Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

2898 Жалпы жазба
122,107 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4233 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 2898 жазба көрсетілуде

Қара өлең үлгілері

Ақ көйлекті кимедім, бөз болар деп, Ойын-тойға бармадым, сөз болар деп. Таза сақтап бойымды, жүрдім жалғыз, Бір перизат өзіңдей кез болар деп.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бір келдім, екі келдім, үшке дейін, Көтерші, тамағыңнан иіскелейін. Мойныңды аққу-қаздай бұрып тастап, Жаныңда жатар ма едім түске дейін.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дәйім менің мінгенім сары құнан, Сары құнан үркеді сауырынан. Шын көңіл, шын пейілің менде болса, Табысайық, қалқатай, ауылыңнан.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дәйім менің мінгенім торы құнан, Торы құнан ақсайды тобығынан. Шын көңіл, шын пейілің менде болса, Табысайық Ақсайдың қорымынан.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дәйім менің мінгенім құла бесті, Айналып Сарыарқаны ауылым көшті. Есіме сен түскенде, сүйген сәулем, Езіліп іші-бауырым жерге түсті.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дәйім менің мінгенім ала құнан, Ала құнан үркеді балағымнан. Шын көңіл, шын пейілің менде болса, Табысайық дария сағағынан.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дәйім менің мінгенім сұрша құнан, Қозы ағыттым көгеннің бұршағынан. Шын көңіл, шын пейілің менде болса, Табысайық ауылдың сырт жағынан.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дәйім менің мінгенім алқара көк, Қара көкке қададым үкілі шоқ. Құба жонға құлазып шыға келсем, Жұртың жатыр қарайып, ауылың жоқ.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дәйім менің мінгенім сусыл сары, Сусылдар шапқан сайын аттың жалы. Кеткенде ауылың алыс, екі-ай қалқам, Болмайды бір өзіңдей жанның бәрі.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дәйім менің мінгенім құла бөрте, Құйрығы ұзын бөртенің, жалы келте. Төстен қашқан түлкідей шұбалаңдап, Әріптестің қойнынан тұрсам ерте.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дәйім менің мінгенім боз көк ала, Сала алмас біздің әнге өзге бала. Арадан қыл өтпейтін қимас қалқа, Барамын ауылыңа сізге бола.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дәйім менің мінгенім ала құнан, Қыздардың жел соғады балағынан. Шортандай шабақ қуған шөпілдетіп, Сүйер ме ем сол қалқаның тамағынан.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дәйім менің мінгенім шұбалаң кер, Қос сақина қолымда бұрама зер. Ауылың алыс кеткенде, ей, қарағым, Көзге күйік болады ойнаған жер.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дәйім менің мінгенім құла қасқа, Таудан соқпақ салдырдым құламасқа. Ауылың алыс кеткенде, құрбыластар, Бет орамал беріп кет жыламасқа.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дәйім менің мінгенім көгілдірік, Көк дөненге жарасар өмілдірік. Жерің шалғай кеткенде, құрбыластар, Осы әніме сала жүр төгілдіріп.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көрінер кісем сұлу шығыршықтан, Өзіңді жақсы көрдім бір қылықтан. Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Жетер ме, айтсам сәлем бұлдырықтан?!

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көрінер кісем сұлу бауы ұзыннан, Арылар, түйсе, тары қауызынан. Кеткенде ауылың алыс, беу, қарағым, Жетер ме, айтсам сәлем ауызымнан.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көрінер кісем сұлу маржандаған, Маржаны түсіп қалып арзандаған. Мен саған жастайымнан құмар едім, Бар болса, айтып қалшы, айтар маған.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көрінер кісем сұлу құймасынан, Бір сөзді айта салдым қимасынан. Бергенде өзің көңіл, қалқатайым, Жалғанда құс ұшырман бір басыңнан.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көрінер кісем сұлу дөңгелектен, Қалқатай, жақсы көрдім бір бөлектен. Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Жетер ме, айтсам сәлем көбелектен.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 46 / 145 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды