Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4282 Жалпы жазба
174,823 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4003 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4282 жазба көрсетілуде

Молқоңыр және Майдақоңыр

Бұл екі күй ежелден елге таныс, Қайрақбайдың күйі. Дене салмағына байланысты Қайрақбайды төрт-бес ат ғана көтере алады екен. Соның бірі – жал-құйрығы мол, денесі соған лайық қоңыр аты болған екен. Бұл қоңыр ат өрге келсе, қайыспайтын, еңіске келсе, қолтауламайтын ат екен. Тағы бірі – Майдақоңыр деген аты болыпты. Ол жү...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қоңыр жел

Қайрақбай Тарбағатай жайлауынан ойға түсіп, бір мезгіл тұрып жайлауға қайтып бара жатқанында, қоңыр жел соғып рахаттандырған сықылды. Сонда Қайрақбай омырауын ашып қоңыр желге төсеп: «Оһ, шіркін, қоңыр жел-ай!» деп, жасыл жайлауды желпіген қоңыр желді сыбызғыға түсіріп бір күй тартып, атын «Қоңыр жел» қойған екен.

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Еміл толқыны

Ертеректе Қара Ертісте мұз қатысымен, ел өтіп аржағына қыстайды екен. Бабақан би бастаған бір зәңгі ел, ежелгі әдеті бойынша көшіп, мұздан өтпек болады. Бабақан бірнеше адаммен мұздың аржағына өтіп, аттарынан түсіп, мұзға таңырқай қарап тұрады. Көшкен ел мұз ортасына келе бергенде, мұз ойылып, бір зәңгі ел мұз астына к...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Кертолғау

Өткен ғасырдың соңына қарай Шыңжаңдағы ұйғыр, дүңген, қырғыз халықтары сияқты қазақтар да жергілікті үкімет билеушілерінің езгісіне ұшырайды. Қашанда ел басындағы ауырлық тауқыметтің ел еңсесін көтерер азаматтардың иығына түсетін әдеті. Іле бойындағы Садыр палуан бастаған көтерілістен кейін, ел ішінде тыңшы молайып, бі...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Шалқайма

Ресей отарлаушыларының қысымына шыдамаған Қожеке қоныс аударуға мәжбүр болады. Қарқарада отырғанда ауылдастарын шақырып алып: – Қотаныңнан шыққаның – Отаныңнан шыққаның емес. Іленің арғы жағы да біздің бабаларымыздың ата қонысы. Соған көшелік. Қытайдың көзі қысық болғанымен, өзі пысық, сөзге түсінеді, – дегенде, бірсып...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қамбархан

Баяғыда елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған Қамбархан деген бір аңшы жігіт болыпты. Қамбархан бір күні атып алған аңын сойып болып, ішегін ағаш басына қарай лақтырып жіберсе, шұбатылған күйі бір бұтақтан бір бұтаққа ілініп қалыпты. Күндердің күнінде Қамбархан әлгі жерден өтіп бара жатса, құлағына ерекше бір жағымды әуен...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Бұлбұл торғай (I нұсқа)

Қожеке Мұқыр, Жырғалаң деген жерлерді мекендеп жүрген екен. Бір күні Қасымбай деген ұстамен бірге Мұқырдың қалың орманынан отын алуға барады. Таңертеңгілік мезгіл болса керек. Ағаш бұтағына қонып отырған бұлбұл торғай құйқылжытып сайрай жөнеледі. Бұлбұлдың сан құбылтып сайраған әсем үніне еліткен бұлар алатын отындарын...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Көрұғлы (IІ нұсқа)

Қазақта «Ақыл-ауыс, ырыс-жұғыс» деген әдемі сөз бар. Бұл көрші жатқан елдердің бір-біріне рухани ықпалының болып отыратынын, қоңсылық қайырымды меңзеген сөз. Қазақ пен түркімен жапсар жатқан елдер. Сондықтан да, рухани орталық, өнер жолындағы өзара ықпал етушілік қашаннан орныққан дәстүр. Бұл дәстүрден Дәулеткерей де ш...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Көрұғлы (I нұсқа)

Дәулеткерейдің Көрұғлы күйінің аңыз-әңгімесі Орта Азия халықтарының арасында кеңінен таралған әйгілі «Көрұғлы» дастанының оқиғасымен тамырлас болғанымен, күйдің шығу себебі күйші өмірінің бір сатысымен байланыстыра айтады. ... Бірде ауыл аралас, қой қоралас жатқан, төсекте малы, төскейде малы қосылған түркімен ағайынға...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Топан

Дәулеткерейдің Топан атты аңға салатын қыран бүркіті болыпты деседі. Бір күні сол құс ұшты-күйлі жоғалып кетіпті. Дәулеткерей келеді деп, екі көзі төрт болып, күте-күте, келмеген соң, аяғы жеткен жердің бәріне де сұрау салады. Ешқайдан сыбысы шықпайды. Күндердің күнінде үйінде шалқалап жатқан күйі қолындағы домбырасына...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Жұмабике

Масқар руынан шыққан Жұмабике деген қыз әсем дауысы сол атырапқа әйгілі, асқан әнші, ақындық өнері де бар адам екен. Малға сатылып, сүймеген адамына кетіп бара жатқанын Уақытша совет председателінің алдына кіріп өлеңге қосып, мұңын шаққан еді деседі. Сонда қыздың даусының да, әні мен сөзінің де кереметтігі сонша – отыр...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Ысқырма

«Ысқырманың» шығу тарихы да айта қалғандай. Дәулеткерей төре тұқымына лайықсыз болса да, атын мінбей, ауыл сыртында жаяу серуендегенді тәуір көреді екен, сондай серуенге шыққан бір күні келе жатып бірдеңе деп күбірлегендей болады. Қасындағы серігі «о не?» деп елең ете қалып еді, күйші басын шайқай, «үндеме» дегендей иш...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Ақжелең

Дәулеткерейдің аулына жақын жерде домбыра тарту шеберлігімен де, көріктілігімен де көзге түсіп, жақсы атағымен ел аузына ілінген Ақбала атты қыз бар екен. Аң аулап жүріп, сусындауға түскенде сұлу қыздың өнеріне таң қалады. Ақбала бір Ноғайлының (Байұлы руының бір атасы) бұла өскен жалғыз қызы болса да, ата-баба жолынан...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Бұлбұл (I нұсқа)

Әйгілі күйші Сағырбайұлы Құрманғазы бір даудың салдарынан істі болып, сол кездегі Бөкей Ордасының әкім сұлтаны Шығайұлы Дәулеткерейдің алдына келіпті дейді. Құрманғазының күйшілік даңқына Дәулеткерей сыртынан қанық екен, ықыласпен қарсы алады. Ауыл-елдің амандығы сұралып, сый- құрмет көрсетілген соң, Құрманғазы келген...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Абыл

XVIII ғасырдың соңын ала Кіші жүздің көптеген рулары Жайықтан арғы алап пен Еділ бойы сияқты атақонысына тұяқ тигізуге зар болады. Табын, тама, жағалбайлы сияқты рулардың біраз бөлігі орта жүздің ханы Абылайға салмақ салып, Сары Арқаға көшіп кетеді. Осы кезде үстірт үстіне қарай ығысқан қалың адай тайпасы ХІХ ғасырдың...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қашқындық жолы

Құрманғазы отыз орыс өлтіріп, хан оны «Құрманғазы жүрген жерінде ұсталсын» деп бұйрық берген екен. Құрманғазының руы қызылқұрт екен. Содан Құрманғазы қашып жүріп бір күні Төремұрат батырдың үйіне келіп, оған қызметке жүргісі келетінін айтқан. Төремұрат жүруге ұлықсат еткен. Сонда қызмет істеп жүре береді. Оның кім екен...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Құрманғазы

Құрманғазы бір байдың аулына қыдырып келіп, оның үйіне түспек екен. Байдың қызы Құрманғазы келгенде бие саууға шығып кетіп, келгенсін, Құрманғазы қолына домбырасын алып, «Бие сауған» деген күй тартқан екен. Қыз да домбырашы екен, түсініп қалады да, ол да домбырамен күй тартады. Екеуі де бірнеше рет күй тартып жеңісе ал...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Көбік шашқан

Жаздың тамылжыған ыстық күндерінің бірі. Аңызақтан шөліркеген Құрманғазы бір ауылға кездесіп, ауыл ортасынан шеткері, көгалға тігілген ақбоз үйге қарай атының тізгінін бұрады. Үй сыртына жақын келіп, ішке дыбыс береді. Үйден осы ауылдың түйешісі Жиенәлі шығып, Құрманғазыға амандасады. Құрманғазы оның сөзінен бұл Әділек...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Кедей зары

Арқадан Жем-Сағыз арқылы еліне қайтқан Құрманғазы жолшыбай бір ауылға соғады. Ауыл шетіндегі қараша үйдің жанына келіп, сырттан дыбыс береді, бірақ іштен ешқандай жауап болмайды. Қайта қамығып, зарлап жылаған қайғылы үн естіледі. Бұл не жағдай екенін білмекші болған Құрманғазы үйге кірсе, егіліп жылап отырған кемпірді...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Балқаймақ

Құрманғазы Жем бойынан қайтып келе жатып бір қараша үйге түседі. Үй жапан далада жалғыз болады. Үйдің қасында бір саулы інген боздап жүреді. Құрманғазы үйге кіргенде, бір бойжеткен қыз ибамен сәлемдеседі. Күйші алыстан келе жатқан жолаушы екенін, қатты шөлдегенін айтады. Қыз жалма-жан мосы ағашын көтеріп, күйе басқан қ...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан
Алдыңғы 35 / 215 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды