Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

5063 Total records
199,295 Unique word forms (full index)
4031 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 5063 records

Қыран мен құзғын

Бір күні бүркіт қара қарғаға кезігіп: – Қарағым, екеуіміздің де тегіміз құс, бірақ сендер жуас құссыңдар, не болса соны жеп, үш жүз жылға дейін өмір сүресіңдер. Ал біз болсақ, отыз жастан әрең асып барып жығыламыз. Бұл қалай? – деп сұрапты. Сонда қарға: – Сендер ылғи жемтікті тірідей жеп, қанын ішесіңдер. Біз болсақ, т...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan

Байғыз

Бұрынғы өткен заманда бір жалмауыз патша болыпты. Ол ұшқан құсты ұстап алып, шетінен жей береді екен. Құстардың көбін тұмсығын тесіп, жіпке тізіп тастайды. Сөйтіп, көктегі құстың бәрін аулап ұстап бітіріпті. Тек байғыз ғана жалмауыз патшаның қолына түспей қойыпты. Жалмауыз патша байғызды қалай қолға түсірсем екен деп,...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1879 Region: Kazakhstan Collector: Г.Н. Потанин ATU 1170-1199СУС

Жапалақ көрсең, атып ал

Күндерде бір күн Сүлеймен патша: – Алтын, күміспен көмкерілген ақ ордаларда отыра-отыра жалықтым. Енді маған әдемі қырналған ақ сүйектен, кемігі жоқ қақ сүйектен, ылғи ғана бас сүйектен, сарғаймаған жас сүйектен сарай салынсын, – деп бұйырады. – Сарайдың бірінші қабаты әйелдердің, екінші қабаты еркектердің, үшінші қаба...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan ATU 221ВСУС

Әтеш пен тоты

Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, аң мен құстардың ішіндегі ең әдемісі, сымбаттысы әтеш болыпты. Сондықтан ол өте тәкаппар екен. Жүріп-тұрса да маңызданып, сылаңдай басады екен. Қоқыраяды да жүреді екен. Бірде-бір аңмен, не құспен сөйлеспейді. Жалғыз серігі тоты құс болыпты. Тоты байғұстың үстіндегі жібі түзу,...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan ATU 235

Суыр сұңқар, су қайда?

Ерте заманда сиыр сызылған кербез, суырыла шапқан жүйрік болыпты. Әрі асқан тәккаппар, мақтаншақ та екен. Бір күні әлгі сиыр атпен ерегесіп қалып, екеуі жарысқа түсуге уәде байласады. Бұрынғы өткен жарыстардың бәрінде сиыр бәйге бермейді екен. Осы жолы аттан да озып, төрт аяқты жануарлардың арасындағы ең жүйрігі деген...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan Collector: Г.Н.Потанин ATU 203СУС

Тышқан, ит және мысық

Ертеде ит, мысық және тышқан үшеуі дос болыпты. Сонда да ит пен мысық тышқанды онша жақтырмайды екен. Тышқан күні-түні тынбайтын еңбекқор болыпты. Ал ит пен мысық тапқанын жеп, жұмсақ шөп пен жылы жерде жатып алады. Бір күні ит қасындағы мысыққа: – Осы тышқанның жұмысы таусылмайды, тіпті, күйбеңдейді де жүреді, – деп қ...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan

Ит пен мысық неге араз?

Ертеде ит пен мысық өте тату болған екен. Екеуін де адам асырап, үйінде ұстапты. Күндердің бір күнінде бір адамның май сіңген тері дорбаға салып сақтап жүрген алтыны жоғалады. Қанша іздесе де, табылмайды. Алтыннан айрылған адамның күйі тайып, жүдеулене бастайды. Тапқан-таянғаны ішіп-жеуге жетпеуге айналады. Мұны көрген...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan

Ит пен мысық адамға қалай үйренді?

Баяғы заманда бір кемпір мен шал болыпты. Балалары жоқ екен. Шал егін егіп, жинаған астығын қамбаға тығып қояды да, үнемдеп, шетінен базарға алып барып сатып, шай-тұзын арылтады екен. Бір күні шал қамбадағы астығынан алып, базарға апарып сатпақ болады. Қамбаның есігін ашып қалса, тышқандардың өріп жүргенін көреді. Бірд...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan ATU 10. ATU БХИ ATU СУС201F

Қасқыр неге ұлиды?

Ертеде Халық деген бір кедей өмір сүріпті. Мал дегенде он шақты ешкісі, жалғыз аты және алтын қауырсынды қоразы болыпты. Ол кезде қораз айғай салып, ешкі де бақырмайды екен. Күндердің бір күнінде ақсиған тісі бар, адам қорқар түсі бар бір аң келіп, кедейдің екі ешкісін алып кетеді. – Өзі барып тұрған қаскүнем екен, қыр...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan

Ақ көгершін

Бұл сонау ерте заманда болған екен. Ол кезде соғыстың не екенін ешкім білмепті. Біреуді-біреу өлтірмейді екен. Кедей де, бай да, сараң да болмапты. Күндердің бір күні Жақсылық деген кісінің әйелі ұл тауыпты. Шілдеханаға көп адам жиналыпты. Диуана да келіпті. Диуана сәбидің бетіне қарап: – Мына бала түбінде жұртқа пәле...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan

Зор өгіз

Бұрынғы заманда үш ағайынды кісі бар екен. Олардың ортасында жалғыз өгізі бар екен. Бір күні өгізі бұны-қаны болып, төгісіпті. Бұл өгіз сусаған екен деп, үшеуі өгізді жетектейді. Біреуі жетелеп алдын, біреуі үстіне мініп алды, біреуі артынан айдап алды. Сөйтіп, ертемен келе жатса, алдынан бір кісі жолықты. Баяғы үшеуі...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Қазақстан Collector: Ә.А. Диваев

Сырттаның ажалы

Бұрында бір жолаушы жол жүріп келе жатып, бір үлкен далаға түсіп келе жатса, күн ауып бесін шамасы болғанда қасқырдың сырттаны ере бастайды. Күн кеш болып намаздыгер болғанда әлгі қасқырдың сырттаны бір ұлып жіберген екен елу шақты қасқыр жиылып қалады. Бейшара жолаушы шын ажалының жетуін білген соң көздің ұшында қарай...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1927 Region: Қазақстан Collector: Ә.А. Диваев

Сырттандар

Бұрында бір байдың жалғыз баласы болыпты. Байдың қадірлі ұлы да, қызы да сол екен. Күндерде бір күн әлгі байдың баласы ұйықтап жатып, түс көреді. Түсінде бір қара қасқыр жейін деп, баланың аяғына аузын сала бергенде, бала шошып оянады. Ертеңіне осы түсті тағы да көреді. Сөйтіп, бала осы түсті күн сайын көретін болады....

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1962 Region: Қазақстан Collector: Ә.А. Диваев, Е.Ысмайылов

Кірпі кемпір

Баяғы өткен заманда бір хан өмір сүріпті. Ол жер бетіндегі адамдарды менсінбей, олардың қалау-тілеуіне онша көңіл бөлмепті. Содан кейін оған шайтан үйір болыпты. Сөйтіп, жақындаса жүріп, хан мен шайтан достасып кетіпті. Бірде әңгімелесіп отырып, шайтан өзінің құдіретін көрсеткісі келеді де, ханға: – Достым, не қаласаң,...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Қазақстан

Түйенің мүшелге қатысы жөнінде

Түйені санаттан калдырмайтын аңыз да бар. Ол бойынша мүшелдегі хайуандар бәрі жиналып, түйенің мүшелерін бөлісіп алған. Шынында да, түйенің құлағы тышқандікіндей, тұяғы сиырдікіндей, кеудесі барыстікіндей, ерні қояндікіндей, мойны жыландікіндей, шудасы жылқының жалындай, жоны қойдікіндей, бөксесі мешіндікіндей, төбесі...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Қазақстан

Жыл таласы

Бір кезде жануарлар арасында «Жыл келе жатыр» деген лақап тарайды. Келе жатқан Жыл жануарларға жайлы бола ма, жоқ жайсыз бола ма кім білсін, әйтеуір жануарлар жиналып, Жылды қарсы алмақ болады. Бәрі де Жылды бірінен бірі бұрын көрмек болып, бәсекелесіп тұрады. Түйе бойына сеніп, онша саспайды. Сүйтіп тұрғанда, тышқан ж...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Қазақстан

Үркер

Ел айтады: «Үркер жерге түсті, қырық күндей жерде жатады», – дейді. [...] Бұл жөнінде ел аузында мынадай аңыз бар. «Үркер жерге түскен» кезінде, яғни майдың аяғы мен июнь айында жер көктейді, мал азығы көк шөп қаулап шығады. Ендеше, жерге түскеннен кейін, жерде жатып Үркер көк шөпті айдап шығарып жатады. Неғұрлым Үркер...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Қазақстан

Үркер

Үркер көкке шығып, өрлеген сайын күн суытып, ол төмендеген сайын күн жылына береді. Халықтың «Үркерлі айдың бәрі қыс» дейтіні осыдан. Әсіресе, Үркердің жануарлар үшін «жерге түскен» кезі-ақ жағымды. Үркер «жерге түскен» кезде (мамыр, маусым айларында) ол жерде жатып, көк шөпті «айдап, шығарып жатады-мыс». Бір қыста жер...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Қазақстан

Төрт түлік малдың төркіні

Түйе сордан шығыпты. Сондықтан сорлы, тұзды өсімдіктерді көп жеп, сортаңды жерді мекендейді екен. Жылқы желден шығыпты. Сондықтан жүрдек жел сияқты болыпты. Сиыр судан шығыпты. Себебі суды көрген сайын ішеді екен. Қой Меккеден шығыпты. Себебі момын, жуас, қасиетті мал болыпты. Ешкі тастан шығыпты. Қия бетке, таулы жерг...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 2002 Collector: Ш. Исаұлы

Түйені көрсе, жылқы неге қалтырайды?

Ертеде жылқы күнге қарап былай дейді: – О, барлық жан-жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды күн, мені жануарлардың арасындағы ең сұлулардың бірі деседі жұрт. Солай екенін өзім де сеземін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемірек етуге болар еді-ау деп ойлаймын. – Сонда қай жеріңді түзей түсуге болар еді деп...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Қазақстан ATU 216
Previous Page 251 of 254 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment