Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

732 Жалпы жазба
93,989 Бірегей сөзформа (толық индекс)
11027 Құжаттың орташа ұзындығы
Өрістер: title content genre region collector
Операторлар: AND OR NOT
Дәл сөз тіркесі: "..." тырнақшаға алыңыз
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 732 жазба көрсетілуде

Қожанасыр әңгімелері

Бір күні Қожа Насредден ас пісіруге көршісінен қазан сұрап алыпты да, ас пісіріп болған соң ішіне өзінің темір шөмішін салып, көршісіне апарып беріпті: —Қазаның аман-сау туды,—деп. Көршісі: —Бір темір шөміш пайда қылдым,—деп ішінен ойлап, қала беріпті. Екінші—Қожа Насредден тағы көршісінің қазанын сұрай барады. Көршісі...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: І. Жансүгіров

Қожанасыр

Қожанасыр бір ағаштың басына шығып, қолына балта алып, өзінің тұрған ағашының астынан қырқа беріпті. Жолдан бір жолаушы өтіп бара жатып: —Әй, Қожанасыр, жығыласың ғой,—деп айтып, кете беріпті. Оның сөзін тыңдамай, Қожанасыр қырқа беріпті. Біраз қырыққан соң ағашы сынып, Қожанасыр жығылыпты. Қожанасыр ойлапты: —Әлгі ада...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: А. Балқайұлы ТМЖ 1313 ТМЖ 1543 ТМЖ CC1240

Дуана Қожанасыр

Тіпті, бұрынғы заманда бір дуана Қожанасыр деген болыпты. Әйтеуір, бір адам, не ақылды емес, не ақымақ емес, не тентек емес, не момын емес. Оған таныс болған емесдүр қайғы да, машақат та, өш алу да, һәм күншілдік те. Ол өзі Құдай деген кісі еді, һәм әрқашан өзінде не бар болса, соныменен қанағат қылар еді, ілгергі уақы...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ж. Айманов ТМЖ 1240 ТМЖ 1313

Ханды жеңген қожа

Бұрынғы заманда бір адам жол үстіне егін салыпты. Сол егін піскен уақта бір адам көшіп келе жатып, жеп қойыпты. Егінші мен жеген адам ханға келіп, егінші: —Мынау егінімді жеп жеп қойды,—дейді. Анау: —Ырас, жолмен көшіп келе жатып, қараңғыда жолдан бұрылмай, жол үстіне қондым. Енді қайда қонам? Көргенім жоқ, малым жеп қ...

Жанр: Сатиралық ертегі Жыл: 1941 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ф. Ғабитова

Сәмен қу

Сәмен мен Бақтияр дейтін замандасы кеңесіп отырып, әңгіменің арасында Бақтияр өзінің әйелін мақтайды. «Әйелім өзіме сенеді, мен арамдық істемейім, о да аман, кісі сөзіне ермейді»,—дейді. Сәмен: —Ол бекер, ол ашуланады да, сөзге де ерер,—дейді. Ақыры, екеуі сөз байласады. Сәмен азғырмақшы болады. Бір кезде Сәмен Бақтияр...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан

Алаша Шораның бір әңгімесі

Алаша Шора қуақылығы күшті болса керек. Жаз күні екен, мал қарай шығып келе жатса, екі аттылы жас жігіттерге кездесіпті. Жігіттер Шораны танымайды, бірақ қарт кісі болған соң қазақ әдетінше сәлем береді. Шора сәлем алып, амандасып болған соң: —А, балалар, шырағым, келе жатқан жолыңызда бір үйір жылқы көзіңізге түспеді...

Жанр: Сатиралық ертегі Жыл: 1947 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Т. Күнтуғанов

Өтірік саңырау

Бұрынғы уақытта Шаған елінің бір саудагері Киптанға келіп, сауда істеп жүреді екен, ақ қашқан жылы, қызылдың қолына түсіп, бар істеп жүрген күрегінен айырылып, кісі жатты. Ішінде бір Жүніс деген ақсақалы бар екен. Бір күні түнде отырып, саудагер Жүніске айтты: —Көңіліміз бір көтерілсін, күлдірші,—деді. Сонсоң Жүніс айт...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ж. Исмақұғлы

Тілеміс

Тілеміс деген қу кісі екен, жолаушы келе жатып, қазақтың бір сасық байының үйіне қоныпты. Жаздың күні қой сауып, қатын, бала-шағасы қозы алып жүреді, бай малшыларына ұрсып, боқтап, малдың қасына келмеді. Тілеміс қасындағы жолдасымен үйде отыр, дәу тай қазанға сүтті құйып, қатындар келіп-кетіп жүр. Сонда Тілеміс жолдасы...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.А. Диваев

Әбсәт

Әбсәт (Алтай-Сайдәлі) деген қу жігіт болыпты. Әбсәт жүрген жер ойын күлкі, қызықтан босамайды екен. Жаз айының ішінде Әбсәт ел арасында келе жатса, екі жолаушы кездесіпті. Жөн сұрасса, Тамадағы ұзатылған қызына бара жатқан адам екен. Әбсәт те бірге жүріп, Тамаға кетіпті. Түні бойы түн қатып жүріп отырып, күн шыға бір б...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан

Қу Дүйсен

Қу Дүйсеннің әкесі кедей болған. Қу Дүйсеннің билік құрып, сөзге араласып жүрген кезінде осы кедейлігі бетіне көп басылатын болған. Елдің айтуына қарағанда, Дүйсен бұл кедейлігіне намыстанбақ түгіл, мақтаныш ететін болған. Қу Дүйсен бір жол жүріп бара жатқанда Етекбайдың Бекмағамбетінің үйіне түседі. Бекмағамбет мысқыл...

Жанр: Сатиралық ертегі Жыл: 1947 Өңір: Қазақстан Жинаушы: К. Қаңтарбаев, Ә. Әбдрахманов

Есмағамбет

Жағалбайлы елінің сұлтаны болған Дербісәлі Беркінбаев патшадан шен алып, сұлтандық (ХІХ ғасырдың аяғында) лауазым алып келген соң, қақпадан кісі кіргізбейтін әдет шығарып, күзетші солдат қойыпты. Қашан түс болып, Дербісәлінің ұйқысы қанып, кісі қабылдайтын кезін күтіп, жұрт сарылатын болыпты. Осыны есіткен Есмағамбет б...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан

Құлжатай сөзі

Бұл кәдімгі Тобықты деген рудың, оның ішінде Қарамырза деген топтан атақты Тәуке батырдың туысқаны Құлжатай Қорыға баласы деген азамат, осының әңгімесі шығыс әңгімесінен де қызығырақ. Осылар екі атаның баласы, бір жағы—Жақып баласы Байғали, Нұрғали, Қали, екінші жағы—Қорыға баласы Мұсатай, Жолдатай, Құлжатай болып, Ақш...

Жанр: Сатиралық ертегі Жыл: 1948 Өңір: Қазақстан Жинаушы: К. Байғұттыұлы

Қанапияның әзілі

Ертеде Қанапия Басығара баласы өзі бір кездерде Аманқарағай болысына ауылнай болған. Сонда бір орыс қазақтан ат сатып алады. Сонда Қанапия аттың түс-таңбасына мынадай деп жазған екен: —Ауылнайымыз—Лаңіскі, Болысымыз—Сергелдескі. Әкем аты—Шала, Өзім атым—Көмір,— деп, орысқа осы қағазды атпен бірге беріп жібереді. Бір кү...

Жанр: Сатиралық ертегі Жыл: 1947 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Н. Әминов

Иса қу

Бұрын Иса деген бір қу сарт ел аралап келе жатып, кешке жақын қонайын деп, қонақпын деп барса, ешбір адам қондырмапты. Біреулер «үйде кісі жоқ», біреулер «үйіміз тар», біреулер «үйімізде қонақ бар»,—деп, ешбір адам қондырмапты. Ылажы жоқ, күн батып кеткенде елден көңілі қалып, енді кімге қонамын деп, бір бел жотаға шығ...

Жанр: Сатиралық ертегі Жыл: 1940 Өңір: Қазақстан

Үсен қу

Үсен осы әңгімесін бастап айтқанда былай дейді екен. —Көктем уақ жұрт оразасын көкек айында ұстайтын болған. Сол жылда қыста Үсеннің жалғыз көк шолақ аты болады екен. Қыс қаталаң болып, Үсеннің көк аты қыршаңқыға ұрынып, көк шолақ ат болыпты. Бір ауылға мініп барса, қышынып, үйге сүйкеніп, маза бермейтін бопты. Елден қ...

Жанр: Сатиралық ертегі Жыл: 1940 Өңір: Қазақстан Жинаушы: С. Керімбекұлы

Құлақай

Құлақайдың әкесі елге беделді адам болса керек. Мекені— Тарбағатай тауының алқымы, «Саршоқы», «Аршалы» деген жерлер. Сол уақыттағы дәстүр бойынша Құлақайдың әкесі күз болып, мал семірген уақытта маңындағы елдерге жата-жастана қонақтайтын әдеті екен. Құлақайдың сегіз-тоғыз жастағы кезі. Әкесінің алты ұлының ең кішісі де...

Жанр: Сатиралық ертегі Жыл: 1948 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Оразалин, Н. Шәкеев

Айдарбек қу

Айдарбек қу ел аралап жүріп, Шаншардың бір ауылына келіпті. Әлгі ауылдың бір адамы өліп, соны қойып жатыр екен. Айдарбек жаназаға келген Шаншарларға «майлансын-ақ»,— депті. Елеңдеген бір жігіт: —Ой, мынау қалай, қалай сөйлейді? Кісіміз өліп жатқанда, көңіл айтудың орнына майлансын-ақ дегені несі? Өзіне дүре соғып, қып-...

Жанр: Сатиралық ертегі Жыл: 1941 Өңір: Қазақстан

Жазасын тартқан айлакер

Бір ханның бас уәзірі бар екен бек сенімді ханға. Не түрлі үлкен жұмыс болса да, бәрін сол уәзірі бітіреді екен. Хан өлімге бұйырған жазалыларды өлтіріп, ханның бұйрығын орнына келтіруін де ол тексеретін. Өзге уәзірлер оны көре алмай, әсіресе екінші уәзірі бас уәзір өзі болғысы келіп, бас уәзірді қайтсе де өлтірмек бол...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан ТМЖ 975

Амалшыл Бекжан

Бұрынғы уақытта бір хан болыпты. Ол ханның ақшасын Бекжан деген ұрлапты. Оны кім ұрлағанын ешкім біле алмайды. Кім ұрлағанын білуге хан үй тігіп, той қылып, барша халықтарын шақыртты. —Әр қонақтардың алдарына он тиын күмістен қой,—деді. Ханның бұйрығын орнына келтірді. —Кімде-кім ол он тиын күмісті алса, сол ханның ақш...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.Х. Марғұлан ТМЖ 975

Соқыр, таз және жалақ

Бір соқыр, бір таз және жалақ—үшеуі жолдас болыпты. Бұлар жолаушылап бір жат елге келе жатқанда үшеуі соқыр, таз, жалақ екенімізді білдірмей, жай отырысалық; соқыр көзін сүртпесін, таз басын қасымасын, жалақ ернін жаламасын деп, серт қылысыпты. Бір үйге қонып отырса, таздың басы қышып, жыбыршып, отыра алмапты. Сонда та...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: І. Жансүгіров
Алдыңғы 17 / 37 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды