Бұрынғы заманда Әбдірахман деген патша болыпты, оның үш баласы болған екен. Үлкенінің аты Ахмет, ортаншысы—Сахмет, кенжесі—Жебірейіл екен. Әбдірахман балалары ержеткенше ешқайсысына қыз айттырмапты. Жиырма үшке толған үлкен баласы Ахмет әкесіне келіп: «Маған қыз айттыратын уақыт жетті емес пе, әке!»—депті. Әбдірахман п...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Б. Ысқақов
Баяғы бір өткен заманда елге қатал Шалқан деген хан болыпты. Ол бір күні ерігіп отырып, іші пысқаннан кейін, жанына тазысын ертіп, сауыт-сайманын киіп, боз жорға атқа мініп, серуен құрып, саяхатқа шықты. Жолда келе жатып, бір дөңнің астынан жұмыртқадай әппақ, әдемі бір жалғыз үйді көреді. Бұрын бұл жерде ешқандай қоныс...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: К. Шілдебаева
Баяғы заманда бір хан болыпты. Ханның жалғыз баласы болыпты, дәулеті сонша—бір өзеннен тоқсан мың жылқы суарады екен. Жылқыларын қайда суарса да су шақ келмепті. Күндердің күнінде хан бір жерден екінші жерге көшіп, басқа бір құдыққа қоныс аударыпты. Әлгі құдықтың қанша жыл суарса да суы таусылмапты, мөлдіреп шығады да...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: М. Мәметова
Ертеде бір ханның екі қызы, бір ұлы болыпты. Үлкен қызы жаннан асқан сұлу екен. Күндердің бір күнінде қыз қолындағы алтын жүзігін жоғалтып алыпты. Әкесі: «Кімде-кім қызымның алтын жүзігін тауып берсе, қызымды соған беремін»,—деп ел—елге жар салыпты. Қызды аламыз деп дәме қылған адамдардың ешқайсысы да жүзікті іздеп таб...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ж. Күлдібаева
Ерте заманда үш ағайынды жігіт болыпты: үлкенінің аты—Сарытай, ортаншысы—Торытай, ең кішісі—Қаратай. Жігіттер аң аулаумен кәсіп етіпті. Әр күнде кішісі аңға шығып аң аулады, үлкен Сарытай үйде қалып аңшыларға ас даярлаушы еді. Бір уақытта Сарытай үйде отырып ет пісіріп отырса, даладан бір зор дауыс естілді. Сарытай қор...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Жыл: 1896
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: А.Е. Алекторов
Бұрынғы заманда бір патша бар екен, ол патшаның бір жақсы уәзірі болыпты. Сол уәзір тағдыр жетіп өліпті. Өлген уәзірдің бір жақсы баласы калыпты. Баланы патша шақырып алып: —Сен маған әкеңнің орнына қызмет қылып, уәзір болуға жараймысың?—депті. Бала тұрып сонда: —Сіз уәзірлікке ұнатсаңыз, жарар едім,—деп жауап беріпті....
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Жыл: 1897
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: И. Жылқыайдаров
Бұрынғы заманда Қали мен Қази деген ағайынды екі жігіт болыпты. Бұл екеуі жер астының мүжім ғылымын оқуға кетіп, біреше жылдан соң Қали, Қази екеуі де жер астынан мүжім ғылымын бітіріп шығып, екеуі де еліне келеді. Келсе, ел-жұрты бұл екеуін де танымайды. Екеуінің де тырнақ-шаштары алынбапты. Денелерін түк қаптап кетке...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: М. Ескендірұлы
Ертеде бір кедей болыпты, оның төрт баласы болыпты. Кішісінің аты Бекболат екен. Бір күні ол кедей «тілімді алмайсың» деп Бекболатты үйден қуып жібереді. Бекболат қаңғырып келе жатып, көлдің жиегіндегі жалғыз үйге сәлем беріп, кіріп келсе, бір шал мен кемпір отыр екен. Олар жөн сұраса, Бекболат: —Әке-шешем жоқ, қаңғыры...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Қазақстан
Бір байдың сансыз көп малы болған екен. Малының көбі жылқы екен. Бір жылы қыста қар қалың түсіп жұт болып, бай жылқысын алыс отарға шығарады. Қыс өтіп, жаз жақындаса да, жылқысы келмейді, жылқышылардан хабар-ошар болмайды. Бай жалғыз баласын жолдас-жорасымен жылқысын іздетіп жолға аттандырады. Күндерден күн өтіп, арып-...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Б. Тұрсынбаев
Ертеде Қарынбай деген өте кедей адам болады. Оның дүние, мал дегенде жалғыз қаршығасы болыпты. Ол қаршығасы көзіне көрінген құсты құтқармайтын өте алғыр болыпты. Қарынбай осы қаршығасының ұстаған қаз, үйректерімен ғана қоректеніп күнелтеді екен. Бір күні қаршыға салып жүргенде алдынан бір хан кез болады. Хан қаршығасы...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Х. Құрманғалиев
Бұрынғы заманда араб жұртында керуен басы Байбатыр деген жаһан кезуші бір адам бар еді. Оның пайда үшін дүниеде бармаған жері жоқ еді. Бір күндері болғанда Байбатыр тағы керуен басы болып өз шаһарынан бөтен шаһарға бармақ үшін мың түйе, жүз жолдасымен аттанып кетті. Неше күндер бойы жол жүріп келе жатса, бұлар келіп бі...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Жыл: 1896
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә.А. Диваев
Ерте заманда Кішмүр шаһарында бір падиша болған. Аты белгісіз падиша халқына әділ, ғаріп-мүсәпірлергекөпқарасатын болған. Бірақ падиша өзі баласыз болған. Патша өзінің сарайында бірнеше уәзірлерімен мәжіліс құрып отырғанда борышы басынан асқан, сол борыштан қысылып жанталасқан, әртүрлі кемшіліктің бәрі де өз басында, ү...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә. Дабылов
Бұрынғы заманда бір адам бар еді. Мал дегенде жалғыз байталы бар еді. Күн көретін қорегі үшін күнде қақпан құрушы еді, бір суыр алушы еді, соны қорек қылып жатушы еді. Бір күні қақпанын қарайын деп келсе, бір түлкі түсіп қалыпты. Бұрын мұндай жақсы аңды көрмеген байғұс түлкіні көріп бассалады, сонда түлкі сөйлейді: «Ей...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Жыл: 1958
Өңір: Қазақстан
Ертеде бір бай болыпты. Байдың үйінде жүрген бір күң болыпты. Күң жатса, түс көріпті: басынан ай туыпты, аяғынан күн шығыпты, жүрегінің басынан жұлдыз туыпты. Ертең ерте тұрыпты. Бір байдың сиырын баққан тазша балаға келіпті. Бала айтыпты: —Е, жеңеше, қайда барасың? Күң айтыпты: —Сенің байыңа жалданғалы келдім. Сиыр ба...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: В.В. Радлов
Бұрынғы заманда Нұғыман деген бір хан болыпты. Ол хан бірнеше қатын алса да бала көрмей, жарым жастан өткенде бір әйелі екіқабат болып, бір ұл, бір қызды егіз тауыпты. Хан үлкен той жасап, ұлының атын Бәкір, қызының атын Зере қойыпты. Хан балаларын өте жақсы көріп, балаларының еркіне көшіп: «Неменен ойнаймын десе қолда...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Д. Мұсабеков
Ертеде бір хан болыпты, оның жалғыз баласы бар еді. Ол баласының туғанда маңдайына басқан қанатты қара бедеу түйесі большты. Ханның баласы ылғи тазысын ертіп, құсын қолына қондырып алып, жанына 40-50 адам нөкер ертіп, аңға шығып жүретін еді. Аңға шыққандағы кәсібі, жолдастарын бір жерге үйіп қойып, құсын ұшырып жіберед...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қ. Байтасұлы
Өткен заманда бір мерген болыпты. Ол мергенді «Қарамерген» деп атайды екен. Қарамерген аң аулап, көп жүріп, ақырында жайылып жүрген екі маралға кездесіпті. Қарамерген мылтығын алып маралдарды атқалы көздепті. Сол кезде маралдар: «Атпа бізді!»—депті. Қарамерген маралдың адамша сөйлеп, «атпа» дегеніне таңырқап тұрып: «Не...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: С. Тортаев
Бұрынғы өткен заманда бір молда болыпты. Дүниеде онан асқан молда жоқ екен. Бір күні қатынына айтыпты: «Мен өлемін. Мен өлгеннен кейін бір бала табасың. Әзір мен саған тұмар жазып беремін. Егер ол бала ұл болса, тұмарымды оң жағына тағасың, қыз болса, сол жағына. Ол бала менен асқан молда болады»,—дейді. Бір күні шал а...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә.А. Диваев
Бір ханның баласы бар екен. Ол өзі жалқау, түк жұмыс қылмайды. Үйінде жатып алады. Бір күні түнде ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде бір жағынан Ай туып, бір жағынан Шолпан жұлдыз туып тұр екен. Ертеңіне орнынан тұрады дағы сол түсті іздеп кетеді. Жүріп келеді, жүріп келеді. Бірнеше күн, бірнеше түн жүріп бір қаланың ше...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә.А. Диваев
Ертеде құла қасқа атты Құрмерген деген батыр болады. Әкесі өте жарлы болады. Жалғыз биесі болады. Тіптен елінің қарағаны осы биесі болады. Жылда туған құлынын бір дәу көтеріп әкетіпті де тұрыпты. Соны іздеуге Құрмергеннен басқа ешкім болмапты. Әкесінен бата алып іздеуге шығады. Іздеп күн жүреді, ай жүреді, бір жерге ке...
Жанр: Қиял-ғажайып ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: А. Шамшатова