Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4284 Жалпы жазба
174,826 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4002 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4284 жазба көрсетілуде

Ой, дүние-ай! (I нұсқа)

Бежеңнің Алтай тауындай абыройын көре алмаған күндес жаулары, керей ішінен Бежеңді жоғалтып, елін бодан етуді ерте ойластырған. Сонымен бір съезде Бейсенбіге жасырын қастық жасалып, мекені Буыршынға әрең жетіпті дейтін аңыз бар. Хал үстінде жатқан күйші арғы-бергі жағдайды ойлап, сүйегін иенге, ешкім білмес жерге жасыр...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Танысаңшы

Бейсенбіге бұрыннан таныс бір домбырашы, нағашысының ауылына жолаушылай бара жатып, жол-жөнекей өрісте жатқан жылқыларды тамашалап, аралап жүрсе, сырттай күзетіп отырған ауыл адамдары одан сезіктеніп ұстап алады да, билердің алдына сұраққа апарады. Әсілі, жылқылы ауыл оның нағашыларының жамағайындары болса керек. бұл к...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Көк иірім кеңес

Айтушылардың аңызына қарағанда, Бейсенбі Көк иірім кеңесіне екі рет барған. Бірінші рет барғанда найман-керей ортасындағы жер талас бітімін найман билерімен келісіп, бітіріп қайтқан екен. Келесі жылы жер талас қайта өршіп, үлкен төбелес шығып, екі жақтан адамдар сойылға жығылып, бас жарылып, көз шығып, қол-аяқ мертігіп...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Телқоңыр (ІІІ нұсқа)

Бежең төменгі Алтайдың «Кешім қызыл үйеңкі» деген жерінде найман-керейдің бітім дауына қатысады. Жиын топ тарқамастан бұрын «бәйбішеңіз ауыр науқастанып қалды» деген хабар жетеді. Күн кешкірген шақ болса керек. Бір бардам адамның телқоңыр деген атын мініп қатты жүріп, Буыршын өзенінің жағасындағы Шыбар тал деген жердег...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Майдақоңыр

Бейсенбінің әлеуметтік істерге араласып, өсіп-жетілуіне Маман би үлкен жебеуші болды. Сол дәуірде Маман би әділ, турашылығымен ел көзіне түскен. Айтса сөзі, қолқаласа бет-беделі өтетін үлкен билердің бірі еді. Жас болғанымен Бейсенбінің әділқазылығы мен ақылдылығына қызыққан көзі қарақты қарт би Бейсенбіні өз жанына ер...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Көк шыбар ат

Бейсенбі билік басында болған жылдардың бірінде қазақ ортасында болған съезге өзінің тума жылқысы ішінен шыққан таңдаулы көк шыбар атын мініп барады. Бежеңе есесі кеткен бір адамдардың айдап салуында, аттың сыртқы тұлғасына қызыққан екі жортуылшы ұры, көк шыбар атты оңашада бөгенайлап көреді. Сонда көк шыбар аттың тілі...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қара құлақ ат

Бейсенбінің ұлы Оспан (Алтайда Қара Оспан аталады) атастырған қалыңдығы Рәбиғаны алар жолында өзінің тума аты қара құлақ атты мініп, күйеу жолдастыққа Байтарақ, Жақсыбай деген адамдарды ерте барған. Осы тойда ат бәйгесі болып, құдалардың арнаулы баптап әкелген жүйрігі болмағандықтан, күйеу жігіт Оспан қара құлақ атты б...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Арман (ІІ нұсқа)

Керей атаның келіні Әйми, күйеуі өліп, жесір қалған соң, төркініне отауымен көшіп барып қоныстасып қалады. Жесірді ерден кетсе де, елден кетірмеуді қарастырған жесір иелері бұл жұмысты Бейсенбіге тапсырады. Сол заманда «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» жолы бойынша тұл әйелдің ер таңдау құқығы болады е...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Кербез сылқым

Әйми сұлу басы Таласта тұрғанда, менің бұрынғы күйеуімнің руында мені әменгерлікке аларлықтай жігіт туған жоқ деп қарысады. Ал Бейсенбі ел намысын өз намысым деп біледі. Ол кезде жесір кету ел-жұрт үшін үлкен қорлық саналады. «Осы ғұрлы өңмеңдейтін, жесірің кетті ме» дейтін сөздер де бар. Әймидің керейде мені алатын жі...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Жеке батыр

1817 жылы көктем, Бейсенбі ауылы қазіргі Қаба ауданына қарасты Қостай талдысы деп аталатын қоныста отырған еді. Рулық қақтығыстың жолын қуып жүздерін суыққа бұрған бөгде рудың бұлаңшы тобы талтүс кезінде қанаттас отырған дәрігер (байкісі) ауылының бір топ түйесін, ауыл адамдарының қарсылығына қарамай, алдына сап айдап...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Бозінген (ІV нұсқа)

Бір кедейдің маңдайына бітіп, таңдайына талшық етіп отырған мал дегенде жалғыз «Бозінгені» бар екен. Жазғытұрым сол Бозінген боталайды. Бір айдан кейін Шу өзені тасыған кезде бота жардан құлап мерт болады. Ботасын іздеген Бозінген күндіз-түні боздап күңіренгенде, зарлы даусы бүкіл ауылды басына көтереді. Жануардың бозд...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Шалқыма

Ертеде, ел Жайық өзенінің күншығыс бетін қыста қоныс етсе, күн батыс бетін жаз жайлауы етіп пайдаланған кездері де болған. Осындай бір жылдары көктем ерте шығып, мыңғыраған төрт түлік малмен, қаптаған қалың ел жылдағы әдетінше Жайықтан өтіп жатады. Жылдың төрт мезгілі: қыстың аты – қыс, жаздың аты – жаз, күздің аты – к...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Бозтөбе

Өткен ғасырда Қазақстанның батысында бір жылы ашаршылық болып, мал көп қырылыпты. Ашыққан халық күнелтіс іздеп, жан-жаққа кете барады. Сол жылы Нарынның батыс жағындағы Боғда тауының етегіне қоныстанған ел де аралап жүрген домбырашы Боғда, осы бір уақиғаның куәсі болып, сол төбенің басында отырып, «Әдірә қалған Бозтөбе...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Жем суының тасқыны

Арқасында домбырасы бар Боғда Жем өзені тасып жатқан кезде, бергі беттегі ауылға өтейін деп, өткелге атын салады. Өзеннің ортасына жеткенде дарияның асау ағысы Боғданы атымен бірге ағызып әкетеді. Бір жарға соғылған аты суға кетеді де, өзі өлдім-талдым дегенде домбырасын арқалап, жиекке шығады. Боғда демін алып, киімін...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Сары бура

Қазақтың дәстүрлі наным-сенімінде, алапаты артық туған адамның желеп-жебеп жүретін киесі көмекке келіп, дұшпанның десін басып, көзге көрінеді екен дейді. Мәселен, қиын-қыстау сәттерде Қаз дауысты Қазыбек биді аузынан от шашқан аю жебеп жүреді екен. Тарақты Байғозы батырдың киесі ақиық бүркіт болса керек. Жарылқап батыр...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Абылай ханның Майдақоңыры

Абылай ханның жорғасы болыпты. Әлгі бір жорғалағанда үш алуан – кейде арындап, кейде ақырындап, кейде аяңдап жорғалайды екен. Содан оның жорғасын «майдақоңыр» атап кетеді. Осы жүрісін домбыраға салады. Бірақ «тіл болады» деп ешкімге көрсетпей айдалаға барып тартады. Сонда қой жайып жүрген қойшы ғана көріп, күйді қолынд...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Дүние қалды

Абылай хан осынау фәни жалғаннан өзінің көшетінін білгендей, дүние салатын жылы қазақ даласының оңтүстігін аралап қайтуға шығады. Жалаң сейіл, жай серуен Абылай болмысына жат, жолға шығар алдында үш жүздің батырларына хабар беріп, Түркістанда тоқайласуға пәтуаласады. Ондағы ойы, орыс пен қалмақтың бір жайлы болған тола...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Жетім торы

«Жауға барсаң, бәрің бар, дауға барсаң, бірің бар» дегендей, рулы елден шығатын батыр әдетте жалғыз-жарым болмаған. Алдағыға еліктеп, арттағыға үлгі-өнеге болатын үрдіс, әсіресе жоңғар шапқыншылығы кезінде игі дәстүрге айналған. Сол дәстүрдің бір айғағындай болып, Қанжығалыдан қарт Бөгембай шыққанда, оның өкшесін басқа...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қосбасқан

Халқымыздың салты бойынша, ең ауыр қылмыс, кешірімсіз күнә – қос басу. Салт бұзу жаман ырымға саналса да, қос басып, жылқы барымталау кездесіп тұрған. Бірде көршілес халықтың бір топ суық қол сұғанақтары ел тонап, қос басу емес, қыз басу, олжа салуға дейін барып, екі елдің арасын шиеленістірген қырғын болыпты. Шырық бұ...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қоңыр қаз

Байжігіт күйші ер жетіп, бұғана бекітіп, оң-солын таныған кезде Ақсұңқар деген ақылына көркі сай қызға ғашық болады. Ақсұңқардың әкесі Ағиық ақсақал көпті көрген, өмірдің парқы мен нарқын бажайлаған, төңірегіне сыйлы, өзіндік дәулет иесі болса керек. Ел-жұртқа күйшілігімен даңқы жайылып кеткен Байжігіттің Ақсұңқарда кө...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан
Алдыңғы 38 / 215 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды