«Қазақ» деген сөз ноғайдың сөзі бола-дүр. Ләкин «бойдақ» деген сөз-дүр. Қазақтардың асыл тегін былай деп айтады: Бұрынғы уақытта Қазан шаһары өз алдына хан болып тұрған заманда Қазанның ханының бір ұғлы адам жиіркенгендей болып, ала тәнді болып туған екен. Қашан есі кірген уақытында бұл баланы құрбы балалары «алаша» де...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бір Алтынбел деген хан болған, ханның жалғыз ұлы бар еді, аты – Қайшылыхан, сонан басқа баласы жоқ еді. Бір күндерде ханның қатыны құрсақты болды, бір уақытта бір қыз бала келтірді, ай десе аузы жоқ, күн десе көзі жоқ. Тапқан шешесі қызын көріп көп күнге дейін талып қалды. Сондай бір қыз келтірді деп ханға айтады. Хан...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Первый человек – Адам Ата топырақтан жаратылды. Второй человек – Нұх пайғамбар Топан суынан үш баласы, үш келінімен аман қалды. Басқа қалғандар [ы] бәрі қырылды. Нұх пайғамбардың үш баласынан өрбіп-өніп өсті: Хам, Сам, Иафас. Бұл үшеуін өзі тірісінде үш жаққа жіберді. Хамды Һиндстан жаққа, Зәңгі Хабаш қара түсті жұртта...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Адам ата, Хауа ана. Күллі адамзат осы екеуінен өрбіп-өнген. Бұл Адам ата мың жасап, ұрпағының қырық мыңға саны жеткенін көріп өлген. Бел баласы Шиыш тоғыз жүз он екі жыл жасап өлген. Оған белбала – Анұш. Бұл Анұш та тоғыз жүз он екі жыл жасап өлген. Мұның белбаласы Қайнар сегіз жүз қырық жыл жасап өлген. Қайнардың белб...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Мәдәйун әулеттері Умахыдан Тәлит, оның ұғылы – Жәмит, оның ұғылы – Мырдан, оның ұғылы – Ысмағұл, оның ұғылы – Ағзам, оның ұғылы – Миям, оның ұғылы – Өзбек, оның ұғылы – Мәлік. Осы Мәлік сопы, адал болғандықтан «Ақтам сопы» атанған екен. Оның ұғылы – Әніс, оның ұғылы – Ақаша дейді. Осы Ақаша Мұхамет пайғамбарымыз дүниед...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Разақтан Қазақ, одан үш бала туады. Қазақ өз заманында батыр болды. Орта жасқа келгенше баласы болмай, бала үшін Өзбектің бір батырының қызын алады. Ол кешікпей екіқабат болады, мезгілі жақындағанда Қазақ аңға шығады, «ұл туса, шүйінші сұраңдар!» дейді. Сонымен әйелі толғатады, күтуші әйелдер қасында болады, әйел аман-...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Тұрған екен екі туған адам ағалы-інілі. Бірінің есімі – Моғұл, уа, бірінің есімі – Татар. Моғұл тұқымынан қазақтар тараған екен. Моғұлдарды жеңіп, бытыратып жіберген екен татардар. Қаюлардан үш жүздейі аман қалған, яки ордалар. Олар тауға кіріп кетіп көбейіп, өсіп-өнген екен. Ең олардың әуелгі ұлықтары бар қалған «Алаш...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Өткен заманда қырық сан Қырым жұртында қырық ханы болған замандарында, он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт, Құба қалмақ, Қазақ- қалмақ болған болған замандарда, он сан Орманбет бидің елі Дешті-Қыпшақ шаһарларында тұрған замандарда, Түркістан тараптарында түріктің Өзбек деген баласы өте көбейіп өсіп, «отыз екі баулы Өзбе...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бидаштың баласы – Қазақ (оның шын аты – Әбдірайым). Бір күні әкесінің тұлпарын сатып жіберіп, «Құдыққа жығылып өлді» деп, әкесіне айтады. Кейін ол тұлпар басқа жерден шыққансын: «Сен каззап, жалғаншы» деп, «Қазақ» деп ат қойды. Сол сөздің мағынасы «жалғаншы» деген сөз. Баласына әкесі «Сенің әулетің бытыраңқы болсын!» д...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Қырық сан Қырым, отыз сан Рум, он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт, қырық сан Қарақалмақ-Қатысыбан, он сан Ноғай бүл (ін) генде, Орманбет (Ормамбет) би өлгенде, Ноғайлының елі бір алаша тайдан бүлініпті. «Ала тайдай бүлдірді» делінген сөз сонан қалған деседі. Жұрт аузында бір замандарда осылай сөйленген. Сол замандарда...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Қазақ жұртында ауызда сөйленіп жүрген бір сөз бар: «Кеше Алаш Алаш болғанда, Алаша хан болғанда, Үйіміз ағаш болғанда, Ұранымыз «Алаш!» болғанда», – десіп келеді. Оның мәнісі: Бұхара хандарынан [Қызыл Арыстан] хан қазақ ханы болып тұрған күнде ханының қызын олжалап алып келіп, аяғын салған екен дейді. «Аяғын салды» дег...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бұрынғы заманда қазақтың «Жүз» деген, «Алаш» деген атты руға қойған аты болған екен. «Алаш» деген атты ұранға қойып, жауға шапқанда, «Алаш, Алаш!» – деп шабыңдар! «Алаш» демегенді әкең болса да ұрып жыға беріңдер», – деп бата қылысты. Кеше: «Алаш Алаш болғанда, Алаша хан болғанда, Үш жүздің баласы қазақ емес пе едік?!»...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Қазақтар жерлеген руларға ноғайлар шабуыл жасайды. Темір шолақ Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс деген қазақтың үш аталы баласынан 300 қазақ сұрайды. Үш жүз жігіттің әрқайсысына 360 құрт, қоржындарына жылдық астық етіп жауға аттандырады. Әскер басшылары Ақарыстан – Бақтияр, Бекарыстан – Данияр, Жанарыстан – Құдияр. Ту көтерушіл...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс үрім-бұтақтарымен жүз үйге толғанда енші алысады. Қоныс белгілеуге келгенде сөз үлкені Ақарысқа беріледі. Ол сөз кезегін Бекарысқа береді. Сонда Бекарыс тұрып: – Алдымда ағам, артымда інім тұрғанда менің не айтарым бар? – дейді. Осы кезде Жанарыс: – Сөз бітті. Жоғарғы бөлік – Ақарысқа, орталық...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Мәселен, олардың бірінде былай деп әңгімелейді: хижыраның 780-790 жылдары шамасында (яғни XVI ғасырдың соңы) түрікше сөйлейтін 32 тайпаның қол астында 500 немесе 600 отбасы болған бір ханның тұтқын әйелінен «Ала» аталған бала туады. Хан бәйбішесінің айдап салуымен баладан құтылмақ болып, оны Сырдарияның арғы бетіне апа...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Қырым жұртында қырық сан Ноғай болғанда, бір ханның баласы анасынан шала туыпты. «Тілеп алған балам шала туып, жұртымды шала қылады екен» деп, ханым баланы Дешті-Қыпшақта көшіп-қонып жүрген он сан Ноғай ішіне тастатыпты. Бала өсіп, ер жеткен соң әйдік өнерпаз болыпты. Бір күні хан өзінен туған бала, сөйтіп, өнерпаз бол...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Есте жоқ ескі заманда Сыр бойында 32 рулы елді билеген Қызыл Арыстан деген хан болады. Бұл ханның төңірегінде бес жүз түтін төлеңгіті бар екен. Ол өзінің жасақтары мен төлеңгіттерін бастап соғыс жорықтарына аттанып ырғын олжа, көп тұтқын түсіріп қайтып отырады. Бір жорықта асқан сұлу бір қыз тұтқын болып қолға түседі,...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Сол заманда сүйегі ноғай Әбілхайыр деген хан болады. Мұны әз-Жәнібек деген кісі біледі. Жұрт Әбілхайыр ханның қасына Арғынды отырғызады. Арғынның ақылы ханнан артып, ел Арғынға ауады. Бұған Әбілхайыр хан іштей наразы болады да, Қобыланды деген батырына Арғынды өлтіртіп тастайды. Сонда әз-Жәнібек Әбілхайырға кісі салады...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Ертеде бір жорықта Қалша Қадір деген қолбасшы жарақаттанады да құбажон, жапан далада жалғыз қалып қояды. Өлейін деп қатты қиналып жатқанда, аспаннан бір қаз ұшып келіп, аузына су тамызады. Содан оны тірілтіп, аман алып қалады. Осыдан екеуі қосылып, сол ақ қазбен бірге өмір сүріп, үрім-бұтақты болады... Қаз-аққу болып к...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
«Қазақ» атауы «қазы-ақ» деген сөзден өзгерген екен. Жәнібек хан бастаған көшпелілер Әбілхайыр (Өзбек) хандығынан бөлініп шыққан соң Жәнібек қазақ тайпаларын үш жүзге бөліпті. Ұлы жүзге Үйсінді бастық қойып, Жалайыр деген кісіні оған орынбасарлыққа бұйырыпты. Орта жүзге Арғынды бек сайлап, Найманды оған көмекші етіп бек...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан