Жиреншенің әйелі өліп, әйел көріп жүріп бір шалдың қызына кездеседі. Бір қараша үйдің алдында бір қыз шығып тұр екен. Қыздың үстінде қызыл матадан көйлегі бар екен. Көйлектің үшкілі ақ мата екен. Қыздың аузы үлкендеу екен. Жиренше жолығып тұрып: – Мына үйдің шаңырағының үлкенін-ай, – депті. Қыз: – Үлкен болса, түтіні т...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1957
Өңір: Қазақстан
Жиренше өзі бір жаққа жолаушы кеткенде осы қатыны өліпті. Жиренше барған жолынан қайтып келіп, әуелі Жәнібек ханға жолығып отырғанда Жәнібек хан есіттірген екен. Мынадай түрде естіртті: – Әкесі өлсе қайтеді екен, шешенім? – Асқар тауы құлады десейші. – Шешесі өлсе қайтеді, шешенім? – депті. – Ағар бұлағы суалған есепті...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1947
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ж.Жүсіпұлы
Жиреншенің баласы өте жуас екен. Әз Жәнібек хан Жиренше шешеннен: – Жақсыдан жаман туар ма? – деп сұрапты. Сонда Жиренше: – Жақсыдан жаман тумайды, – деп жауап беріпті. Жәнібек хан: «мұнысы қалай?» деп ойына алып жүр еді, Жиренше шешен өлгеннен кейін неше жылдардан соң әз Жәнібек хан қалмақтарға қарсы жұртқа аттанатын...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Әз Жәнібек хан бір күні Жиреншеге қарап: – Осы сенің балаң қалай жаман туды екен. Шешесі Қарашаш, әкесі, Жиренше, сенсің. Осындай екі сұңқардан ең бері болғанда тұрымтай тумай, әлжуаз жағалтай болып туғанына таңым бар. Өзі бір қой аузынан шөп алмайтын момын сорлы ғой, – деп кекете сөйлегенде Жиренше тұрып: – Хан ием, д...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Әз Жәнібек ханның жасы елуден асқанда, қасында бірнеше жолдастары бар, қаршыға салып жүріп өзен суды жағалап келе жатса, бір бойжеткен қыз бие сауып, бір келіншек оны сауғызып тұр екен. Ханның ойында: «тоқалдыққа бір қыз алсам» деген мақсаты болу керек, қасындағы уәзірлеріне: «Ана қызға барып, біреуің бір ауыз сөз сөйл...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жиренше мұнан соң бір нашардың қызын алған. Оны да сынап алыпты. Әкесі мен шешесі қайыр сұрайтын қара қасқа кедей екен. Соның он екі жасар жалғыз қызы. Қыз үйінде жалғыз отырғанда Жиренше үйіне барып қыздан: – Әке-шешең қайда кетті? – деп сұрағанда, қыздың берген жауабы: – Алақандай бетін жұдырықтай нанға сатқалы кетті...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1947
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ж.Жүсіпұлы
Жиренше бір күні бір жақтан даладан жалғыз келе жатса, бұрын көрмеген басқа порымды адам кез болып жолығады. Мұрны біздей, көзі тұздай, беті қырдай суық екен. Жиренше келемеждеп кету үшін: – Әй, – деді. – Сен қай жұрттың сұмырайы, сұмпайысың? Қайдан жүрсің? Мұрның біздей, көзің тұздай, бетің қырдай, – дегенде, ол айтты...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1947
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ж.Жүсіпұлы
Әз Жәнібектің қырық уәзірі бір күндерде күндеп: «Жиреншенің әйелі сізге лайық кісі екен» деп, «дүниеде көрмеген әйел» деп мақтап, ханға айтып өсіріп сөйлеп, Жиренше мен ханның арасына пәле салуға өздерін өлімнен алып қалғаны есте жоқ. Бұрынғылардың айтқаны бар емес пе, «жаманға жақсылық қылсаң, атыңды ерттеп қойып қыл!...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1947
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ж.Жүсіпұлы
Көз жетті дүние қайта келмесіне, Ешкімге артық дүние бермесіне. Сыйласып тең құрбыңмен көңіл көтер, Дүниенің баяны жоқ пендесіне.
Жанр: Қара өлең
Дүние өзі жақсы, баяны жоқ,
Жүйріктің шабысы бар, аяңы жоқ.
Мысалы әр нәрсенің бәрі сондай,
Өмірдің бас жағы бал, аяғы боқ.
Жанр: Қара өлең
Дүние көз жеткісіз мұнарланған,
Кімдер алдап, білмеймін, кім алданған.
Арбасынан бір күні лақтырар деп,
Пенде тыныш жатпайды күмәнданған.
Жанр: Қара өлең
Дүние баяны жоқ бұл бір жалған, Бұл дәурен бұрынғыдан бізге қалған. Барында оралыңның ойна да күл, Бүйтіп кез келе бермес көңілге алған.
Жанр: Қара өлең
Он бес жасында Жиренше нағашысын іздеп бара жатып, бір түйе баққан адамға жолығып, бұны сұрап тұрған жері жаңада ғана көшкен ауылдың жұрты болады. Жиренше жұртқа қарап тұрып: – Мынау үйде екі қатын бар екен. Екінші үйдің жұртына қарап: – Мынау үйде екі сұлу қыз бар екен. Үшінші жұртқа қарап тұрып: – Мынау үйдің иті көп...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жиренше келе жатып, тезек теріп жүрген үш қызды көреді. Әлден уақытта қатты жаңбыр жауады. Екі қыз тезегін тастап ауылға жүгіреді, ал біреуі екі қапты қатар қойып, үшіншісін үстіне қояды да, өзі астына тығылып жатады. Жаңбыр ашылғаннан кейін тезегін алып үйіне келеді. Жиренше бұл қыздың қай үйге баратынын қарайды. Қыз...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: М.Тілеужанов
Бір жылдары Жиреншенің әйелі өледі. «Ел құлағы елу» деген емес пе. Пәленшенің аулында бір шалдың қызы бар, өзі сұлу, өзі ақылды, шешен, тапқыр дегенге іздеп шығып, шалдың аулына жақындай бергенде табытқа салып апара жатқан адамды көреді. Жиренше де солардың соңынан ере береді. Бір ақсақалды шалдың қасына кеп: «Әке, мын...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Ертеде Жиренше деген шешен өткен екен. Ол үйленбей тұрғанда бір адаммен кездесіп, екеуі бірге жолға шығыпты. Жанындағы жолдасы қарт кісі екен. Біраз жол жүрген соң: – Ата, жол қысқартайық, – депті Жиренше. Шал мұны жақтырмай жауап қатпапты. Тағы біраз жүрген соң: – Ат ауыстырайық, – дейді. Бірақ шал жауап қатпайды. Түс...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қ.Саттаров
Жылқы мінез желігім ырықты алып, Қашағанға ұмтылдым құрықты алып. Асау кердей алшаңдап жүрген басым, Сабасынан барады асып-тасып.
Жанр: Қара өлең
Жыл: 2009
Өңір: Қытай (ҚХР)
Жылқы деген мал жақсы аман болса,
Халық неге бағады, жаман болса?!
Бозторғай қой үстіне жұмыртқалап,
Жылқы өсір дәл осындай заман болса.
Жанр: Қара өлең
Жыл: 2009
Өңір: Қытай (ҚХР)
Бір күн Жиренше шешен жолаушы келе жатып, бір ауылдың тұсына келсе, ауыл мен екі арада өзен су бар екен. Оның өткелі қай жерде екенін біле алмай сасып тұрғанда судың ар жағына су алғалы шелегімен бір қыз келеді. Жиренше дауыстап: – Бұл өзеннің өткелі қайда? – деп қыздан сұрайды. Қыз: – Анау жақта бір өткел бар – алыс т...
Жанр: Тарихи аңыз
Жыл: 1946
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Т.Исмаилов
Жиренше шешен әкесі ертерек өліп, жетім қалған бала екен. Әз Жәнібек хан бір жақтан келе жатса, бір жас бала жаяу, мал өрісі жерде жүр екен. Айнала қарап тұра қалып: – Шырағым, елсіз жерде не қылып жүрсің? – деп еді. – Бір жалғыз түйем бар еді, сонан айрылып қалып, соны қарап жүрмін, – дейді. – Түйеңді тұсап қойсаң бол...
Жанр: Тарихи аңыз
Өңір: Қазақстан