Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4750 Жалпы жазба
193,759 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4198 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4750 жазба көрсетілуде

Қара өлең үлгілері

Өлеңімнің басы еді сексен сегіз, Тауға тары шықпайды, екпесеңіз. Бір-екі ауыз жел сөзді неге аяйын, Үлкен аға, кіші іні, сөкпесеңіз.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңді айт дегенде ағылайын, Мойныңа ақ меруерт тағылайын. Бұл тойда Құдай оңдап, жеңіп кеттім, Шытыңды алақандай не қылайын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңді біз айталық қаласаңыз, Несіне бұл жалғанның таласамыз. Біздерден ат пен түйе сұрамаңыз, Азырақ өлең қолға аласаңыз.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңменен ер жігіт ер жетеді, Жақсы өлең көңілді тербетеді. Бір-екі ауыз шамалап өлең айттым, Әу деп қойсаң, қалқам-ау, нең кетеді?!

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлең деген немене ой емес пе, Көрсеткен қызды сұлу бойы емес пе? Өлеңді мұнда айтпаған, қайда айтамыз, Қосылса бастарымыз, той емес пе?!

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жалғыз ағаш жапанда қу болады, Жерге түссе, миуасы ну болады. Кешегіден көңілім бүгін төмен, Азанғы ішкен қызыл шай у болады.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жалғыз біткен жапанға сен бір шынар, Жас күніңнен, қалқатай, болдым құмар. Ақ жүзіңді көруге армандамын, Құмарланған көңілім қашан тынар.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Біздің елдің жайлауы кең болады, Кең төсінде ойнаған ел болады. Одан әрі өткен соң темір арқа, Арғы жағы сахара шөл болады.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Баян таудың басында бір топ арқар, Таудан аққан тас бұлақ суын сарқар. Сен есіме түскенде, сүйген сәулем, Қатып қалған іштегі шерім тарқар.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мекенімді сұрасаң Қарқаралы, Бір ай бұрын жауатын Арқадағы. Тауға да ұрдым басымды, тасқа да ұрдым, Арман шіркін, кеудемнен тарқамады.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ауылымның қонған жері бетегейлі, Түйенің тоқтамайды кетегені. Бір жерге өңшең жақсы бас қосқанда, Көңілді өлең айтып көтереді.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көк балдырған дегенде, көк балдырған, Жолда жүріп жолаушы ат шалдырған. Әй-ау десем, артыңа қарамайсың, Қарамастай көңіліңді кім қалдырған.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тау басында отырмын ойға батып, Қимас қалқам, келсейші жорғалатып. Қысқа жіпті күрмеуге келтірмей-ақ, Қойғаның ба, дүние-ай, қорғалатып.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Баласы аққу құстың төрем-ай деп, Оқ тисе жез қанаттан өлеме-ай деп. Далаға күндіз-түні үш қараймын, Қалқатай, алыс қалған келеме-ай деп.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Төнеді қара бұлт меңдей болып, Қалады кескен терек жеңдей болып. Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Көзіме кім көрінер сендей болып.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Буынғаным беліме кемер белдік, Қоңыр салқын Арқадан неге келдік. Сапырулы сары қымыз ішпес басым, Шөптің басын ас қылған елге келдік.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тауға барсаң, шөп те көп, жыңғыл да көп, Жыңғыл буып алатын шылбыр да көп. Ұйықтап кетсең, түсіңе қыз енеді, Көзіңді ашсаң, қыз түгіл сымбыл да жоқ.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Біздің ауыл жоғары күйік асар, Керім жігіт аяғын бір-бір басар. Кішкентайдан бірге өскен, беу қарағым, Құшағың мен құшағым қиюласар.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Таң атар, таң-таң атар таң жағынан, Құланның шаң шығады ойнағынан. Белге оралған жыландай үш бұралып, Қалқаның жатар ма едім оң жағынан.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жел соқса, ағаш басы ырғалады, Қаршыға қыран болса, тырна алады. Барында оралыңның ойна да күл, Күлмеген, ойнамаған құр қалады.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 166 / 238 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды