Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4304 Жалпы жазба
174,940 Бірегей сөзформа (толық индекс)
3981 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4304 жазба көрсетілуде

Әлімнің Қарасақал аталығы туралы (V нұсқа)

Ертеде қазақ пен қалмақ соғысып, жеңісе алмай, барымталасып жүрген кезі екен. Бір күндері қазақтың ханы қалмақтың жиі тұтқиыл шабуылынан мезі болып, қалмақта кеткен мал-жанын қайтару үшін қол жинап, жорыққа аттаныпты. Барса, қалмақтар қорған ішінде тұрып таспен, садақпен атып, қазақтарды қорғанға жолатпайды. Сөйтіп, бі...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қарасақал (ІV нұсқа)

Қалмақтармен болған бір соғыста Айнық баласы Сар- бас пен екеуі тұтқындалып, жау қолында кетіпті дейді. Жау қолында тұтқында жүргенде Айнық қайтыс болыпты. Ал Сарбас сол тұтқында жүріп үйленіп, қалмақтан қыз алып, оларға сіңіп, Майлы, Сайлы, Өзден, Өзен деген төрт балалы болыпты. Елден әкесімен бірге тұтқындалып, он бі...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

«Үш Қарасақал» атануы (ІІІ нұсқа)

Ал Айнық пен Тегенболат екеуінің бірдей «Қарасақал» деген жанама атының болуының мәнісі – Айнық сақалы үлкен кісі екен. Ол дүниеден ертерек өтеді де, жесірін Тегенболат алады. Айнықтың баласы Сарбас және Тегенболаттың балалары Пұсырман мен Шіңгірдің жанама атпен «үш Қарасақал» атануының себебі де осыдан.

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Айнықтың «Қарасақал» деп атану мәнісі (ІІ нұсқа)

Ол өте ірі, қапа сақалды, болуан денелі, батыр адам екен. Мөлдірдей қалың қара сақалына қарап жеңгелері «Қарасақал бала» атай бергендіктен, «Қарасақал атанып кетіп еді» дейді қарттар.

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қарасақал (І нұсқа)

Айнықтан бір бала – Сарбас жеке туады. Сарбас онның шамасында еді, ойламаған жерден қалмақтар шабуыл жасап, қамсыз үйде жатқан Айнық батырды қолға түсіріп, Сарбаспен екеуін алып кетеді. Күтініп отырғанда мың адамға бірі өзі болатын Айнық батыр қапылыста қалмақтың қолында кетеді. Қалмақтан әйел алып, төрт бала көреді. О...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қарамашақ (Төртқара) (ІІІ нұсқа)

...Ол кез – қазақтардың Жоңғар қалмақтарымен жауласып, қайталап шауып, соғысып жүрген уақыты. Әлімнің балалары сол кезде Қаратаудың солтүстігіндегі, Ұлытауға жақын «Айыртау» жайлауында отырған еді дейді. Сол тұста Қарамашақ 21 жасында қалмақтармен соғысып жүріп шейіт болыпты да, Айыртауға жерленіпті, әйелі жесір қалыпт...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қарамашақ руының «Төртқара» болып атануы (ІІ нұсқа)

Құба қалмақтың қазаққа құтырына тиіп, шабуылдап жүрген кезі еді. Сол қалмаққа қарсы шабуылға шығуға, бүкіл Әлім ұрпағы жиналып кеңес өткізетін болады. Сол жиынға қарамашақтар уақытысында келе алмайды. Жиынға келген адамдар біреуді жіберіп қаратады. Барып қарап келген жігіт: «Алыста төрт қара көрінеді. Олар адам ба, әлд...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қаракісі

Қасым жаужүрек батыр жігіт болған дейді, жоңғарлармен соғыста ол қалмақтарды қыра өлтіріп, көзге түскен екен, сол бір жылғы соғыста қалмақтар жеңіліске ұшырапты. Сол соғысқа қатысқандар: «Қалмақтарды бір ірі қара кісі қыра өлтірді, қалмақтарға бөрідей тиді, алдына жан келтірмеді, келгендерін бір ұрып құлата берді, қайр...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Төртқара руы (І нұсқа)

Ақманақ өлгенсін, оның әйелі Зылиқаны Тегенболат алады. Одан Пұсарман, Шыңғыр – екі бала туады. Ағасы Сарбас, үшеуі бірдей киінеді. Үшеуі де қара сақалды, әдемі көрікті бірдей тең өскен жігіттер болады. Сол ізбен барып Үш Қарасақал атанады. Сонда Ақманақ бен Тегенболат екі баласы «Үш Қарасақал» атанып кетеді. Енді бір...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Бердіңғұл

Осы апамыздың күйеуі бір жаугершілікте шейіт болып кетіпті, апамыз екіқабат жесір қалып, төркініне қайтып келіп отырғанда босанып, ұл туыпты дейді. Сол ұлға атамыз Бердіңғұл: «Бұл бала елге игілікті жақсылық әкелсін!» – деген тілекпен Игілік деп ат қойыпты да: «Бес баламның бірі Дәуленің ізінен ұрпақ тарайтын болды», –...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Асан батыр

Асан батырдың жұбайы Мақпал шешеміз текті, тәрбиелі, ақылды, парасатты адам болған екен дейді. Қазіргі «Қамыстыбас» темір жолы бекетінің қасыңдағы «Ақирек» алқабының бір бөлік көлі сол шешеміздің атымен «Мақпал көл» атаныпты. Асан батыр Жалаңтөс батырмен тұстас ғұмыр кешкен, Жоңғар қалмақтарымен соғысқа қатысқан. Жақай...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Жаманақ руының «Шекті» деп атануының мәнісі (ІІІ нұсқа)

Жаманақ аулының бір күні үлкен асы болады. Асқа Әлім әулетінің барлық аталықтары қатысады. Асқа сойылған қыруар малдың ішек-қарнына жаманақтың балалары өзара таласып, төбелеседі. Төбелес үлкенге кетеді. Ақыры төбелес басылмаған соң араға ақсақалдар түсіп, төбелесті басады. Төбелесті басқан ақсақалдар, төбелестің бастал...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Жаманақтың «Шекті» аталуы (ІІ нұсқа)

Әлім атамыз малы көп бай болыпты дейді. Қаратау мен Ұлытау ортасында, Айыртау маңындағы жайлауда отырған екен. Бір күні Әлім атамыз үш баласын – Жаманақ, Қарамашақ, Ұланақты шақырып жинап алып: «Кәне, мініп жүрген аттарыңа әрқайсыларың өз таңбаларыңды басыңдар, кейін осы таңбаны өздеріңе тиісті малдарыңа, жылқыларыңа б...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Шекті (І нұсқа)

Әлім, оның баласы Жаманақ мал біткен адамдар болыпты. Үйір-үйір жылқыны бір-бірлеп ұстап, оларға жеке-жеке таңба басуды қиынсынып, өтіп бара жатқан таңбасыз жылқының санына қайнап тұрған май шашады екен. Ыстық май жылқының терісін күйдіріп, түгін сыдырып, сорғалай ағады. Кейін, жылқының май күйдірген жеріне шектей шұба...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

«Қаракесек» деп атанудың мәнісі (ІV нұсқа)

Қадірқожа ырсиған жарлы, қу кедей болып өседі. Кедейлігінің үстіне, бір жылдары Қадірқожаның үй-жайы, қора-қопсысы дымы қалмай өртеніп кетеді. Орнында тек бұрқыраған қара күлі мен күйген қара кесегі ғана қалады. Қара кесегі шығып, күлі бұрқырап ұшып жатқан қора-қопсының орнын көріп, қазымыр, күншіл адамдар: «Жарлылықта...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қасай-Қаракесек

Жақау он алты жасқа толғанда, әдейілеп іздеп нағашысы Қобыландының аулына барыпты дейді. Онан ешкім жөн сұрамапты, өзі де өзін таныстырып ештеңе айтпай, көптің бірі болып жүре беріпті. Қыс өтіп, қар еріп, көктем шығатын кезде Жақау жылқышыларға қосып баққызып қойған атын алды- рып, ерттеп, еліне қайтқалы жатқанда Қобыл...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Тобылдың «Қазан тебер» немесе «Тепер» деп атанғаны

Тобыл – «Қазан тебер» немесе «Тепер» деп атанған. Оның мәнісі – Тобыл өте тентек болып өсіпті, әпербақан, ұр да жық, мінезі жағымсыз, бірбеткей бала екен дейді. Бірде Есіл мен Тобылға енші бөліп беріп, елге ас бергелі мал сойғызып, астырып жатқанда Тобыл өзіне бөлінген еншіге риза болмай, өкпелеп, ет асылып жатқан қаза...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қаракесек руы атануы (ІІІ нұсқа)

Қаракесек (Ұланақ – Сасықбай). Ұраны – Ақпан (әулие). Ұланақ – Сасықбай: Есіл, Тобыл (Тепер). Осы екі ұлдан тараған ұрпақтар «Қаракесек» руы атанып кеткен. Оның мәнісі былай еді дейді, Серікбай көкем. Қаракесек бай (Байсары, Әлім және Шөменнің әкесі) қартайған кезінде жас әйел алып, балалары Әлім және Шөменнен бөлек от...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Ұланақтың «Қаракесек» аталуы (ІІ нұсқа)

Алты аталы Әлім – көп өскен ел. Әлімнің бір баласы Ұланақтың жанама аты «Қаракесек» деп атануын шежірешілер былай түсіндіреді. Қаракесек қартайған шағында кіші немерелерінің бірі Ұланақты қолына алып, өз баласы ретінде «сасығым!» деп еркелетіп өсірген екен дейді. Ақырында Қаракесек өлгесін, қара шаңыраққа Ұланақ ие бол...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

«Қаракесек» деп Ұланақтың аталу себебі (І нұсқа)

Ұланақ туысынан кедей, жарлы болған екен. Оның үстіне Ұланақтың өзі шатақ, тезқатар болыпты дейді қариялар. Осы мінезіне қарай, ол көптен бөлек, оқшау отырады екен. Келген адамға мезірет айтпайды. Бір күні оның қора-қопсысы, үй-жайы өртеніп кетеді. Орнында тек қара кесегі мен күлі ғана қалады. Оны көрген адамдар Ұланақ...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан
Алдыңғы 50 / 216 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды