Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

5063 Жалпы жазба
199,295 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4031 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 5063 жазба көрсетілуде

Қу Дүйсен

Қу Дүйсеннің әкесі кедей болған. Қу Дүйсеннің билік құрып, сөзге араласып жүрген кезінде осы кедейлігі бетіне көп басылатын болған. Елдің айтуына қарағанда, Дүйсен бұл кедейлігіне намыстанбақ түгіл, мақтаныш ететін болған. Қу Дүйсен бір жол жүріп бара жатқанда Етекбайдың Бекмағамбетінің үйіне түседі. Бекмағамбет мысқыл...

Жанр: Сатиралық ертегі Жыл: 1947 Өңір: Қазақстан Жинаушы: К. Қаңтарбаев, Ә. Әбдрахманов

Есмағамбет

Жағалбайлы елінің сұлтаны болған Дербісәлі Беркінбаев патшадан шен алып, сұлтандық (ХІХ ғасырдың аяғында) лауазым алып келген соң, қақпадан кісі кіргізбейтін әдет шығарып, күзетші солдат қойыпты. Қашан түс болып, Дербісәлінің ұйқысы қанып, кісі қабылдайтын кезін күтіп, жұрт сарылатын болыпты. Осыны есіткен Есмағамбет б...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан

Құлжатай сөзі

Бұл кәдімгі Тобықты деген рудың, оның ішінде Қарамырза деген топтан атақты Тәуке батырдың туысқаны Құлжатай Қорыға баласы деген азамат, осының әңгімесі шығыс әңгімесінен де қызығырақ. Осылар екі атаның баласы, бір жағы—Жақып баласы Байғали, Нұрғали, Қали, екінші жағы—Қорыға баласы Мұсатай, Жолдатай, Құлжатай болып, Ақш...

Жанр: Сатиралық ертегі Жыл: 1948 Өңір: Қазақстан Жинаушы: К. Байғұттыұлы

Қанапияның әзілі

Ертеде Қанапия Басығара баласы өзі бір кездерде Аманқарағай болысына ауылнай болған. Сонда бір орыс қазақтан ат сатып алады. Сонда Қанапия аттың түс-таңбасына мынадай деп жазған екен: —Ауылнайымыз—Лаңіскі, Болысымыз—Сергелдескі. Әкем аты—Шала, Өзім атым—Көмір,— деп, орысқа осы қағазды атпен бірге беріп жібереді. Бір кү...

Жанр: Сатиралық ертегі Жыл: 1947 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Н. Әминов

Иса қу

Бұрын Иса деген бір қу сарт ел аралап келе жатып, кешке жақын қонайын деп, қонақпын деп барса, ешбір адам қондырмапты. Біреулер «үйде кісі жоқ», біреулер «үйіміз тар», біреулер «үйімізде қонақ бар»,—деп, ешбір адам қондырмапты. Ылажы жоқ, күн батып кеткенде елден көңілі қалып, енді кімге қонамын деп, бір бел жотаға шығ...

Жанр: Сатиралық ертегі Жыл: 1940 Өңір: Қазақстан

Үсен қу

Үсен осы әңгімесін бастап айтқанда былай дейді екен. —Көктем уақ жұрт оразасын көкек айында ұстайтын болған. Сол жылда қыста Үсеннің жалғыз көк шолақ аты болады екен. Қыс қаталаң болып, Үсеннің көк аты қыршаңқыға ұрынып, көк шолақ ат болыпты. Бір ауылға мініп барса, қышынып, үйге сүйкеніп, маза бермейтін бопты. Елден қ...

Жанр: Сатиралық ертегі Жыл: 1940 Өңір: Қазақстан Жинаушы: С. Керімбекұлы

Құлақай

Құлақайдың әкесі елге беделді адам болса керек. Мекені— Тарбағатай тауының алқымы, «Саршоқы», «Аршалы» деген жерлер. Сол уақыттағы дәстүр бойынша Құлақайдың әкесі күз болып, мал семірген уақытта маңындағы елдерге жата-жастана қонақтайтын әдеті екен. Құлақайдың сегіз-тоғыз жастағы кезі. Әкесінің алты ұлының ең кішісі де...

Жанр: Сатиралық ертегі Жыл: 1948 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Оразалин, Н. Шәкеев

Айдарбек қу

Айдарбек қу ел аралап жүріп, Шаншардың бір ауылына келіпті. Әлгі ауылдың бір адамы өліп, соны қойып жатыр екен. Айдарбек жаназаға келген Шаншарларға «майлансын-ақ»,— депті. Елеңдеген бір жігіт: —Ой, мынау қалай, қалай сөйлейді? Кісіміз өліп жатқанда, көңіл айтудың орнына майлансын-ақ дегені несі? Өзіне дүре соғып, қып-...

Жанр: Сатиралық ертегі Жыл: 1941 Өңір: Қазақстан

Жазасын тартқан айлакер

Бір ханның бас уәзірі бар екен бек сенімді ханға. Не түрлі үлкен жұмыс болса да, бәрін сол уәзірі бітіреді екен. Хан өлімге бұйырған жазалыларды өлтіріп, ханның бұйрығын орнына келтіруін де ол тексеретін. Өзге уәзірлер оны көре алмай, әсіресе екінші уәзірі бас уәзір өзі болғысы келіп, бас уәзірді қайтсе де өлтірмек бол...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан ТМЖ 975

Амалшыл Бекжан

Бұрынғы уақытта бір хан болыпты. Ол ханның ақшасын Бекжан деген ұрлапты. Оны кім ұрлағанын ешкім біле алмайды. Кім ұрлағанын білуге хан үй тігіп, той қылып, барша халықтарын шақыртты. —Әр қонақтардың алдарына он тиын күмістен қой,—деді. Ханның бұйрығын орнына келтірді. —Кімде-кім ол он тиын күмісті алса, сол ханның ақш...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.Х. Марғұлан ТМЖ 975

Соқыр, таз және жалақ

Бір соқыр, бір таз және жалақ—үшеуі жолдас болыпты. Бұлар жолаушылап бір жат елге келе жатқанда үшеуі соқыр, таз, жалақ екенімізді білдірмей, жай отырысалық; соқыр көзін сүртпесін, таз басын қасымасын, жалақ ернін жаламасын деп, серт қылысыпты. Бір үйге қонып отырса, таздың басы қышып, жыбыршып, отыра алмапты. Сонда та...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: І. Жансүгіров

Таз, жалақ, сулы көз—үшеуі жолдас болады

«Қу да қу түстен кейін жолдас-ты» деген емес пе? Бір күні түс ауа берген мезгілде табиғаттың гүлденіп, нұр беріп тұрған шақта оңаша ат шаптырғандай ашық даласында таз, жалақ, сулы көз—үшеуі кездесіпті. Біраз отырып, басынан өткен қызықты әңгімелерін қыздыра отырып, таз жолдастарымен: «бір нәрсе ойлап отырмын»,—деді. —А...

Жанр: Сатиралық ертегі Жыл: 1927 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Әділұлы

Жантөлі

Жантөлі деген қыз болыпты. Бойына ешбір жанды теңгермепті. Бір күні жігіттер ақылдасып: —Осы қызды асқақтатып қоймай, біреуіміз алатын болайық. Елден кетірген ерге өлім емес пе, осыны елден кетірмейік,—десіпті. Сол ақылмен ішіндегі біреуі айтыпты: —Әуелі жеребе ұстайық, басқа шыққанымыз қызды алайық, өзгелеріміз оған к...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан

Құтайба өтірікші

Бұрынғы заманда Бағдад шаһарында Перімәлік деген бір үлкен бай болыпты. Өзі алтын, күміс, асыл тастарын сауда етеді екен. Әйелі перзент көрмегендіктен, ұлы да, қызы да болмапты. Соншалық сауда жұмыстарын басқарып, реттеп жүргізетін, барлық шаруашылығын билеп, құл-құтандарын жұмсайтын билеуші бір адамы бар екен. Бай әлг...

Жанр: Сатиралық ертегі Жыл: 1940 Өңір: Қазақстан Жинаушы: А. Малдыбаев

Көлдің күйгенін көрген адам

Бір күні бір жаққа барам деп, атқа мініп, ен далада жалғыз өзім келе жатыр едім, бір мезгілде бір нәрсе, «Бақ» еткендей дыбыс естілді. Жан-жағыма қарадым, еш нәрсе көрінбеді. Тағы жүріп келем, тағы «Бақ» етті. Қарадым, дәнеме жоқ. Және жүріп келем, тағы «Бақ» етті. Тоқтап тұрып, бұл немене, анықтап байқайын деп, жан-жа...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: М. Толыбайұлы ТМЖ 1930 ТМЖ 1931

Екі суайт

Баяғы заманда заманы бір замандас, қатары бір құрбылас үш адам болыпты. Бұлардың екеуі өтірікші болыпты да, біреуі оларға үнемі төреші болыпты. Төреші дегеніміз әділі мен расын, өнері мен өтірігін көзбе-көз, бетпе-бет айтып беретін адам екен. Сол екі өтірікші мен бір төреші қартайып, тұғырдан түсіп, тоқсанға келіп, тоқ...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Тұңғышбаев

Байсарының өтірігі

—Ақжал, Шабдар атым бар. Ақшамға азан айтып, алдау акбар дегенде Алматыдан шығып, Лайдолда дегенде Қарғалыны қақ жарып, Ұзынағашқа бардым. Сол жерден бір нан ауыз тиіп, аттанып, бұлаңқұйрықпен қазан қайнап жатқанда Қазан қаласына бардым. Қазан қаласында бір жомарт адам бар еді, баяғы қонақ тағы келді деп, атымды шаужай...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан

Желмаямен желгенде

Үйшіктен шығып, Қарақұмды басып, Түрікпен елін асып, Шевченко-Маңқыстақты аралап, Астраханға келіп, қонып жүрген күнде болып еді. Бір күні Қара бұғаздың сорына түсіп, бір бала жоғалып, елжұрт болып іздеп, таба алмай, сабылып жүр екен деп естідім. «Ағайынның жоғын жоқтас, табылса иесіне, табылмаса, көңіліне жақсы» деген...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан

Аңшының әңгімесі

Декабрь айының іші еді, аңшылықпен қона түнеп, бұйырған аңдарды атып алып, кешке таман шаршап, бір сайдың саласына келіп, ылдиға түстім. Маужырап ұйықтап қалармын деп, желдің өтіне түсіп, отымды жағып, киіктің қоң етінен ыстық істеп ішейін деп, мосыға бақырымды іліп қойдым. Қоржынымдағы піскен тамағымды жеп отырып, қал...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан

Өтірікті айтқан жақсы, қостаушысы табылса

Екі өтірікші бірі бастап, бірі қостап, ел аралап, өтірік айтпақшы болыпты. Біреуі бір күн ілгері жүріп, ел аралап, қонған, түстенген жеріне, жолыққан адамына өтірік айта бермекші болыпты. Екіншісі бір күн кейін жүріп, сол жөнмен алдыңғы өтірікшінің айтқанын қостап, растап отырмақшы болыпты. Өтірікті бастаушы бір ауылға...

Жанр: Сатиралық ертегі Өңір: Қазақстан ТМЖ 1527 ТМЖ 1527I
Алдыңғы 234 / 254 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды