Ертеде бір хан болған екен. Оның екі қатыны болыпты, олар бала таппапты. Сол уақытта бұл бай сапарға шығуға ойланып, қатындарына айтыпты: «Мен келгенше не істеп, не тауып қоясыңдар?»—депті. Сонда үлкен қатыны айтты: «Мен сен келгенше алтыннан әдемілеп үй салдырамын»,—депті. Кіші қатыны айтты: «Мен алтын айдарлы бір ұл,...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: А.В. Васильев
Ертеде бір бай болыпты, ұлы да жоқ, қызы да жоқ, жылқысы көп болыпты. Бай жылқысын бақпайды, жылқысын қасқыр жемейді, жылқысын ұры алмайды. Өңге жерде бір хан бар екен, хан айтады: «Оның жылқысын қасқыр неге жемейді, ұры неге алмайды, менің жылқымды қасқыр да жейді, ұры да алады». Кісілер ханға айтты: «Баласы жоқ байды...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: В.В. Радлов
Бұрынғы заманда Еркемайдар деген жас бала батыр болған. Ұзынсары деген алып болған. Еркемайдардың Наран деген сұлу қарындасы болған. Сол сұлу қарындасын аламын деп Ұзынсары алып қызыққан. Оның келе жатқанын естіп, қарындасын алып, бір құдыққа түсіп жасырынған. Ұзынсары алып келіп елді шапқан. Еркемайдарды қарындасымен...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: В.В. Радлов
Ерте-ерте заманда бір бай болған екен. Байдың жалғыз ұлы болыпты. Мал-мүлкі мол, шіріген бай болғанымен, өте сараң, қолынан ешкімге еш нәрсе бермей, ел-жұртпен араласпай жеке көшіп-қонып жүреді екен. Малын бағуға жалшы жалдап, ақы төлеуге шығынсынып, жалғыз ұлына мал бақтырып қояды. Ел ішіндегі той думанға, қыз-жігітте...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей болыпты. Қазанқап құс атып күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен, осылай өз күндерін өздері көріп, жүре беріпті. Күндерде бір күн Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, ай-күні жақындап, күн өткен сайын әйелдің...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Е.С. Ысмайылов
Сонау бір атам заманда, Тобықбай деген бір мерген болыпты. Тобықбайдың әйелі өмірі бала көтермепті. Өзі момын, адал адам екен. Мұның баласының жоқ болғанына барлық ел аяныш етеді екен де, өзін жақсы көреді екен. Баланың зары өткен Тобықбай күндердің бірінде әйеліне: —Мен үш айлық сапарға аңға шығам, қайтып келгенімше б...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қалпынұлы
Баяғыда бір Құламерген деген батыр, өзі аңшы жігіт болыпты. Ол батырлығы елге жайылған адам болады, оның өзіне лайықты сұлу әйелі болады. Сол елдегі хан әр жерден сұлу әйел іздеп сұрау салады екен. Бір күні ханға бір мыстан кемпір келеді. «Сізге мен лайықты адам табайын, менің үйімде тазша балам бар, соған қызыңды берс...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: К. Байғұтенов
Ертеде бір батыр болған екен. Оның байлығы тоғыз-тоғыздан, айналып жатқан құла шұбар жылқысы болса керек. Бұл байдың үш баласы болыпты. Екеуі—ер, біреуі—қыз. Ең үлкен баласының аты—Байғұлан өзі—ер, әрі сал болса керек. Мұның барлық істейтін кәсібі—ертеден кешке шейін аң аулау. Сөйтіп жүргенде әкесі қайтыс болып, қалған...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ж. Төлеев
Қожанасыр бала-шағаларын киіндірейін деп, базарға сатуға үйдегі жалғыз сиырын жетелеп, жолға шығыпты. Жолға бір қонып, Қожекең базарға да жетіпті. Базарда Қожекеңнің арық сиырын ешкім саудаламайды. Бір кезде базарда Қожанасырдың жанына бір шапан қолтықтаған адам келеді. Қожекең оған: —Мына шапаның не тұрады?—дейді. Шап...
Бір күні түнде Қожа шөлдейді. Құдықтан су алып, ішпек болады. Құдыққа қауға салады. Қауғасы құдықтың шегіне ілініп қалады. Әрі-бері тартып, шығара алмайды. Сонан кейін Қожа: —Бұған не болды екен?—деп, еңкейіп, құдықтың түбіне үңіледі. Онда айдың сәулесін көреді. Сонан соң: —Е, қауғам, Айға ілініп қалған екен ғой,—деп о...
Жанр: Сатиралық ертегі
Жыл: 1959
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Б. Уахатов
Қожанасыр өте қиял әпенді кісі болған екен. Қожанасыр бір күні үйде жатса, патша шақырыпты. —Менің тісім ауырып қалды, Қожанасыр келіп, тісіме ем қылсын,—депті. Жігіттер келіп: —Қожеке, жүр, сізді патша шақырады,—депті. Қожа айтыпты: —Бармаймын, патша өзі келсін және маған керосин май беріп жіберсін,—деп, жігіттерге ай...
Бір күні Қожа Насредден ас пісіруге көршісінен қазан сұрап алыпты да, ас пісіріп болған соң ішіне өзінің темір шөмішін салып, көршісіне апарып беріпті: —Қазаның аман-сау туды,—деп. Көршісі: —Бір темір шөміш пайда қылдым,—деп ішінен ойлап, қала беріпті. Екінші—Қожа Насредден тағы көршісінің қазанын сұрай барады. Көршісі...
Жанр: Сатиралық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: І. Жансүгіров
Қожанасыр бір ағаштың басына шығып, қолына балта алып, өзінің тұрған ағашының астынан қырқа беріпті. Жолдан бір жолаушы өтіп бара жатып: —Әй, Қожанасыр, жығыласың ғой,—деп айтып, кете беріпті. Оның сөзін тыңдамай, Қожанасыр қырқа беріпті. Біраз қырыққан соң ағашы сынып, Қожанасыр жығылыпты. Қожанасыр ойлапты: —Әлгі ада...
Тіпті, бұрынғы заманда бір дуана Қожанасыр деген болыпты. Әйтеуір, бір адам, не ақылды емес, не ақымақ емес, не тентек емес, не момын емес. Оған таныс болған емесдүр қайғы да, машақат та, өш алу да, һәм күншілдік те. Ол өзі Құдай деген кісі еді, һәм әрқашан өзінде не бар болса, соныменен қанағат қылар еді, ілгергі уақы...
Бұрынғы заманда бір адам жол үстіне егін салыпты. Сол егін піскен уақта бір адам көшіп келе жатып, жеп қойыпты. Егінші мен жеген адам ханға келіп, егінші: —Мынау егінімді жеп жеп қойды,—дейді. Анау: —Ырас, жолмен көшіп келе жатып, қараңғыда жолдан бұрылмай, жол үстіне қондым. Енді қайда қонам? Көргенім жоқ, малым жеп қ...
Жанр: Сатиралық ертегі
Жыл: 1941
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ф. Ғабитова
Сәмен мен Бақтияр дейтін замандасы кеңесіп отырып, әңгіменің арасында Бақтияр өзінің әйелін мақтайды. «Әйелім өзіме сенеді, мен арамдық істемейім, о да аман, кісі сөзіне ермейді»,—дейді. Сәмен: —Ол бекер, ол ашуланады да, сөзге де ерер,—дейді. Ақыры, екеуі сөз байласады. Сәмен азғырмақшы болады. Бір кезде Сәмен Бақтияр...
Жанр: Сатиралық ертегі
Өңір: Қазақстан
Алаша Шора қуақылығы күшті болса керек. Жаз күні екен, мал қарай шығып келе жатса, екі аттылы жас жігіттерге кездесіпті. Жігіттер Шораны танымайды, бірақ қарт кісі болған соң қазақ әдетінше сәлем береді. Шора сәлем алып, амандасып болған соң: —А, балалар, шырағым, келе жатқан жолыңызда бір үйір жылқы көзіңізге түспеді...
Жанр: Сатиралық ертегі
Жыл: 1947
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Т. Күнтуғанов
Бұрынғы уақытта Шаған елінің бір саудагері Киптанға келіп, сауда істеп жүреді екен, ақ қашқан жылы, қызылдың қолына түсіп, бар істеп жүрген күрегінен айырылып, кісі жатты. Ішінде бір Жүніс деген ақсақалы бар екен. Бір күні түнде отырып, саудагер Жүніске айтты: —Көңіліміз бір көтерілсін, күлдірші,—деді. Сонсоң Жүніс айт...
Жанр: Сатиралық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ж. Исмақұғлы
Тілеміс деген қу кісі екен, жолаушы келе жатып, қазақтың бір сасық байының үйіне қоныпты. Жаздың күні қой сауып, қатын, бала-шағасы қозы алып жүреді, бай малшыларына ұрсып, боқтап, малдың қасына келмеді. Тілеміс қасындағы жолдасымен үйде отыр, дәу тай қазанға сүтті құйып, қатындар келіп-кетіп жүр. Сонда Тілеміс жолдасы...
Жанр: Сатиралық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә.А. Диваев
Әбсәт (Алтай-Сайдәлі) деген қу жігіт болыпты. Әбсәт жүрген жер ойын күлкі, қызықтан босамайды екен. Жаз айының ішінде Әбсәт ел арасында келе жатса, екі жолаушы кездесіпті. Жөн сұрасса, Тамадағы ұзатылған қызына бара жатқан адам екен. Әбсәт те бірге жүріп, Тамаға кетіпті. Түні бойы түн қатып жүріп отырып, күн шыға бір б...
Жанр: Сатиралық ертегі
Өңір: Қазақстан