Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4176 Жалпы жазба
171,783 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4072 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4176 жазба көрсетілуде

Сартай батыр

127. Сартай батыр Әкесі Байжан биден бата алып, ізіне мың баладан құралған топты ертіп Ордабасыға жеткен он бес жасар Сартайдың көзге түскен жері осы еді. Халықтың басына қара күн туып, жан алқымға таялғанда, үш жүздің ұлдары Ордабасына жиналған. Жау іргесінде тұрғанның өзінде бас қосқан қазақ қолының әскербасшысын сай...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Мыңбай батыр

Мыңбай жастайынан пысық болып өсіп, «батыл бала» атанады. Ол аңға шыққанда да батылдық көрсетіп, «мерген бала» атанған. Үстіне мінген соң қандай асау тай, құнан түгілі ат туласа да, жығылмайды екен. Мыңбай аттың үстінде өзі отырып, қасына келген адамды жағасынан ұстап жоғары тік көтеріп әкететін күшті де болған. Мыңбай...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Мамай батыр

Мамай көзсіз батырлығымен қатар соғыс өнеріне, айла-тәсілге өте шебер болған. Бірде алпыс шақты ғана жасағымен келе жатқан Мамай батырға жарты мыңға тарта жау кездесіп қалады. Мамайлар әуелде қамысты қопаға қарай шегіне, жедел амал-айланың жөніне көшіп, оған жұбайы ақыл беріп: «Кереге біткенді қалмақтың жолындағы суға...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Қойгелді батыр

Қойгелді түрлі шайқаста жекпе-жекке шыққанда жеңіліс көрмей, жоңғардың тоғыз батырын өлтіріп, қазақ қолын жеңіске рухтандырған. Кейін сардар болып қол басқарғанда да, ол әскери соғыс тәсілін жетік меңгерген басшы ретінде сарбаздарын жеңістен жеңіске ұмтылдырып, үлкен қолбасшылық қабілетін танытады. Атақты Аңырақай соғы...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Қозыүй батыр

[Қозыүй батыр] 1718 жылы болған шайқаста жоңғарлар қолына түсіп қалады. Жоңғарлар қол-аяғын байлатып, дүре соқтырып, ағаш қалыппен кысқанда да ол тістеніп отырып алған. Сонда жоңғар қонтайшысы: «Қазақтың талай батырын көріп едім, мынадай хас батырын көрмедім. Қол-аяғын босатып, зынданға тастаңдар», – депті. Содан Қозыү...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Қаралда батыр

Әкесі Саламат Бөкенұлы Әбілқайыр ханның тұсында қол бастаған батырдың бірі болған. Өзімен жекпе-жекке шыққан қалмақ батыры Нұрғаспақтың қарындасы Түгесті, қайынағасы Өтештің ақылымен ауылға әкеліп, соған үйленеді. Одан арыстай ұл сүйеді. Бірде бейқам отырған ел шетіне қалмақтың үлкен тобы келіп қалады. Сонда Қаралда жи...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Жұрын батыр

Жігіт болып, ат жалын тартып мінгеннен кейін, тұңғыш бала ретінде әкесінің сырттай жүріп, ағайын болып саналатындардың ауылдарына жақын жерлерді жайлап, қыстаған көрінеді. Өзі қайратты, батыр мінезді, ұзын бойлы ақ құба кісі болған. Жұрын жас кезінде-ақ есті адам ретінде ел азаматының бірі болып танылып, есейе келе ел...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Малайсары батыр

Тоқтауыл батыр болған кісі. Ауылы бір қопаға қонғанда, қопаға қаптап жайылып кеткен түйелерді бір нәрсе аспанға лақтыра бергенін көрісіп, «дәу де болса жолбарыс шығар» деп жұрт көтеріле аттана шапқанда, Малайсары батырдың бала күні екен. Шұбар тайға мініп олай-бұлай шапқылай береді екен. Сол шұбар таймен жолбарысқа жұр...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Олжабай батыр

Олжабай батыр жалпақ жауырынды, орта бойлы, қалың қабақты, кішіпейіл және сабырлы болған дейді. Батыр қанша жаужүрек болса да, ашу-ызаны, қайнаған кекті әрдайым ақылға жеңдіріп отырған. 1741 жылы Абылай мен Өтеген батыр аң аулап жүріп, қапыда жоңғарлардың қолына түседі. Қазақтың би, батырлары кездесіп, ханды қайтаруға...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Олжабай және Жасыбай

Біздің бұл қазақ Сыр бойынан ауып келгенде, Ұлытау, Кішітауды қыстап, Сұрқарасортыны жайлап, сол маңа[йға] орын теуіп жүріпті. Баянаулаға «Барлыбай» ұранды Бәсентиін [келіп] «Ақ табан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылынан тышқақ лақ өлтірмей, дін есен қалған екен. Олжабай батыр соны естіп, өзге Сүйіндік – Ұлытау, Кішітауд...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Малайсары және Олжабай

Орта жүз Арғын, Сырым, Малайсары батырдың әкесі Тоқтауыл батыр заманында «батыр» атанған кісі екен. Тоқтауыл батырдың ауылы бір қопалы көлге қонып: «оттасын, жайылсын!» – деп, бұйдасын түріп, бос жіберген түйелері қопаның ну қамысына шөгіп, бет-бетімен аралап кіріп кетіпті. Не екенін білмейді, бір нәрсе түйелерді лақты...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Олжабай батыр (ІV нұсқа)

«Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай» деседі. Бұл сөзге дәлел боларлық әңгіме айтады. Бұрынғы қазақтың жорықшыл, жортуылшы болып жүрген күндерінде бірін-бірі танымайтұғын екі жау түзде кездессе, қай бұрын «Олжабайлап» шапқаны жойып, жеңіп алып кете береді екен. Бірінен бірі естіп, құлағы есіткен (естіген) қазақ жауға...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Олжабай батыр (ІІІ нұсқа)

Бұл – тарих, шежіре. Ауыздан-ауыз алынған сөздерден жиналған. Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай батырдан сөйлейік. Бұл Олжабай батырдың туысы Орта жүз арғында он үш жасында «Айдабол би» аталған Айдабол-Күліктің Айдабол ұрпағынан шыққан. Айдабол бидің бәйбішесінен: Жанқозы, Малқозы, Кенжеқозы. Ортаншы қатынынан: Қар...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Олжабай батыр (ІІ нұсқа)

Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай[дың] әкесі Толыбайдың жалғыз құла шолақ биесі бар екен. Құла шолақ бие құлындап, арбаға байлап сауып отырғанда, ұры алып кетіпті. Он жеті жасар күнінде Олжабай сол іздеуге (ізлеуге) азық-түлік пісіртіп алып: – Құла биені алған кісі іннің түбіне кіріп кетсе де, қоймаймын! – деп атта...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Сүйіндік Олжабай батыр ертегісі (І нұсқа)

Әз Тәукенің тұсында үш жүздің баласы оңтүстіктен шөлейтке қарай жайлайды екен. Сырдың бойын жағалап, Жетісу, Алматы, Қапал тауларын өрлей отырады екен. Орта жүздің қыс қыстауы шүйгіген Сыр бойы да, жаз жайлауы Арқаның жоны екен. Сол кезде Орта жүз қазағы Есіл мен Ертіс арасын қуалай шөлейтке келіп, мал семіртіп отырған...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Өтегеннің түс жоруы

Абылай алпыс биін шақыртып алып түсін жорытып отырса, Айыртаудан Көкшетауға Өтеген батыр келе қалған екен. Батыр есік алдындағы таяқшыға дыбыс беріп: – Оу, бұл кімнің үйі? – депті. «Хан сарайын танымай жүрген бұл қандай қисық» деп ойлап таяқшы: – Не іздеп жүрсің, кім керек? – дейді. – Алпыс атаным бар еді, ішінде ақбас...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Өтегеннің өкінуі

Өтеген батырдың жалғыз қызы Мақпал тұрмысқа шығар алдында құда түскен жігіті қайтыс болып, қайнысы өсіп-жетілгенше бірер жыл үйде отырып қалыпты. Сонан қайын жұрты келінді алып кетуге келгенде, ұзатылып бара жатқан қызын Өтеген батыр шақырып алып: – Балам, Құдай қалап, құтты орныңа қонбақсың, жасауыңнан бөлек осы үйден...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Өтегеннің жазасы

Бірде бес-алты жігіт жолаушылап келе жатып, жолда бір үйге тоқтайды. Үй иесі оларды жақсы қарсы алып, аттарына жем салып, өздеріне ет асады. Содан анау-мынау шаруасын жайғап келген соң өзі де асқа отырады. Аспазшы оның алдына бір тегене сорпа әкеп қояды. Үй иесі оны ішіп алып, тағы сұрайды. Сөйтіп, ол бір өзі жиырма ад...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Қалмақ, қалмақты ептеп алмақ...

Абылай хан, Өтеген батыр Ұлытаудың бөктерінде аң аулап жүріп, бір сайға келіп аз-кем аялдап, демалуға отырады. Қапысыз отырған хан мен батырдың үстіне жаудың қалың қолы кездейсоқ тап болып, екеуін қалмақтар байлап әкетеді. Қалмақтың ханы екеуін зынданға салып тастайды. Өтеген мен Абылайдың қолға түскенін естіген Төле б...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Өтегеннің айласы немесе қырық тазы туралы

Өтеген батырдың қартайған шағы болса керек. Бір күні аң аулауға шыққан ол қасындағы аз ғана адаммен Шу өзенінің саласындағы көкорай шалғынға келіп, тынығып отырады. Осы арада серуен құрып, ерігіп жүрген қырғыздың бір топ тентектері кездесе кетеді. Қазақ пен қырғыз арасында бір түсініспеушілік орын алған кез болуы керек...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан
Алдыңғы 7 / 209 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды