Иә, Алла, жан аманат ғарiп құлға, Салауат мен айтамын Пайғамбарға. Алладан мен мүсәпiр рақым тiлеп, Бiр бәйiт шығарайын барша жанға. Жарандар, көп зар әйла Құдiретке, Шапағат деп зар жыла Мұхаммедке, Тәңiрiм қазы болып сауал сұрса, Қылғайсың сонда шапағат бiз үмбетке. Өтiптi бiзден бұрын Адам, Хауа, Қорқыныш сол сиратт...
Жанр: Хикаялық дастан
Өңір: Қазақстан
Бисмилла деп қаламды алдым қолға, Өзiң сал бiз ғарiптi тура жолға. Жаратқан құдiретiмен қанша ғалам, Сиынбай пендесi де келмес жөнге. Көңiлiме келген сөздi аянбайын, Өнерге Тәңiрiм берген кеудем дайын. Жамағат, құлақ салып тыңласаңыз, Сөйлейiн Хоршаһра қыздың жайын. Бiр патша Жаһанабад болған екен, Мүкәммал дүниелiк то...
Жанр: Хикаялық дастан
Өңір: Қазақстан
Бiр қисса жазайын деп алдым ойға, Муафиқ айтқандай қып жиын-тойға. Бұрынғы өткен заманда бiр балықшы Тiрлiгiнде кем болған сиыр-қойға. Дариядан балық аулап күнiн көрiп, Кәсiбiн қылып жүрдi шақтап бойға. Бейшараның болмапты жалғыз малы, Жамағат нәпақасы көп-дүр жаны. Ау салып, балық аулап су жағалап, Жүредi нашарлықпен...
Жанр: Хикаялық дастан
Өңір: Қазақстан
Әуелде мен айтайын аузубилла, Айтайын аз әңгiме, мұны тыңла. Бүгiн көрген таңда жоқ болып кеттi, Бұ заман бұзылып тұр жылдан-жылға. Бiр күнi бұ қиссаны өзiм көрдiм, Неше күнде жан қинап жазып едiм. Адамзатқа бiр ғибрат бола ма деп, Паш етiп өлең қылып жазып едiм. Мұны жаздым қолыма қалам алып, Кiтаптан көрiп жаздым мұн...
Жанр: Хикаялық дастан
Өңір: Қазақстан
Жазайын қалам алып қисса сөздi, Жазған жан ғарiптiктен жаһан кездi. Жазайын қисса қылып Сәлiмжанды, Құдайым есен қылса ендi бiздi. Өлеңге жазып едiм талай iстi, Нәсiр сөз қисса екен, көзiм түстi. Сәлiмжанның қиссасын оқып едiм, Әнi жоқ құр сөз екен, iшiм пысты. Табылар өлең деген қалам алсаң, Қисса сөз шырын болар өлең...
Жанр: Хикаялық дастан
Өңір: Қазақстан
Бiр падиша бұрын өткен Бағдатта, Шорман молда сөйлеген оны жатқа. Қата болса – Шорманның мойнында, Назымлап естуiмше салдым хатқа. Падиша жұрт билеген әдiл сұлтан, Ренжiмес жалғыз жан да қауым жұрттан. Орта жасқа жеткенше перзентi жоқ, Бұл патша бала үшiн қайғы тартқан. Бұ қайғы қатты батты падишаға, Падишаның қайғысы...
Жанр: Хикаялық дастан
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: А.Шорманұлы, Ж.Шорманұлы
Әлхамдулилла, Рабби-л-аламин деп, Құдаға хамд, пайғамбарға дүрдiм көп. Құдаға хамд, пайғамбарға дүрден соң, Пайғамбар, шариарды мақтайын бек. Пайғамбар медет қылар жалбарынсам, Халiм нешiк, сиынбай ғапыл қалсам. Жәрдем, насрат бiздерге, илһам берер, Сонан кейiн қолыма қалам алсам. Құдайға сиынамын әуел бастап, Бiлгенiм...
Жанр: Хикаялық дастан
Өңір: Қазақстан
Бисмиллаһир-рахман ир-рахим Әуелi сөз бастайын бисмилладан, Бiлмейдi сөз тағрифын iс қылмаған. Мұнафиқ, жол бiлмеген бейшаралар Аһл болған адамды мысқылдаған. Қате ғой деп бисмилла салмай қойма, Әр сөздiң зейiнменен түбiн ойла. Қазақта аһл сүннет уә әл-жамағат, Өнерiн қазақтың да тегi жойма. Қолыма қалам алып жаздым нұ...
Жанр: Хикаялық дастан
Өңір: Қазақстан
Бисмиллаһир-рахман ир-рахим Дүнияда Хатымтай болған екен, Тұрған жерi Арабстан болған екен. Бұ дағы Пайғамбар Расул Алладан Аз бұрын жомарттық қылған екен. Хатымның заманында болған екен, Қара арғымақ бiр аты болған екен. Бұл аттың айтайын сипаттарын, Рағаддай ауазы болған екен. Бұл арғымақ тым қара сұлу болған, Жүрген...
Жанр: Хикаялық дастан
Өңір: Қазақстан
Жазайын қалам алып қисса сөздi, Тахсилде бұ қисссаға салдым көздi. Насыр сөзден аударып өлең қылсам, Жамағат, айып етпе ендi бiздi. Бiздерден талай халық бұрын өткен, Һәрбiреуi һәр түрлi тамаша еткен. Сол өткеннiң iшiнде бiр падиша Кашмир деген шаһарды мекен еткен. Ноғайша қисса екен мұның өзi, Тамашалы нәрсе екен һәрб...
Жанр: Хикаялық дастан
Өңір: Қазақстан
Бисмилла сөздi бастадым, Һәр мақұлық ойлар бас қамын. Қауiп-қатерi көп болар Бiр Құдайдан басқаның. Әзиз қып Алла жаратқан Әр түрлi жанның бастарын. Қадiрi бiрдей жанының Маса мен тышқан, арыстанның. Әр мақұлықты көресiз, Өлiмнен, бiлсе, қашқанын. Бiреудi алып жасынан, Бiреудi етек астынан, Бiреудiң өмiрiн ұзақ қып, Ас...
Жанр: Хикаялық дастан
Жыл: 1953
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: З.Сейiтғаппарова
Бұрынғы өткен заманда, Iлгерi өткен адамда Шаһарында Үрiмнiң Патша өткен Қарқабат. Әдiлдеп үкiм жүргiзген, Болмаған ешкiм заразат. Жетiм, жесiр, мiскiнге Көп қылған екен мархабат. Бiр перзенттiң зарынан, Қапалы болды қабағат. Жас иiсiн көре алмай, Болмады құрсан, көңiл шат. Бiр күн патша түс көрiп, Жинады жұртын сол за...
Жанр: Хикаялық дастан
Өңір: Қазақстан
Болыпты бұрынғыда бiр бай патша, Бек әдiл, есiмi оның Көркiн патша. Нәсiлi Киян руы, өзi көркем, Жүзi гүл, бойсын бойлы ағзи патша. Биназир әдiлеттi, сияһ көрген, Құп жiгiт саясында және ерген. Шын, Машын шаһарында мекенi едi, Өтiптi солардан да дүние шiркiн. Жетi жұрт болып тұрды фарманында, Ғейiш-ғишрат миллатлар әул...
Жанр: Хикаялық дастан
Жыл: 1960
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: М.Жолақұлы
Әуел баста жазайын Құдай атын, Есiм, затын тағы да әм сипатын. Андан соңыра тағы да жазамын мен Мұхаммед пайғамбардың салтанатын. Көрiңдер құдiретiн Хақ Қадiрдi, Құдiретiмен жаратты көк пен жердi. Жүз жиырма төрт мың пайғамбардан Артық қылды Мұхаммед пайғамбарды. Ол ғазиз пайғамбардың шариф атын Естiгенде айтыңыз салау...
Жанр: Хикаялық дастан
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ж.Нұрымұлы
Құдайға сиынайын әуелiнде, Аз қисса сөз жазайын қағазында. Қалам алып Құдайға сиынайын, Сөз тапса жазар шағым осы күнде. Қалам алып жазайын қисса сөздi, Жазған жан ғарiптiкпен жаһан кездi. Ойласам ақыл жетпес ой түбiне, Құдайым есен қылсын баршамызды. Бұрынғы әдiл өткен халифалар, Әдiл патша бейiштен орын алар. Жақсы ө...
Жанр: Хикаялық дастан
Өңір: Қазақстан
Арабтың бiр қаласы шаһар Бағдат, Өткенi талай ғасыр, бұл ақиқат. Халқында Нәби Шайбан бiр туысқан, Дос болды ақыреттiк екi адамзат. Бекiлген қияметтiк достық шарты, Бiрi – Қамам, бiрiнiң Қалел аты. Жан қиған екеуiнiң достығына, Таң қалды Нәби Шайбан барлық халқы. Екеуi екi қышлаққа әкiм болған, Жүргiзген әдiлдiкпен үкi...
Жанр: Хикаялық дастан
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: М.Сейiтмағамбетұлы
Қолыма қалам алдым хат жазғалы, Бiрталай заман болды халық озғалы. Жақсылар, құлақ салып тыңдасаңыз, Дейтұғын жетiм көдек сөз қозғалы. Ертеде бiр шал болған Түркiстанда, Бейшара қасiретпен өткен онда. Екi ұлы қолқабысар жас едi әлi, Күн кешiп жарлылықпен, болған кемда. Жарлы шал жүрушi едi жусан шауып, Байғұстың кемтар...
Жанр: Хикаялық дастан
Жыл: 1946
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: П.Артықбаев
Қолыма қалам алдым хат жазғалы, Бiрталай заман болды жұрт азғалы. Бүгiн көрген таңда жоқ болып жатыр, Азырақ хикаят қылып сөз қозғалы. Қор болмас күнәһлi iстен пенде қашса, Адамнан ақыл кетер қарны ашса. Ғалам деген падишаның заманында Болыпты дәулетi асқан бiр байбатша. Нәсiпке Құдай берген кiмдер тасқан, Пенде иман с...
Жанр: Хикаялық дастан
Өңір: Қазақстан
Ертегi ертедегi кәрi күйге, Жiбiне сабақталып отыр ине. Бетiңнiң бедерiне жұқпалы екен, Опалап жаға берсең, шiркiн дүние! Ертектiң ертегiсiн құрайын да, Шықпаса елден құрақ сұрайын да. Дастанбай деген кiсi бай боп өткен, Туысы Түркiстанның кiрайында. Дейдi екен қошаметпен әркiм «Дастан», Түркiстан қаласынан байлығы асқ...
Жанр: Хикаялық дастан
Жыл: 1935
Өңір: Қазақстан
Қолыма қалам алдым жұма күнi, Жазып тамам әйладым күн мен түнi. Мұсаның заманында бiр падиша Болыпты, әлеуметтер, тыңла мұны. Өзi патша уа және қазынасы көп, Бұл дүния мақсұтына көңiлi тоқ. Сексенге келген бар-дүр оның жасы, Арманы бiр-ақ оның – перзентi жоқ. Падиша перзент үшiн жедi уайым, Әзелде жазбаған-дүр бiр Құда...
Жанр: Хикаялық дастан
Жыл: 1936
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Д.Әбдiкәрiмұлы