Ұсынылып отырған томды даярлау барысында филология ғылымдарының докторы А.Сейдімбек пен ақын О.Асқардың ел ішінен жинап, бастырған кітаптары: А.Сейдімбек «Мың бір маржан» («Өнер баспасы», 1989), О.Асқар «Қара өлең» (Жалын, 1997) және КР БҒМ Орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтын...
Жанр: Қара өлең
Құс десек, құс ішінде лашынсың, Ешкімнің қолы жетпес бір асылсың. Қалқатай, білдірші бір лебізіңді, Аспаннан бұлт кетіп күн ашылсын.
Жанр: Қара өлең
Ал енді күш салайын өңешіме, Жақсының кез болған соң кеңесіне. Толғанып бір-екі ауыз айтысайық, Қарыз қып тастап кетпей келесіге.
Жанр: Қара өлең
Ақыл-айла, тағы да ақыл-айла, Ақыл-айла ойлаған жанға пайда. Шарапаты шалқыған ақын дейді, Қара дауыл өлеңді бері айда.
Жанр: Қара өлең
Жылқымды айдап салдым боздалаға, Жел соқпай шөптің басы қозғала ма. Өлеңді ойда жүрген біз айтпасақ, Артқыға өнеге боп сөз қала ма.
Жанр: Қара өлең
Өрмектің берекелі арқауы ұзын, Болады кең өзеннің малтуы ұзын. Айтыңыз кезегімен қонақ кәде, Ауылдың біздер айттық алтыауызын.
Жанр: Қара өлең
Қолдай көр, Шашты әзіз Баба Түкті, Сылқылдап қыз бен жігіт артар жүкті. Өлең айт тәуір сайлап, қимас қалқа, Тұсыңа құрбың келіп тізе бүкті.
Жанр: Қара өлең
Азырақ ән салайық айғайласып, Отырмай көп ішінде бекер жасып. Осындай тамашаны көргенімде, Тоқталып тұра алмаймын көңілім тасып.
Жанр: Қара өлең
Айтайын айт дегенде әрияйдай, Жаныңды ерітейін сары майдай. Бойыңды мен балқытпай кім балқытар, Даңқым бар ақындықта Абылайдай.
Жанр: Қара өлең
Шығады шөлдеу жерге адыраспан, Бар жерді адыраспан әсте баспан. Тойда өлең бұдан бұрын айтпап едім, Қолдай көр қолтығымнан, Омар, Оспан.
Жанр: Қара өлең
Ән салсаң, өзімдей сал салғандай қып, Тыңдаған таң-тамаша қалғандай қып. Шырқашы шаршы топта шарықтатып, Әркім-ақ айта жүрсін армандай қып.
Жанр: Қара өлең
Әуеде ұшып жүрген ұлар ма екен, Баласын атып алсам жылар ма екен. Айтудан мен өлеңді аянбаймын, Айтқаным көпшілікке ұнар ма екен.
Жанр: Қара өлең
Ән салайын үлгі етіп балаларға, Балалар тез үйреніп ала алар ма. Жас күнінде сүйсініп салған әндей, Өзге нәрсе есінде қала алар ма?!
Жанр: Қара өлең
Әуеде ұшып жүрген сары маса, Шын жүйрік тоқтамайды арымаса. Таңға айтсаң тамсантып бір таусылмайтын Өлең қайдан шығады дарымаса.
Жанр: Қара өлең
Берейік өлең айтып тамашаға, Тыңдаса үлкен-кіші, бала-шаға. Той тойлап топ ішінде отырғанда, Көңілді көтермесек жараса ма?
Жанр: Қара өлең
Берейік өлең айтып заулап-заулап, Халықпыз қара өлеңі өскен қаулап. Асырып той қызығын ән шырқайық, Отырған үлкендердің көңілін аулап.
Жанр: Қара өлең
Сайланар үлкендердің орны төрден, Сұңқылдап аққу ұшар айдын көлден. Жастарға ойын-тойда тұрыс бар ма, Өлеңді қоя бермей келген жерден.
Жанр: Қара өлең
Білмеймін мен өлеңді жүзден артық, Білем деп тағы айтпаймын сізден артық. Тойда өлең айта алмайтын ынжықтардан Үмітті әуел бастан үзген артық.
Жанр: Қара өлең
Өлең де жоқ, ән де жоқ салмағанға, Армандамын аулыңа бармағанға. Жатсам ұйқым келмейді, тұрсам күлкім, Ойнап-күліп мейірім қанбағанға.
Жанр: Қара өлең
Берейін өлең айтып тыңдасаңыз, Халайық, тыңдай білген, мың жасаңыз. Желсөзбен аруларға айқасайын, Артымнан өсек-аяң қылмасаңыз.
Жанр: Қара өлең