Асан қайғы деген жеті жасында жетім қалған бала екен. Солай болса да өсіп, ер жеткенсін батыр адам болып, аң аулап жүргенде бір жақтағы елден бір жақсы қыздың хабарын естіген. Соны көруге барамыз деп маңдай қойып келе жатқанда манағы қыз анасына: «Мама, бүгін үйге төрт сырттан келеді. «Адамның хаты құлағы, құстың хаты...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1957
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: М.Сарымсақов
Ертеде бір ханның қартайғанша баласы болмаған соң бала үшін тоғыз әйел алыпты. Ақырында ең артқы әйелінен бір ұл бала болып, атын Асан қойыпты. Бала балиғатқа толмай тұрған уақытында хан қатты ауырып өлер халатқа таянған соң уәзірлерін жинап отырып, мынадай тапсырма тапсырыпты: – Менің күнім жақындаған сияқты. Сондықта...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1962
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә.Наурызбаев
Асан қайғының әкесі – Сәбит деген кісі. Ол кісінің бір қара тұлпары, бір қара бүркіті, бір қара тазысы болады. Кәсібі аңшылық болады. Баласы болмайды. Бір күні түс көріп, әйелін шақырып алып: – Мен бір жетінің ішінде өлемін. Енді маған керегі жоқ, – деп қара тұлпарды, тазыны, бүркітті қоя береді. Сонсоң әйеліне мынаны...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1959
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: И.Өкпенов
Жайылымы болмаса, мал азады, Қайырымы болмаса, жан азады. Ісі өрге басатын азаматты Қызықтырып тұрады таң азаны.
Жанр: Қара өлең
Жақсы әйел ер көңілін өсіреді, Жаман әйел үй отын өшіреді. Екеуі де бүгінгі қыздан шығар, Күтіп тұрған қайсысы есіл ерді.
Жанр: Қара өлең
Жақсы ұлың болады сырласыңдай, Жақсы келін болады құрдасыңдай. Екеуі де егер де жаман болса, Қоярға жер таппассың бір басыңды-ай.
Жанр: Қара өлең
Жақсының түгел бітер бастағаны, Жаманнан жарты қасық ас қалады. Жаспын дер жаман жігіт қырықта да, Жақсылар он бесінде ел басқарады.
Жанр: Қара өлең
Жұртқа жағар айтылған ән баяулы, Жарлы болар жігіттің жаны аяулы. Тіршілікте қалайық күліп-ойнап, Өтіп жалған барады күн санаулы
Жанр: Қара өлең
Тоқым салма жабыға жалды екен деп, Жолдас болма жаманға малды екен деп. Сыры кетсе сырлы аяқ, сыны кетпес, Күдер үзбе жақсыдан жарлы екен деп.
Жанр: Қара өлең
Құрбы сәні келмейді ойнап-күлмей, Қыздың сәні келмейді парша кимей. Алыстағы махаббат арман болар, Екі ғашық сырласып бірге жүрмей.
Жанр: Қара өлең
Ақыл, қайрат өзіңде жетпейтұғын, Болса өңгеден амал жоқ септейтұғын. Көлеңкедей көлбеген көп достарың Шалыс бассаң, күн болар шеттейтұғын.
Жанр: Қара өлең
Қолыңа ұстап алып ұстараны, Мұртыңды қия берсең, қысқарады. Жаманнан жапан түзде із де қалмас, Жақсыдан үлгілі сөз, іс қалады.
Жанр: Қара өлең
Ұшып жүрген әуеде ақ бөдене, Кейде толы, кейде орта ақ тегене. Осындайда, құрбыжан, ойна да күл, Өмір өтті деп жүрме әттегене.
Жанр: Қара өлең
Қарасуды қақ жарып қайық кетер, Аңдамасаң, аяғың тайып кетер. Жәйді білмес жаманмен жолдас болсаң, Жала жауып әр жерде айыпты етер.
Жанр: Қара өлең
Бұл өмірде не тату, құрбы тату, Бір-біріне әзілін етер тарту. Сыйласпайтын пендемен сөз байласпа, Асыл күлкі аяғы болар ашу.
Жанр: Қара өлең
Көздесем де атпадым ұзақ, құрды, Ұзақ, құрға өзгелер тұзақ құрды. Өз елінде серкесіп жүргендердің Бағасы жоқ басқа елде лақ құрлы.
Жанр: Қара өлең
Кездессем де, атпадым ала құрды, Бағаң артық басқадан анақұрлы. Өз елінде көсем боп жүргендердің Бағасы жоқ басқа елде бала құрлы.
Жанр: Қара өлең
Мінгенім дәйім менің қаракерім, Келмейді таңда ұйқысы саналы ердің. Барлығын жалмаса да адамзаттың Құлқыны бір тоймайды қара жердің.
Жанр: Қара өлең
Өнерсіз болсаң, несін есіресің, Қоясың өнерлінің несіне сын. Көре алмай қанша тарлық еткеніңмен, Дарынның жей алмайсың несібесін
Жанр: Қара өлең
Жыламан қарнымның ашқанына, Жылаймын қадірімнің қашқанына. Қорлықпен күн кешсем, тек мен кешейін, Келмесін балалардың бастарына.
Жанр: Қара өлең