз айтысайық түніменен.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жағасы өзен судың долана екен, Бұлбұл құс доланаға қона ма екен. Көпшілік өлең айт деп қолқаласа, Айтыспай бас тартуға бола ма екен?!

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жағасы қара судың қайың екен, Қайыңнан құрық кессем, дайын екен. Көпшілік өлең айт деп қолқаласа, Жастарға орындамау айып екен.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Не қызық, дүниеде өлең қызық, Кетеді өлең десе денем қызып. Қасыма қалаулы жан тап келгенде, Берейін қара өлеңді жіпке тізіп.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Не қымбат, дүниеде өлең қымбат, Шын ақын қоя берер қойсаң ымдап. Жастарды көргенімде болам ырза, Отырған бірі айтып, бірі тыңдап.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көпшілік күтіп отыр бізді елеген, Азырақ өлеңім бар сізге деген. Бұл тойда кезің келді, айтысайық, Ақын ба бірін-бірі іздемеген.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жан келсе айтысуға жарайтұғын, Айтыспай табады ақын қалай тыным. Өлеңді тойда айтпаған қайда айтамын, Өлеңнің өрісі той тарайтұғын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бісмілла деу—өлеңнің басы емес пе, Өзен-көлдің жағасы там емес пе. Той қызығы айтысу тең құрбыңмен, Іздегені жастардың осы емес пе.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңді баста десең, басы менде, Майысқан балдырғандай жасы менде. Асылын кезектесіп қара өлеңнің, Шашу қып жіберейік шашып елге.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 90 / 221 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды