Қойлыбай Шағырайдың қойлы байының баласы. Әкесі қойлы бай болған күнінде ақ патшадан отыз орыс Абылай ханға елшілікке келген. Қар жауып, қыс түсіп кеткен соң: – Осы отыз мейманды бірінен-бірін айырмай, бөлектемей, ала қыстай күтіп, аман-есен аттандыруға қайсың қонаққа аласың? – дегенде, Қойлыбай бай: – Өмірінше боламын...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Абылай хан заманында орыс жұртынан отыз кісі елшілікке келіп, қыс түсіп кеткен соң қазақ ішінде қыстап қалып, Малай-Жәдігер Қойлыбай бай бір қыс жүз ақ қара бас қой сойып күтіп, қыстан ашықтырмай, тарықтырмай шығарған екен, ұлығы: – Қазақ жұртының бір-біріне сыйының алды не болады? – дегенде: – Қазақ рәсімінде «жетім»...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Абылай хан Алатауға жорыққа бара жатып, Қаракесек-Шаншар деген елдің бір ұлы жиын асына кез болды дейді. Сонда сол аста «ішкен мас, жеген тоқ» ерігіп тұрған шаншардың желбастары аңыз қылысты дейді: – Басындағы бөркін біреу қағып түсірсе, хан хандық қылып, қандай қаһар қылар еді? – дескенде, қаз дауысты Қазыбектің інісі...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Ғаламда он сегіз мың жан болыпты, Бұ сөзім білгендерге таң болыпты. Әлеумет, құлақ қойып тыңдасаңыз, Арқада Абылайдай хан болыпты. Қылады Мекержіде, байлар сауда, Топ бұзар батыр жігіт қалың жауда! Сұрасаң Абылайдың тұрған жерін, Хан болды қырық сегіз жыл Көкшетауда. Сол Абылай Алатаудағы қырғызға, калмаққа жорыққа атт...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Абылай хан қазақтың ханы болған, бір Ботақан дегенді тірі көрге салған. Қайтып үйіне келген, қатынына айтты: – Ботақанды көрге салып келдім, – дейді, – бұ Орта жүзден бізге үкім бұйырмаған екен. Қатыны айтты: – Шығарыңыз көрден. Абылай бір кісіні жіберді: – Көрден шықсын! – деп. Бұл кісі Ботақанға айтты: – Шықпаймын! –...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Ғаламда он сегіз мың жан болыпты, Бұл сөзім білгендерге таң болыпты. Әлеумет, құлақ салып тыңдасаңыз, Қазақта Абылайдай хан болыпты. Сол Абылай хан Алатаудағы қырғызға, қалмаққа аттанып жорыққа бара жатқан жолында Өрдегі қаз дауысты Қазыбек бидің елінде бір үлкен асқа кез болып, сол аста барып тұрғанда, Шаншар деген ел...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Әбілпейіз деген Бұхарада хандық құрып тұрған. Оның Мәрәйім деген бас уәзірі болады. Мәрәйім Әбілпейіз ханға білдірмей, соңына ханға қарсы адамдарды ертіп, ханды өлтіру жолын қарастырады. Күндердің бір күнінде Мәрәйім Әбілпейізді мейманға шақырып, шарап ішіп мас болған ханды өлтіріп, ертеңіне өзін хан деп жариялайды. Әб...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1941
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: К.Есіркепов
Қалмақ ханы Ғалдан Церен қайтыс болды. Ежелгі дәстүр бойынша хан тағына оның жұрағаттарының бірі ие болуға тиіс. Ғалданның Әмірсанадан басқа баласы жоқ, әрине мұрагер сол ғана. Бірақ ел бұл дәстүрді қолданбады, хандыққа басқа біреуді сайлады. «Қалмақ ханы қалмақ нәсілінен болуға тиіс, Әмірсана қазақ нәсілі, оны сайлай...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: М.Мәжікеев
Абылайдың Қалдан Серенге тұтқынға түсуі. Жоңғарлардың қырғыздарға жасаған бір шабуылында Абылай жекпе-жекте Қалданның ұлы Шаршыны өлтіреді. Сүйікті ұлының қазасын естіген Қалдан кім болса да, қайда болса да, ұстап алдына әкелуді бұйырады. Қалмақтар аң аулап жүрген Абылайды тұтқиылда қолға түсіріп, қасындағы бірнеше би...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Қалмақтың ханы кәрі Аюке жалғыз қызын қырық қыз қосып, Қалдан Шерінге жіберген екен: «кімге берсе билігі Қалданда» деп. Қыс түсіп кетіп, тау кезіп жүрген қазақтың бір мергені тастан үй салып беріп, мінген көліктері түйе екен, тастан қора салып беріп, жалғыз өзі қырық бір қызды аң етімен бір қыс асырап шығыпты. Қалдан Ш...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Қалмақта құба қалмақтың ханы Қалдан Шерін деген хан болған. Оның Қарабас ханымы деген ханымы болған. Ежен (Айжан) деген жалғыз баласы болған. Қарақалмақ Қатысыбан деген қалмақтың ханы «қоңтажы» атанған. «Он сан оймауыт, тоғыз сан торғауыт» деген қалмақтың ханы кәрі Аюке-Тіпсіре Шабдаршаптың баласы болған. Бұлардан бөле...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Абылай хан Қалдан Шерінге жауласпай тұрған күнінде көп елші жіберген екен. «Қазақ, қалмақтың тыныштанып, бір-біріне тимей тұруы үшін елдесіп, бітісіп келіңдер» деп. «Қазақтан көп жолаушы келіпті» деп естіген соң, Қалдан Шерін ханымы Қарабас ханымды атқа мінгізді дейді: – Қазақтан келген жолаушыларды аралап, жансыз байқ...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Бұл Сарыарқаны бұрынғы уақытта ноғайлы билеп-төстеп қоныс қылып, «он сан ноғай Ормамбет би өлгенде, сол Ормамбеттің елі бір алаша тайдай бүлініпті» деген сөз бар. Сонан қалмақ билеп-төстеп, мекен қылған екен. Қара қалмақ Қатысыбан қоңтажының тұсында он сан оймауыт, тоғыз сан торғауыт «Аюкенің ауыр қолы» атанған. «Құба...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Қалдан Шеріннің Сәру деген інісін жорықта кез болып, Абылай өлтірген екен. Қалмақтан шыққан Сына батыр Қалдан Шеріннен қашып, Абылайға келіп қорғалаған екен. – Кісімді өзіме қайырып берсін, – дегенде, Абылай: – Қолынан келгенін менен аямасын, – деп бермей қалған екен. Бұл туралы Қалдан Шерін қалмақтың өзінен басқа қоңт...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Қалмақ елі етек-жеңін жинағаннан кейін, Шарыш сынды батырды өлтіріп, елін үлкен күйзеліске ұшыратқан Абылайды іздеді. Ұзақ уақыт іздеп, ақырында Ұлытау қобылары арасында қапылыста, ұйқыда жатқан кезінде Абылайды ұстап, Ғалдан ханға тапсырды. Қазақ елі қалмаққа бірнеше рет игі жақсыларын жіберіп, Абылайды босатып ала ал...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: М.Мәжікеев
Аңыз бойынша, Түркістаннан шыққан Абылай бірде ең жақын туысқаны Әбілмәмбет ханның ордасына туысы Оразбен бір атқа мінгесіп келеді және біраз уақыт бойы қарауыл руынан шыққан дәулетті қырғыз Жақсылық Дәулетбайдың қызметінде болып, жылқысын бағады. Дәулетбайдың әйелі жат жерліктің өздері ұсынбайынша, ешқашанда тамақ сұр...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Абылай хан 12 жасында қасында Оразалық деген сарт бар екен. Түркістан шаһарына келіп Әбілмәмбет патшаға келіп қызмет қылады. Онда орнығып тұра алмай, Ұлы жүз үйсін Төле бидің түйесін бағады. Онда да байырлап тұра алмай, Сарыарқаға шығып атығай-қарауылдың ішіне келіп, Дәулеткелді байдың түйесін бағыпты. – Атың кім? – де...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1935
Абылайдың аты Әбілмансұр еді. Әкесі қызылбастың ханы еді. Әбілмансұр бес жасқа келгенде әкесі өледі. Хан өлген соң орда иесіз қалады. Әбілмансұр мұрасынан айрылып, сырт елге қаңғырып кетеді. Үш жүздің ішіне келіп Үйсін Төле бидің түйесін бағады. Сұраған жанға: «Атым Сабалақ» дейді. Одан да шығып Қызылжар бойындағы атығ...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1945
Өңір: Қазақстан
Абылай әкесінен кішкене күнінде жетім қалған екен. Абылай ұлы жүздің бір Төле би деген бидің қолында құл болыпты. Сонда Төле би: «Мұның аты Сабалақ болсын» депті. Ол кезде Абылай басына үлкен сеңсең тымақ киіп, түйе жаяды екен. Бір күні Төле би ауылдан келе жатса, Абылай төрт тағандап ұйықтап жатыр екен. Сонда Төле би...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Он екі жасар бала күнінде қасында Оразаулық деген сарт бар, екеуі Түркістан шаһарына келіп, Әбілмәмбет (Әбуәлмәмбет) патшаға қызметкершілік қылды. Ол жерде орнығып тұра алмай, Ұлы жүз үйсін Төле бидің түйесін бағып жүрді. Онда да байырлап тұра алмады. Сарыарқаға шығып, атығай, қарауыл деген елдің ішіне келіп, Дәулеткел...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан