Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

2898 Жалпы жазба
122,107 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4233 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 2898 жазба көрсетілуде

Қара өлең үлгілері

Жеткенде жылқым жүзге жақсы болар, Қағаз шай қантпен ішкен тәтті болар. Түскенде сен есіме, беу, қарағым, Күйігің күйдіргеннен қатты болар.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жеткенде жылқым жүзге қуанамын, Еңкейіп сырлы аяқпен су аламын. Түскенде сен есіме, беу, қарағым, Қолында асасы жоқ дуанамын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сен де тату болғанда, мен де тату, Татулықтың белгісі бірге жату. Екі тату қосылып бір жатқанда, Он екі айда болсайшы бір таң ату.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дегенде ақ кебісті, көк кебіс-ті, Қазанда қалғып жүрген өкпе пісті. Қылығы қалқатайдың еске түссе, Құлаймын қарап жүріп теп-тегісте.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ендеше, қызыл асық, қызыл асық, Барады қыздар тойға бір-бір басып. Өзіңді көрдім дағы тұра қалдым, Тісіңе ақ меруерттей болдым ғашық.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ей, қалқа, дәнекерсің айнадағы, Жақындық әр адамға пайда-дағы. Өксітпей жауабыңды қайтар сәулем, Ақ шайы орамалға байла-дағы.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ей, қалқа, ғашық болдым жамалыңа, Қызықпас кімдер көрсе ажарыңа. Құрбым деп өзің теңдес сөз айтқанда, Тигізбе қатты жауап назарыма.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сүйген жардың алдында жарқылдайын, Өле-өлгенше көңіліңді қалдырмайын. Өзің көңіл бергенде қалқатайым, Бір өзіңе ерттеулі атым дайын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тіл—бұлбұл, көңіл—бақша, ой—тас қорған, Жігітке қиын екен ғашық болған. Ақ деген арманыңа жетпей қалсаң, Тіл тұтқыр, көңілің пәс, ойың солған.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тіл—бұлбұл, көңіл—бақша, ой—тас қорған, Жігітке қиын екен ғашық болған. Сыртыңнан дидарыңа болдым ғашық, Мен емес қолдан тартып, тілің сорған.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ойнап-күлген жерінде қамыс қалды, Қалқатайдың ауылы алыс қалды. Алыс қалған ауылыңа қараймын деп, Қаршығадай қайырылып мойным талды.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айтайын жұмбақтамай сөзді ашық, Өзіңді бір көргенде болдым ғашық. Көрмеймін күндіз күлкі, түнде ұйқы, Барады күннен-күнге қайғым асып.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қайғысыз ғазиз жүрек зарламайды, Шын ғашық бірін-бірі алдамайды. Қара тас, ұйқың келсе, болар мамық, Ғашықтық сұлулықты талғамайды.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жалғыз ағаш жапанда егіледі, Жапырағы, жел соқса, төгіледі. Сен түскенде есіме сүйген сәулем, Сынбаса да, қабырғам сөгіледі.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қараймын қарайғанға қабан ба деп, Атымды қамшылаймын шабан ба деп. Сұраймын өткеннен де, кеткеннен де, Ауылы қалқатайдың аман ба деп.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мен едім ерте тұрып қозы ағытқан, Сен едің ақ боз атпен орағытқан. Түскенде сен есіме, ерке сәулем, Көл болып көздің жасы сорағытқан.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ақ қандай, қызыл қандай, жасыл қандай, Сөз сөйле көңіл кірі ашылғандай. Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің, Көңілім сені көрсем басылғандай.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Кигенім аяғыма кебіс-мәсі, Күлмеген, ойнамаған көңіл қасы. Кеткенде ауылың алыс, беу, қарағым, Көл болды омырауға көздің жасы.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ақ тісім аузымдағы маржан тісім, Өзіңсің душар болып сүйген кісім. Сүйген кісім сүйкеніп өте шықса, Қатты от жаққан қазандай қайнайды ішім.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ары өтейін аулыңнан, бері өтейін, Ақ алмасын арудың тере өтейін. Шын пейілің, шын көңілің менде болса, Алтын қобыз қолға алып әндетейін.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 39 / 145 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды