Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4304 Жалпы жазба
174,940 Бірегей сөзформа (толық индекс)
3981 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4304 жазба көрсетілуде

Терістаңбалы найман туралы аңыз (ІІ нұсқа)

Терістаңбалы атанатын найман – осы Ақтана тұқымы. Оның себебі Ақтана мырзаның малы аса көп болып, малының есебіне жете алмай, танымағандықтан, малын әркім пайдаланып кете бергенін өзі танымайтын болыпты. Сонда әкесі Ақтанбай мырзаға айтыпты: «Сен, балам, малыңа ерекше артық, теріс жағынан таңба салсаң, малыңды кім болс...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Теріс таңбалы найман руы (І нұсқа)

«Теріс таңбалы» атамыздың әкесі Сүйініш барлық інілеріне әділ, ел ортасында беделді адам болған екен. Інілерінің кенжелері Көкжарлы, Бура Сүйінішке: «Бәріміздің еншімізді әділ бөлдіңіз, сіздің құрметіңізге келіп жататын сыйлық малы мол, сол үшін малыңызға өзгеше таңба салыңыз. Бізде мал таусылса, сізден ала береміз ғой...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

«Тоғыз таңбалы Найман» (ХVІ нұсқа)

Найман екі қатын алып одан бала болмапты. Бала көрем бе деп көп жасын өткізген соң тағы бір әйел алыпты. Одан бір ұл туған екен, атын Қытай қойыпты. Ол он алтыға келгенде үйлендіріп әйел алып беріпті, әрі сол жылы ақ кигізге отырғызып би етіп көтерген екен. Сонымен «Қытай би» атаныпты. Ол он сегіз жасқа келгенде ауырып...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

«Тоғыз таңбалы найман» (ХV нұсқа)

Найман атамыз Арғын, Қоңырат, Қыпшақ, Керей, Уақпен бірге туысқан алты ағайынды болып, бұларды «Алты арыс» деп атайды екен. Найманның Қытай би деген ұлы жастай дүние салады. Жаңа түскен жас келіншегі желегі желбіреген күйі жесір қалады. Жас келіншекті Арғынның балалары: «әмеңгерлікке аламыз» деп жігінеді. Келіншек Найм...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Семіз найман (ІІ нұсқа)

Байсыйық (Байсымақ) атамыз көкпаршы болып, орта жүздің бір тойында тақымынан лақты тартып ала алмапты. Сонда, Арғынның бір дуалы ауызды адамы: «Мына семіз Найманың кім, бәрің жүріп лақты тақымынан тартып алмадыңдар ғой!» – депті. Содан «Семіз» Найман атанып кетіпті.

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Семіз найман туралы аңыз (І нұсқа)

Қара Керейдің Ерторысының немере-шөберелері: Жаңбыршы, Қарамолда, Жанғолы, Меңдібай, Төбет. Осы бес адам аса семіз болып, «бес семіз атанып», рулары да «Семіз найман» атанып кетіпті. Семіз найман деген бір кісіге қойылған ат емес, осылардың барлығын «семіз найман» деп атап кеткен.

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Ағарыстың ұрпақтары туралы [Қызайға байланысты аңыз]

Ақсақалдың, асылы аты – Бәйдібек екен. Бәйдібек ел атасы болғандықтан, «Ақсақал» атаныпты. Оның бәйбішесінен 6 ұл туған екен. Кейін Бәйдібек қожа қызы «Домалақ ене» атанған кісіні тоқалдыққа алыпты. Домалақ енеден бір қыз туылыпты. Осы келіннің аяғы жаққандықтан, Ақсақалдың атасы Абақ жылқылы болған екен, Бәйдібек одан...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қызай руы

Қызайдың (Нұрбикенің) сіңлісі Күнбике мұрны үлкен болғандықтан «Мұрын» аталыпты. Ол кісі ұзатылған соң көп жыл бала көтермепті. Төркініне барып шешесіне (Үйсін Бәйдібекбайдың тоқалы Домалақ енеге) айтқан екен. Шешесі: – Менің барлық ақыл-пейілім апайыңа ауған. Сол апайыңа барып батасын ал! – депті. Күнбике шешесінің ай...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Ақсұлу келіннің немересі Төлегетай (ХІV нұсқа)

Найманның келіні Ақсұлуды Арғынның кіші баласы Сүйіндік деген әмеңгерлікке аламын деп мазалаған соң Ақсұлу: «Атамыз тұқымсыз кетіп, түтіні өшіп қала ма деп», – деп атасының сарықға отырған жеріне барып көріп, «атама бір қыз айттырып әперейін» деп ойлайды да, Арғынның баласы Сүйіндікке: «Мен саған тимеймін!» – деп, оған...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Төрт Төлегетай (ХІІІ нұсқа)

Шұбартай жастай өліп, келіншегі жастай қалса керек. Сонда Арғынның көп балалары: «Мен аламын, мен аламын!» – деп таласқан көрінеді. Сонда қатын: – Мен атамның көзі тірісінде ешқайсыңа тимеймін, мына атамның бір атары бар шығар, – деп құрбы-құрдастарына жалынды дейді. Содан әлгілер малды аямай беріп, бір кедейдің қызын...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қылышты қожаның Төлегатайға қыз беруі

Момынқожадан Сағынай (Найман). Сағынайдың жалғыз баласы болған. Ол аңшылық [пен] қақпан, бүркіт салатын еді. Баласына аңшының қызын алып берген. Баланың бүркіті аңалмай, қапа болып аңнан келгесін, бүркітті жібермек болады. Әйелі: «Бүркітті мен қайырамын, аңға шығатын күнді мен айтамын!» – дейді. Бала айтқан уақытына шы...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Төрт Төлегетай тармағы

Төлегетай алғашында Қылышты қожаның қойшысы екен. Ол таң атысымен бір қора қойды далаға өрістетіп, өзі бір төбешіктің басына шығып, тоғайдың көлеңкесінде салқындап жатады екен. Өрістегі ешкі-қойларды екі көк қасқыр қоса бағып-жайып, ит-құстан аман сақтап жүреді. Екі көк қасқыр Төлегетай атаның Құдай берген пірі болса к...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Бура Найман

Найман деген малшының бір үйір түйесі болыпты. Түйелерінің ішінде адам алатын бурасы бар екен. Бірде кешкісін түйелерін жинап алайын деп барса, жылаған баланың даусын естиді. «Дауыс қайдан шығып жатыр», – деп жан-жағына қарайды. Бағанағы адам алатын бурасының өркешіне кереғапқа салынған бала байлап кетіпті. Дереу сол а...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Бура, Көкжалды жайлы аңыз (ІІІ нұсқа)

Сарымырза бір жерде жолаушы жүргенде елін жау шауып әкетеді. Сонда Сарғалдақтың екі жетім баласы Ағалық пен Ерше көлде шомылып ойнап жүріп, қалып қояды. Балалар қайда барарын білмей, сандалып жүргенде ел қыдырып, сауда қып жүрген сарт сол жерге қонып, балаларды көріп, өзімен бірге алып кетеді. Сарымырза батыр жолдан ке...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Саржомарттың екі баланы қайтарып, олардың «Бура», «Көкжарлы» атануы (ІІ нұсқа)

Бір жылы Саржомарт саудамен Бұхар, Ташкент, Хиуа жаққа кетеді. Келер күз салқын түсе келеді. Бұл аралықта Бақы мен Бақанас Сарының бұрынғы әйелі мен балаларынан қақпай көреді, күйістері кетеді. Ішсе асқа, кисе, киімге жарымайды. Ташкеннен келген сарт саудагерлер сауда жасап, қазақтардан көп мал жиып алады. Малын айдап...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Бура, Көкжарлы туралы (І нұсқа)

Арнауыттың бүкіл елге белгілі қасиетті «Шұбарат» деген аты болады. Аттың қолтығында және таңдайында қара қалы (белгісі) болады, бірақ оны Арнауыт байқамайды екен. Сүгірші жолдастарымен жолаушылап, Арнауыттың аулына келіп түссе, Шұбарат кермеде байлаулы тұрады. Сүгірші аттан түсісі мен Шұбараттың белгісін жақсылап көріп...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Найманның баласы Белгібай немесе Сөгірше туралы аңыз (ХІІ нұсқа)

Найман атамыздың жалғыз баласы Тоқпан жиырма жасында қайтыс болып, жұбайы Ақсұлу жесір қалады. Атасы Найманның бәйбішесі де дүние салады. Үйсін Дәулет бидің Әлпеш деген қызын атасына алып береді. Сол кезде Ақсұлу Әлпешке «Қызеней» деп ат қояды, Қызенейді өзі тәрбиелейді. Қызеней бала көтеріп, күні жеткенде ұл табады. Ұ...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Найманның ұрпағы «Сүгірші» аталуы (ХІ нұсқа)

Найман өз өмірінде үш әйел алыпты. Бәйбішесі көп жыл тумаған соң, тоқал алыпты. Одан Қытай туыпты. Жастай би болған соң «Қытай би» деп аталған екен. Осы баласы 16 жасқа келгенде келіншек алып, бір-екі жыл өткен соң бала көрмей, өліп кетіпті. Сонан соң әйелі Әлпеш бикеш атасы Найманға өз төркінінен тағы бір жас тоқал ал...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Найман шалдан Сүгіршінің қалуы (Х нұсқа)

Найманнан Қытай би деген жалғыз ұл екен. Ол есейгенде Айшолпан деген қызды алып беріпті. Бірақ Қытай би жас өліп кетіп, Айшолпан жесір қалыпты. Арғынның көп баласы әмеңгерлікке аламыз деп таласқан екен. Айшолпан бір қошқарды жетектетіп, Арғын атаға келіпті. «Келін неге келіпті», – деп Арғын кіші әйелінен сұраса: «Басын...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Найман шал (ІХ нұсқа)

Найман шалдың Шыбартай атты жалғыз ұлы бар екен. Ол Найманның өзінен бұрын өліп қалыпты. Келіні атасының қолында оны бағып-қағып отырыпты. Бір күні осы келін атасының кіші дәрет алған орнындағы көбікті көріп: «Атамның әлі де бір перзенттік қуаты бар екен», – деп, оған келіншек алып беріпті. Жасы тоқсаннан асқан шалдың...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан
Алдыңғы 55 / 216 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды