Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4303 Жалпы жазба
174,901 Бірегей сөзформа (толық индекс)
3974 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4303 жазба көрсетілуде

Ақсақ құлан (І нұсқа)

«Саруалының арығы деген жерде үйір-үйір құлан жатыр» деген хабарды естіп Жошы ханның жалғыз ұлы өзінің құралайды көзге атқан мергендерімен жолға шығыпты. Ханның ұлы құланды көргеннен кейін, үстіне қызыл шекпен киіп, қолына қаруын алып, ордалы құланмен жалғыз айқаспақшы болып, басқаларға тоқтау салады. Басқа қу шоқайлы...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Бел асар

Бұл күйді бір ұры шерткен екен. Нөкерлеріне жылқыны айдатып жіберіп, жол-жөнекей бір үйге кіріп, сусындап отырып, ілулі тұрған үкілі домбыраны алып бір күй шертеді де, аттанып кетеді. Домбыраның иесі қыз, қонақ аттанысымен: «Мына күйшінің тартқан күйі «Бел асар» дейді. Ол неғылса да ұры. Жылқыны бел асырып жіберіп, өзі...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Бозайғыр (ІV нұсқа)

Қазақ даласында үлкен жұт болады, даладағы жылқы малы көп қырылады, көп жылқыдан жалғыз бозайғыр қалады. Көкке тойғаннан кейін үйір іздейді. Бозайғыр әуелі қатты желіп, соңынан шоқытып бар күшімен ағызып таудың басына келіп, шығады да, жан-жағына қарап тұрып, пәрменімен кісінейді, кісінеп-кісінеп болып аяғында бір түрл...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Бозайғыр (ІІІ нұсқа)

Ертеде тау бөктерінде жатқан жылқыларды ұрылар айдап кетулі. Жылқы ішінде Бозайғыр бар екен. Ол үйірден ұзап алысқа кетпей, шет жағында жайылып жүрсе керек. Ұрылар жылқыларды қуғанда Бозайғырды да үйірімен қоса әкеткен. Жолда үш күн болып, төртінші күні жердің, оны айдап келе жатқан адамдардың бөтен екенін сезген Бозай...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Бозайғыр (ІІ нұсқа)

Өткен заманда бір байдың жылқыларының ішінде боз айғыры бар екен. Боз айғыр жылқылардан ұзап алысқа кетпей, шет жағында жүретін. Бір күні жылқыны ұрылар айдап кетеді. Бозайғыр үйірімен бірге ұрылардың қолында үш күн болып, төртінші күні өздерін айдап келе жатқан адамдардың бөтен екенін сезіп, ауылға қарай қашып, үйге к...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Бозайғыр (І нұсқа)

Бұл күйді ертеде «Алатау асқан боз тарлан» деп те шерткен екен бабаларымыз, – дейді Бағаналы ақсақал. Тұлғасы кесек жануар бір топ жылқымен бірге жоғалады. Жыл уағына дейін іздеу салынып, табылмаған айғырды «қолды болдыға» жорып қояды. Сонымен жыл уағынан асқанда ел жайлауға қонып жайғасқан күндердің бірінде, биенің ек...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қорамжан күйі (ІІ нұсқа)

Қорамжан бір кемпірдің жалғыз баласы екен. Қорамжанның «Тепеңкөк» деген жүйрік аты бар екен. Қорамжан алыстағы бір елден қыз айттырып, соған ұрын барып, қалыңдық ойнап жатады. Түнде сол Қорамжан жатқан ауылдың жылқысына жау тиіп, аттандаған айғай естіледі. Қорамжан да аттанды естіп орнынан тұрмақ болғанда, қасындағы қа...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қорамжан (І нұсқа)

«Қорамжан» жесір әйелдің жар дегенде жалғыз ұлы екен. Байдың түйесін бағып жүріп, қыстың бір боранды күні адасып, үсіп өліпті. Сондағы қайғылы хабарды естігенде, шешесінің: «Жалғыз қалған сорлы анаң, Қайғы мен зарға жаралған. Ажалың болды бораннан, Айналайын Қорамжан, Сорлап қалдым, Қорамжан! Зарлап қалдым, Қорамжан»,...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Аңшының зары

Аңшылықты кәсіп қылған екі ағайынды жігіт әлдебір себеппен елден кетіп, бір таудың шатқалын мекендейді. Күндердің бір күнінде екеуі екі қырқада аң аулап жүргенде, ағасы бір құлан атып алады. Атып алған құланның етін қапқа салып, терісін күнге дегдітіп отырғанда аспанды аяқ астынан бұлт торлап, қалың нөсер бұршақ құйып...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қара атты мен торы атты

Арғы, алыс заманда қазақ даласында барымта-сырымта деген болмапты. Ол кезде жауды алыстан күтіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған заман екен. Тіптен, алалы жылқыны барымталау былай тұрсын, біреудің жалғыз атын ұрлаған адамның жанын қиып жіберген қатал тәртіп болған. Беріде ғой, халық ханынан айырылып, хан тағын...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Ақ Ертіс

Орта жүз Керей ішіндегі он екі ата Абақтың бір бұтағы – Жантекей деп аталады. Жантекейлер өсіп-өнген іргелі ел. Ол жөнінде ел ішінде «Бір Жантекей ауса бүкіл Абақ-Керейге сыймайды, бүкіл Абақ-Керей ауса, бір Жантекейге сіңіп кетеді» деген сөз бар. Мұнысы, Жантекейлер санының көптігін айтқаны. Міне, осы Жантекей елінің...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Кәрібоз бен Салторы

Ертеректе жүйрік атты жазбай танитын сыншы, атбегі болыпты. Оның өзімен бірге қартайған Кәрібоз деген жүйрігі болса керек. Кәрібоздың даңқы құнан күнінен шығып, қашан арса- арса болып қартайғанға дейін небір егелескен жарыста алдына қара салмайды екен. Тіптен, Кәрібоздың даңқы дүрілдеп тұрған кезде талай тойдың бас бәй...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қос келіншек (I нұсқа)

Бір байдың мәпелеп өсірген егіз ұлы болады. Ата-ананың тілегіне сай егіз ұлдың екеуі де жұрт аузына іліккендей азамат болып өссе керек. Қай істе де екеуінің жұбы жазылмай, біріне- бірі сүйеу болып, бірін-бірі толықтырып, көрер көзді қуантып жүреді екен. Бір күні бай отырып: «Бұл екеуінің кіндігін Құдай бір етіп жаратқа...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Сал жігіт

Бұл күйдің аңызы «Кербез қыз» күйінің бірінші аңызына жалғаса айтылады. Ол аңыз бойынша, қыз қылығы мен ақыл-парасатына риза болған жігіт «өзіңе бір белгі болсын» деп «Кербез қыз» күйін тартады ғой. Сөйтсе, кербез қыз өзінің ақыл-парасаты мен көз тартар көркіне қоса дәулескер күйші де екен дейді. Сол жерде өнерпаз жігі...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Кербез қыз (ІІІ нұсқа)

Бір байдың үш ұлының ортасында бұлғақтап өскен жалғыз қызы болыпты. Қыздың бір аяғының туа біткен сылтымасы болса керек. Бірақ әке дәулетіне шалқып, үш ағасына арқа сүйеп өскен қыз көкірегін көтеріңкі ұстайды екен дейді. Тіптен, аяғының сылтымасын білдірткісі келмей, кербезсінген қылығына қарап, төңірегі «кербез қыз» д...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Кербез қыз (ІІ нұсқа)

Бір байдың алақанына салып аялап өсірген жалғыз қызы болыпты. Жалғыз да болса жүзге татитындай ақылына көркі сай болып өскен екен. «Қыз өссе, елдің көркі» деген рас, бай қызының ақыл-көркі аңызға айналып, төңірегіндегі аяқ жетер жерден арнайы ат сабылтып келушілер көбейді. Малына сенген байлар, әліне сенген батырлар сө...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Кербез қыз (І нұсқа)

Ертеректе бір өнерпаз жігіт болса керек. Ол кезде жігіттің жақсысы жылқы бағып, жүйрік мінеді. Күндердің бір күнінде, сол өнерпаз жігіт саяқ шыққан жылқыларын іздеп жүріп, бір ауылға кез болады. Сол ауылда шеткерірек тігілген ақ боз үй бар екен. Үй сыртынан ат байлар мама ағаш көзге шалынған соң, кісі түсетін «қонағуар...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Хан жұбату

Ертеде халқына қайырымды бір хан болыпты. Халқына қайырымды болған соң, ханға төңірегіндегілер де құрметпен қарайды екен. Ханның бар үміт-тілегіндей жалғыз ұлы болса керек. Сол жалғыз ұлы енді есейіп, ат жалын тартып міне бастаған шағында қайтыс болады. Жалғыз ұлдың мезгілсіз қазасы ханды қатты қайғыға батырып, көз жас...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Тепеңкөк (І нұсқа)

Тепеңкөк әу баста бір байдың қойға салған шабан аты екен. Мың салса бір баспайтын шабандығына бола Тепеңкөк атанса керек. Күндердің бір күнінде тақымында жүрген Тепеңкөкке жұрттан асқан бір сыншының көзі түседі. Сыншы Тепеңкөктің алды-артына шығып, сұқтана қарап тұрып: «Апыр-ай, осы заманның жылқысы азды ма деп жүрсем,...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Жамал-ай!

Ертеде бір байдың қызына есігінде жүрген қойшының баласы ғашық болыпты. Жастайынан бірге өскен жарлының баласын байдың қызы да ұнатады екен. Ер жетіп, бой жете келе екі жастың бір-біріне деген сезімі тіптен арта түседі. Бұл жағдай бір күні байға белгілі болып, бай тас-талқаны шыға ашуланады да, кедейді басқа жаққа көші...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан
Алдыңғы 47 / 216 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды