Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4361 Жалпы жазба
175,013 Бірегей сөзформа (толық индекс)
3902 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4361 жазба көрсетілуде

Қаттықұлақ

Бименбеттің ағасы, Таздың екінші баласы Бәйімбеттің ертерек қайтыс болуына байланысты Қайып атты бір баламен әйелі жесір қалады. Бименбет жесір жеңгесіне әмеңгерлік жолмен қосылып, Қайыпты тәрбиесіне алады. Бименбеттің бірінші әйелінің қара, жеңгедей алған екінші әйелінің сары болуына байланысты, ел біріншісінен тараға...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қанкөшектің ру ұранына айналуы туралы

Құттықадамұлы Қанкөшекке 600-дей жылқы бітіпті. Сауын биелерін үйірімен бөлек баққызады екен. Бірде осы сауын билерді бағып жүрген жылқышыларды байлап тастап, ұрылар түгелдей айдап кетіпті. Қол-аяғы байлаулы жылқышыларды ертеңіне өрістен тауып алыпты. Қанекең төңірекке сұрау салып, көрген-білгендер болса, сүйіншісі дай...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Суанның Бөлегі

Бөлектің шешесі Айбике атты кісі екен. Бөлек өзінің ата қонысы «Долаңқара тауы» аталып кеткен жайлауда дүниеге келген. Оның атын Бөлек қойған анасы көрінеді. Ол жөнінде мынандай аңыз бар. Бөргелтайдың Киікбай атты тұңғыш ұлы болған. Айбике екінші баласына жүкті болып жүргенде күйеуі қайтыс болып, жесір қалады. Жас қалғ...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Бай Суан

Суан өте ірі, кеуделі адам болған екен. Ат үстінде екі тізесі жерге аз тимейтін көрінеді. Бұл алып адамды тек бөрте қызыл аты ғана көтереді екен. Жоңғарлармен көрші отырғандықтан, жылқыларына тыныштық болмапты. Бір жолы сондай бір қарбалас кезде Суан байдың жылқысын жоңғарлар айдап кетіпті. Жасы жетпіске таман келіп қа...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Суан туралы

Суан Жетісу өлкесіне алғашқы әйелімен көшіп барып, тұрақтап қалады. Өзі атқа мінгенде, тізелері ат құлағына жетердей сом денелі, көрікті екен. Жай мінері – «Торытөбел» деген мықты аты, жарыстарға қосары, шаң жұқтырмас «Ақшабдар» жүйрігі, палуандығы, тапқыр сөзді, турашылдығымен маңына жұрт жиналған, сері мінезді. Оған...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Бағыс Суан

Қазығұрт тауының оңтүстік бауырынан Келес өзені ағады. Келесті көргенде Асан Қайғы: «Екі Келес, бір Талас тастамай ат сауырына артып жүрер жер екен», – депті. «Таяқ ұстап келген тай мініп кетеді, тай мініп кеткен таяқ ұстап қайта келеді», – депті тағы бір бабамыз. Осы Келес өзенінің саға тұсында Бағыс Суандар тұрады. С...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Бозымның Айттан көптігі туралы аңыз

Атамыз Таубұзар деген кісі балуандықпен ел шауып, дүние кезіп жүріп, Үндістан деген шаһарға кезігіпті. Бұл шаһарда Мысыр қиссасы, Нұр қиссасы деген екі палуанмен кездесіп, шаһар халқы болып бұл үш палуанды күрестіретін болыпты. Сонда Туабұзар айтыпты: – Мен бекер ел кезіп жүрген адам емеспін, – депті, – менің екі жетім...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Бесшал деген ел едік

Сағым атамыздан жалғыз ұл Елбақты ғана, одан төртеу: Тоқан, Тоқыш, Есбол, Байбол туады. Үлкендердің айтуынша, Елбақты ерте үйленгендіктен бе екен, балалары өзімен қарайлас қатар өседі. Бәрінің де шал болып қалған кезі екен. Елбақты атамыз балаларын ертіп бір тойға кешігіп барады. Ел тарқаса да төрт баласымен бір үйде о...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Шахантай

«Қосқұлақұлы Қаржау батыр халыққа танымал Үйсіннің бір тармағы – Албанның Ханкелдісімен жолдас әрі сенімді серігі, бас сардары болған. Ол Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұрыстарда соғыс өнеріне жетілген, ерен ерліктерімен жұрт көзіне түседі. Абылай ұйымдастырған Қабанбай жорығына, қырғыз батыры Әтеке жырықты және қалмақ ха...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Кәдір – басқаларына қарағанда шағындау, аз ата

Кәдірдің шын аты – Бәйіт екен. Еліне елеулі қадырлы болғандықтан Кәдір деп атап кетіпті. Кәдір Қабылдың қолында өсіп, ержетеді. Осы арада бір әңгіме қозғаудың реті келіп тұр. Ол әңгіме Кәдірдің осы елге, яғни Батырша ауылына қалайша келіп тұрақтағаны жайында. Мұны білетін кәрі құлақтар бізге былайша түсіндіреді: Кәдірд...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Жауғаш

Батыршаның сексеннен асқан кезі екен дейді, үлкен келіні атасының дәретінің көбіктенгеніне қарап: «Атамның белінде әлі бір-екі бала бар екен, күш-қуаты да мығым, әйел әперсек қайтеді?» – деп күйеуі мен қайындарына ақыл салады. Бәрі мақұл көріпті. Әкелеріне келіп айтқанда: «Ондай ойларың болса, кәнеки, онда да Мақпал сұ...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Батырша туралы

«Батыршаның азан шақырып қойған аты – Бесбұлақ екен. Қалдаудың Бесбұлақ және Қосбұлақ атты екі ұлының есімі де жер-су атауына байланысты қойылған. Қоныс болған «Бесбұлақ» басында туған баласының атын Бесбұлақ қойған ғой. Баласы ержетіп 15 жасқа келгенде атасы Тілеу батырдың жылқысын қалмақтар айдап кетіпті. Тілеудің қа...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Шоған атасының аз болу себебі немесе Жартының табылуы

Ол заман – қырғызы, қалмағы және қалғаны бар, көршілес қазақ ауылдарына әлсін-әлсін шапқыншылық жасап, маза бермейтін жаугершілік уағы. Бірде атқа мінер еркек кіндік түгел жауға аттанады. Осындай қарбалас шақта басқа жақтан тағы бір жау келіп ауылды шабады. Аласапыран кезінде ауыл адамдары үйлерін тастай қашып, кереге...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Қайыпберді мен Қалпелер хақында

Ағымсары ішінде ағайынды Қайыпберді, Қалпе дейтін аталар бар. Қайыпбердіге қарағанда, Қалпелер аз ауыл. Ежелгі ел тарихын жақсы білетін қариялар Қалпелердің неге аз екенін әрі кешігіп, кенжелеп өскенін былай деп айтып түсіндіретін еді. Қалпе атадан Желкілдек жалғыз туады. Мәйеке – екінші жанама аты. Қалпе ауылының әйел...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

«Төрт шам – сегіз сары» атануы

Ерте кезде Дулат елінің Сары биі (қайсыбір әңгімеде Қара би деп те аталады) Албан елін аралап жүріп Досалы бидің ауылына келеді. Сол кезде Бірімбеттің бәйбішесі (Үмбеттің бәйбішесі) Шажаға тон тігіп жатса керек. Сүйерқұлдың өз кіндігінен тараған төрт ұлы (Шоған, Досалы, Қожбанбет, Жарты) және Шоғанның еншілестері Алжан...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Ошақты туралы

Жәлменбеттің үшінші жұбайының аты – Тұмар. Қартайғанша шашы ағармапты. Сондықтан жасы кішілер ол кісіні «Қарашаш ана» деп атайтын болыпты. Одан туған баланың аты – Атша бар. Бұл есім ру атын алып кете алмайды. Одан жараған үрім-ұрпақ «Ошақты» атанып кетеді. Ол жөнінде мынадай аңыз бар: Енші алу рәсімінде Тұмардың алдын...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Ысты туралы аңыз (ІІ нұсқа)

Жалмамбет батырдың екінші әйелі Қарашаш сұлу Мапырашты ананың сіңлісі екен. Мапырашты қайтыс боларының алдында күйеуі Жалмамбетті шақырып алып айтыпты: – Мен өлген соң басқа бір елден келіншек аларсың. Ол менің артта қалған балаларымды түрткілеп, өгейсітер. Сөйтіп, отбасының берекесін кетірер. Мені сыйлап тілімді алсаң...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Жалмембеттің Сыландыдан өрбіген ұрпағының «Ысты» атануы (І нұсқа)

Бәйдібек бидің екінші әйелі сұлу Зеріптен Жалмембет туған. Жалмембеттің бірінші әйелі – Қоңырат ішіндегі әйгілі Қызыл бидің (Мелде би) қызы Жұпар. Осы Жұпар ұзатылғанда өзімен бірге бірнеше күтуші қыздар еріп келсе керек. Солардың ішінде ақылына көркі сай Сыланды есімді бір қыз болады. Кейін осы қызды Жалмембет ұнатады...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

«Бәйбішенің баласы», «Үш тоқал» туралы

Бәйбішеден туған Ақтөбет, Бертіс ерте марқалап өсіп, кейінгі үш қатынының балалары кенжелеп өседі де, аз болады. «Аздың атасы бір» деген, біз бірігіп жан сақтайық», – деп, Әлти, Қосай, Баянай бірыңғай болып, бұлар «Үш тоқал» атанып, үшеуі еншілес болады. Ақтөбет, Бертіс тұқымы «Бәйбіше» атанады. Осы күнге дейін ел арас...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан

Айқым

Қалдының әйелі он екі бала туған екен. Өкінішке орай, он екі баланың екеуі ғана – Қалдықыз бен Айқым тірі қалады. Қалдықыздың есейген шағында, Айқымның жас кезінде анасы қайтыс болады. Қалдықыз бойжеткен соң Тобықты еліне ұзатылады. Ол кішкентай жас інісі Айқымды бірге ала кетеді. Бірнеше жыл өткеннен кейін Айқымның не...

Жанр: Шежіре Өңір: Қазақстан
Алдыңғы 67 / 219 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды