Көпке белгілі Құрманғазының «Ақсақ киік» күйі де осы сапарда шығыпты деген аңыз бар. Төремұрат, Нарынбай ауылында жүріп киік атуға шыққанда үшінші киікке оқталарда Құрманғазы: «Киіктің қай жерінен тигізейін?» – деп сұрапты дейді. Сонда батырдың жолдастарының біреуі осы тигізе қояр деймісің дегендей: «Аяғынан» дей салып...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Құрманғазы жолаушылап келе жатып бір Адайдың үйіне түседі. Үй ішінде шал мен кемпір болады. Қай жерден, қай елден келе жатқанын, толық аты-жөнін Құрманғазы ашық айтып бере қоймай, қазақ әдетіндегі «сүйрей салмамен» жүрген жерінің иттен, құстан амандығын, басқа «алды-салдының» естілмегенін, ат-көлігінің аман екендігін,...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Халық ауызында Құрманғазының «Қызыл қайың» күйінің шығуы да осы кезеңге жатқызылады. Аңыз бойынша, Құрманғазы осы қашып келе жатқан сапарында иен далада жалғыз өскен қызыл қайың бұтағын жамылып отырып, қуғыншылардан аман қалыпты дейді. Кейін: «Менің елім де, жерім де, ағашым да, бұтағым да пана екен, анадай қойнын ашып...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Осы кезде өздерінің жоғалған бір бөлек аттарының іздері Бөкейге қарай кеткені үшін, баяғы шыққан қызылқұрттың ұрылары алған болуы керек деп, елдің қазақ әскерлерінің жіберген қарулы отряды қызылқұрттың көп жылқысын қуып кетеді. Ондай бұзақылыққа шыдай алмаған Құрманғазы інісі Байғазы және басқа жеті-сегіз кісіні алып,...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Құрманғазы кенеттен кетіп қалғанымен жолшыбай батырларды сағынады. Олар жөнінде бала Ораз ақынның: «Төремұрат, Нарынбай, Өте дегдар ерлерім. Сол ерлерім барында Қолдан намыс бермедім, Құлшылыққа көнбедім...» – деген толғауын айтып, біраз уақыт жақсы өткен күндерін есіне түсірді. Бірақ баяғы Шөкеннің «боз қаңғыр» дегені...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Құрманғазының Төремұрат – Нарынбайға баруын біреулер басқаша айтады. Ел ауызындағы нұсқа бойынша, Құрманғазы жоғарыда айтылғандай басқа ауылдан батырлар тауып алып, сәлем беріп кіріп барғанда ешкім назар аудармаған соң, қолындағы домбырасын алып, тізерлеп отыра қалып, бір күй тартады. Домбыраның даусы шығып бастағанда-...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Төремұрат айналаға қарауыл қойып, көптеген мал сойдырып «Қызданайды екінші рет алғанымның тойы» деп, үлкен той жасайды. Тойдың көптеген бәйгелерін тағы Құрманғазы алады. Кешке ойын басталғанда баяғы киік атыста, алтынқабақта жеңіліп жүрген батырлардың жігіттері қорлығы өткен Құрманғазыдан өш алмақ болып, Шөкен деген қы...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Халық арасында әңгімелер бойынша, Құрманғазыны генерал-губернатор түрмеге жауып тастайды. Түрмеде күйші қалмақтың батыры Саранжаппен танысады. Саранжап өзінің ру басыларына бір нәрседен жазып қалып, оны осы араға алып келген екен. Екеуі ақылдасып көп ұзамай есебін тауып, Астрахан түрмесінен қашып кетеді. Олар Астраханн...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Жетпісінші жылдардың аяғы жақындайды. Бұл кезде бұрынғы Құрманғазының соңына түсіп жүргендердің бірқатары өледі. «Біреулері Құрманғазы енді осы жолдан келер деймісің», – деп күдерлерін үзіп, жәйбарақаттанып қалады. Осындай жайлардың нәтижесінде Құрманғазы кәдімгідей тыныштық дәрежеге енді шындап енгендей болады. Үй іші...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Құрманғазыны тағы бір ауыр оқиға күтіп алады. Жалғыз баласы Қази қатты ауырып жатыр екен. Бұл жағдай күйшінің жанын қозғайды. Баланың уайымымен үйінде астың жоғын, тұрмысының қиындығын да елемейді. Бірақ Құрманғазының тілегі болып, Қази көп уақыт төсек тартып жатып, әйтеуір беті бері қарайды. Әбден арықтаған бала енді...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Құрманғазы Үркіт түрмесінде біраз жатып қалады. Бұрын әлденеше рет қашып кеткені жазулы болғаннан ба, күйшіні мұнда тіпті қатты ұстайды. Басқасын былай қойғанда оның не істеп отырғаны үнемі аңдулы болады. Терезеден де, есіктен де сығалап қарап, мінез-құлқының бәрі қарауылшылардың алақанында болады. Құрманғазы күзетшіні...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Құрманғазы алпысыншы жылдардың ортасы ауғанша Жиделіде жүріп қалады. Оған себеп болған күйшінің Папаспен достасуы болады. Уақытша советке қадірлі Папас үндемесе де оның төреден шыққан туысы, ақсүйектігі Әубәкір сияқтылар бата алмайтын қорған болады. Бірақ Құрманғазының соңынан қалмайтын Әубәкір күйшінің тағы бір жақсы...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Құрманғазының соңғы жылдары табылған «Назым» атты бір күйі бар. Күйді бізге берген адам оның шығу тарихы жөнінде ештеме айтпады. Дина бір әңгімесінде былай баяндаған: «Құрекең Көкбаламен екеуі бір жақтан келе жатқанда бір моланың басына жиналған көп қараны көреді. Келсе, ол адам тобы екен. Ол адамдар осыдан бірнеше сағ...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Дәулеткерей өзінің әкімшілік жұмысын жиып қойып, енді біраз уақыт Құрманғазымен бірге ел аралап, күй тартып жүреді. Бір осындай сапарда екі алып сол өңірге атағы шыққан Айжан қыздың үйіне барады. Ол өзінің көпке жайылған «Айжан қыз» атанып кеткен күйін тартады. Құрманғазы Айжанның тартысына риза болып кетіп, қолына дом...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
1860 жылдардың басында қызылқұрт, ноғай руларын Дәулеткерей билейді. Әкесі Шығай болғанымен, Дәулеткерей ел билеу жұмысын жақсы көрмейді. Тек «ата заңы» бойынша аз уақыт бұл дәрежеге ие болады. Бірақ Дәулеткерейдің бұл руларды билеуі Құрманғазыға жаман тимейді, өйткені осы жылдарда екі күйші танысады. Бірі – Исатайға б...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Жәлел ауылына жалғас отыратын бір байдың жылқысынан екі атты ұстап алып, бірін мініп, бірін жетелеп, Құрманғазы Әуесті алып кеткен солдаттарды қуады. Көрген кісілердің айтуынша Құрманғазы төтелейді. Ал солдаттар болса жолдан шықпай, бұраңдап жерден ұтылады. Үш күн өткеннен кейін Құрманғазы бір малшылардың айтуы бойынша...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Құрманғазы жаяулап ел шетіне келіп, бірақ ауылына баруға бата алмай, Жәлел деген досының үйіне келеді. Жәлел Құрманғазыны қойнын ашып қарсы алады. Бірақ күйшінің үй ішінің аман-саулығын айтқанда аздаған әңгімесінің кірбіңін Құрманғазы сезіп қалады. «Ел аралаған сыншы болады» дегендей, Құрманғазының қырағы көзіне ол кір...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
1850 жылдардың басында Құрманғазы жоғарыда айтылғандай күй арқылы қоштасып, тағы да Жайық өзенінің сол жақ бетіне қарай кетеді. (біреулердің айтуынша, Құрманғазы Игіліктің қызы Әуесті алып келіп, ауылда аз болып, үй ішін Жәлел дейтін жамағайынға тапсырып кетеді). Ол Жем өзенінің бойындағы Төремұрат, Нарынбай, Өтен деге...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Көпшілік тараған соң, Алқа баласына өзінің көптен ойлап жүрген бір ойын оңашалап айтады. Ол Құрманғазының жасы болса келе жатқанын, енді Әубәкірдің әбден жауласып алғанын, күйшінің бұл арадан тағы біраз уақыт тасалана тұрмаса болмайтынын айта келіп, өткен жазда төркініне бара жатқанда Есенқұл беріш Игіліктің үйіне түсі...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ақбайдың Әубәкірі Құрманғазының торы аты жөнінде хабар естиді. Торының құнан күнінде-ақ бәйге бермегенін жеткізушілер үлкейтіңкіреп аңызға айналдырады. Өзімшіл Әубәкір: «жалаң аяқ Құрманғазыға ондай ат қайдан бітті дейсің, біреуден ұрлап алған шығар, барып тартып алып келіңдер, іздеп келсе, көресіні көрсетерміз ол қара...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан