Байбағыстың екінші ұлы Түнқатар саудагерлікпен айналысқан адам екен. Осы кәсібімен Қазанға барғанда бір әйел алады. Ол әйелінің тілінің мүкісі болғандықтан қазақ арасында тым сіңісе қоймаған көрінеді. Түнқатардың Бұқара, Самарқандқа барып жүріп алған екінші әйелі сарт болады. Бірі – ноғай, бірі – сарт екі әйелдің балал...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, Шөңке қартайған шағында Албанның Құрман атасынан тараған Киікбайдың баласы Шалабайдың ауылына жас баласы Жұмабайды ертіп барады. Олар келгенде ауыл иттері мен Шалабайдың да қасқыр алатын төбеттері жан-жаққа қашады. Баласы мен екеуінің де киімдері көнетоздау болғандықтан Шалабайд...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бәйдібек бидің екінші әйелі Зеріптен Жалмамбет туады. Ол да әкесі сияқты насат батыр боп өседі. Жалмамбеттің бірінші әйелі қоңырат Қызыл бидің (шын аты Мелде би) қызы Жұпар еді. Ол да жасында еркекшора боп өскен ер мінезді екен. Жұпар жолбарыс мінезді, өзі белді, мықты келін боп өседі. Ел оны алапаш, жолбарысқа ұқсаған...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бәйдібек бидің ортаншы әйелі Зеріптен туған жалғыз ұлдың есімі – Жалмамбет. Жалмамбет ақыл тоқтатып, оң-солын танып, жасы отызға жақындағанда қоңырат Мелде бидің (Қызыл би деп те атайды) үлкен қызы Жұпарға үйленеді. Жұпарды биязы мінезіне орай ауыл адамдары «Мапырашты» (кейбір шежіреде «Мираш» деп те аталады) деп атап...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бәйдібек би үш некелі болса керек. Бірінші әйелі Сары бәйбішеден – Байтоқты (кейбір деректерде – Сарыбай) туып, одан өрбіген ұрпақ «Сарыүйсін» атанған. Екінші әйелі Зеріптен – Жалмамбет, одан Шапырашты, Ошақты, Ысты туған. Үшінші әйелі Нүриладан (бұл кісіні ел-жұрт қадірлеп «Домалақ ене» деп атаған) Тілеуберді (жанама...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бірде Бәйдібек би жанына сенімді серіктерін ертіп, сайланып шығып саят құрады. Аң-құсы жыртылып-айырылатын қалың жынысты кешіп келе жатса, «гүр-р» еткен жолбарыс дауысы естіледі. Бес қаруын сайланып шыққан жігіттер дереу тақым қағып, із кессе, уыздай байталды жығып, етін еңсере жеп жатқан жолбарысты көреді. Жас етке сы...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бәйдібек бидің ортаншы әйелі Зеріп – Шынтас байдың қызы. Биязы мінезді, асқан сұлу, адамгершілігі мол, үй тіршілігіне ұқыпты кісі екен. Одан жалғыз ұл Жалманбет дүниеге келеді. Отызға келгенше үйленбеген көрінеді. Серілік құрып жүргенде Жұпар деген қызбен көңіл қосады. Жұпар – шығыста көршілес жайлаған Қоңырат руынан ш...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бәйдібектің екінші әйелі Зеріптен Жәлмәмбет туады. Жәлмембет отызға келгенше үйленбей, серілік құрып жүріп Мапыраш атты қызбен көңіл қосады. Мапыраш анамыз ұл табады. Бірақ қан көп кетіп, ұлын сүйе де алмай, қайтыс болады. ...Баланың атын анасына ұқсатып Шапырашты деп қояды. Бұдан соң Жәлмәмбет өзінің туған балдызы Қар...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Кейбір шежірелерде Кішкене Палуанға өкпелеп кетіп қалып, Ұлы жүзге барып, Үйсіндерге қосылып, Бәйдебек бидің бәйбішесінен туған Сарыүйсін баласы Байтоқты байға келіп малын бағып, жалшы болады. Байтоқтының Мырзатаз деген бір ұлы, Қоңыр деген бір қызы бар еді дейді. Кішкененің жұмысы жағып, қойдан жылқы бағуға ауысыпты....
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бәйдібек өзінің жылқышы ағаларымен бай жылқысын бағып, Мойынқұмды жайлап жүре береді. Көңілінде тана көз сары қызға деген махаббат құштарлығы тұтанады. Енді ауа жайылған жылқыны іздеген болып, кейде қашқан қасқыр, түлкіні індеткен болып Арыстан би аулына барғыштай береді. Түстеніп, қона жатып, би айтқан қызықты аңыз, ш...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бәйдібек бәйбішесі Мараудан он ұл (Мөйлау, Қойлау, Мойсал, Қайсал, Айтуған, Байтуған, Ерсары, Бисары, Байтоқты, Сарыбай), екі қыз көреді. Марау өжет, бірбеткей, қайсар: өз дегені болмаса ешкімге көнбейтін, кісінің тіліне ермейтін мықты адам болған деседі. Бүкіл елге билік жүргізген ақылды ана болғандықтан, ел-жұрты оны...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бәйдібектің бәйбішесінің есімі Сарықыз екен. «Сарықыз» десе, дегендей, ақсары, шегір көз адам болыпты. Бәйбішелік жолына лайық әміршіл, адуын мінезді еді дейді. Сарықыз бәйбішеден Бәйдібек тоғыз ұл көріпті. Бәйбіше ауылы атанып, ақарлы-шақарлы ел болып отырады екен. Бірде ел жазылып жайлауға шыққан кезде, Сарықыз бәйбі...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Ақсақалдан Қараша би жалғыз екен. Қараша би болып, жұрт сұрапты. Өзінен бала болмаған екен. Бір жиында біреудің тілі тиіп, қатты назаланып, жатып алған екен. Елі жиылып, қожа қызы Қоңырбикені алып беріпті. Қоңыр жүкті болып, ұл туған екен, атын Байдәулет қойыпты. Бұны бәйбіше әйелі Зеріп бауырына салып, оның өкшесі жұғ...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Нүрила қыз Бәйдібек биге тұрмысқа шыққан соң көп кешікпей дүниеге бір ұл келеді. Есімін Тілеуберді деп қояды. Нүриланың ерекше жаралған парасат-пайымын бағалап үйленген Бәйдібек би Тілеуберді дүниеге келген соң бұл шаңырағына одан сайын көңіл бөлетін болады. Бәйдібек бидің Нүрилаға көңіл бөлгенін Сарықыз бәйбіше қызған...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бәйдібектің төрт қатыны болады. Бірі – Сары бәйбіше, басқалары: Домалақ тоқал, Сыланды, Мапыраш (Шежіреші соңғы екі әйелді қате көрсеткен, шын мәнінде бұлд екеуі – Бәйдібектің келіндері – Т.Ә.). Бәйдібектің мекені Әулиеата уезінде, Күйік деген жерде екен. Ол уақытта қырғыз Қарын-Әнжан жағында болады екен. Бұл екі ел жа...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Ұрыстан соң Оғыз қағанның шеруіне, нөкерлеріне, халқына соншама көп жансыз олжа-мүлік түсті, жүкті тиеуге, тасуға ат, қашыр, өгіз аздық етті. Сонда Оғыз қағанның шеруінде үздік жақсы бір шебер кісі бар еді. Оның аты Бармақлық Жосын Білік еді. Бұ шебер бір қаңға (арба) шапты. Қанға үстіне жансыз олжаны тиеді. Қаңғаның а...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Есте жоқ ескі заман болса керек, қырдағы елдің бас иелік ететін ханы өліп, кімді хан қоярын білмей ел-жұрт қатты дағдарыста болады. Сонда ошарылған ел-жұрттың алдына бір ақ жаулықты ана шығып, ақыл айтады: – Талабы бар ерлердің бәрі садақ тартсын, кімнің садағының оғы сағымға ілінсе, соны хан көтеріңдер, – дейді. Хан б...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Қазақ елін Тұран хандығы заманында «қызыл қалпақтылар» билейді. Бұл заманда өз еліменен жауласып, қазақтың ру-тай па және ата қонысындағы (отцовство) жиналыста «Жалайыр» деген атақ алып шыққан Қабылан деген батыры болады. Ашулы Қабылан Жетісу, Іле, Шу, Қаратал, Ақсу-Алакөл жеріне талас Найман тайпасының қастандықпен Те...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Үйсін батыр өзі жау жаулап кеткенде елі үркіп, Доғалақ тоқал жүкті екен. «Толғатып, жүре алмайсың» деп Доғалақты жұртқа тастап кеткен екен. Ертеңіне жау келіп, жұртта баласын алып отырған қатынға келіп: – Ел қайда? – деген екен. Әйел: – Ел кеше үркіп кетті, – депті. – Бұл жерде не бар? – дегенде: – Осы тұрған таудың ар...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Шамалап айтқанда, уақыты 789-810-ншы жылдарда Түркістан аймағында Отыз екі баулы Өзбек ұриямынан азғана көшпелі халық болды. Қырық сан Қырымнан шыққан бір ханның баласы шешесінен туғаннан ала туды. Үш оқ нәсілінен 500 – 600 үй көшпелі жұрттың ішінде Майқы би, Қотан бай деген кісілер болды. Болат – Қотанбайдың баласы. Ө...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан