Қазақ деген сөз «қыз» бен «ақ» деген сөзден қосылып «Қазақ» болған дейләр. Бұларның делеллері: бір заманда бір патшаһтың қызы түсінде ихтіләм болып, иүклі болып қала дүр. Себепсіз иүклі болып қалғандықтан, атасынан қорқып, бұ сөзні даясы білән қызметкер қызға білдіре дүр. Алар исә, – сенің пәк, таза екендігіңе гуаһлық...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Бір заманда бір патшаның қызы түсінде ахтылам (үйлену) болып, жүкті болып қалады. Себепсіз жүкті болып қалғандықтан, атасынан қорқып, бұл сырды дәйесі мен қызметкер қызға білдіреді. Олар: «Иә, сенің пәк, таза екендігіңе куәлік берсек, жағдай қиын болады. Енді бұның бір шарасы, басқа бір тарапқа қашпақ-дүр. Онда сені жа...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Өткен VI ғасырда түрік нәсілінен бөлінген Қырымдық тұқымдар арасына жоғарыдағы Әнәс келіп, түрікше бала оқытады. Оның Мағаз деген бір баласы ержетіп, өсіп келе жатқанда Қырымдық хан өз қаласында бала оқыту мақсатымен Әнәстан Мағазды сұрап алады. Мағаз хан қолында бала оқытады. Сүйтіп жүріп үйленіп, одан Сапыл деген бал...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ғ. Бегішев
Бір замандарда Яаман уәлаятында «Сейхұлхәрәм» деп аталған күшті сел болған. Міне, бұл сел Яаман уәлаятын көп харап еткен. Сол уақиғада бұл қәбиллердің (Қозаға мен Хұзаға) әрбірі бас-көздері қараған тарапқа көшіп кетіп, таралып бытырап біткен екен. Міне сол уақыттарда олардан кейбір рулар түркі-татарлармен араласып, қаб...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Былайша атамыз қазақ Әнас әулиеден оныншы атада дүниеге келіп, атамыз Қазақ балалары үшінші және төртінші атаға жеткен кезде Бұқараға қараған жерге келген еді. Сол уақта Бұхардың ханы Қызыл Арсылан ханның бәйбішесінен бала болмай, екінші қатын алып одан бір ер бала туып, бірақ баланың тәні ала болып туыпты. Бәйбіше күн...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә. Оспанов
Енді бірінде Адам ата 1000 жыл жасапты дейді. Нұх пайғамбарға дейінгі ұрпағы өсіп жүз мыңға жеткен. Адам ата өлерінде халықты Шышқа тапсырған. Шыш 912 жасқа жеткен. Шыштан Қайнал туған, одан Мағауия, Бөрден, Ыдырыс туған. Ыдырыс өте білімді зор ғалым болып, 750 жас жасаған. Халыққа неше түрлі өнер үйреткен, дүниеден ті...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Әбубәкір Күлбабаның заманында «Отыз екі баулы Өзбек» атанған деседі. Өзбектің үш баласы болған: Мың, Жүз, Қырық. «Адам Атадан бұ заманға шейін пәленнің баласы пәлен, түгеннің баласы түген», – деп сөйлеуші өтірікші, жалғаншы болса керек. ...Қай тұқымнан, қай нәсілден шыққандығын айырып, дәлелімен айтып отырса, оның өзі...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Аяқ сап атқа оңай мінгеніңмен, Болмаса жүре алмайсың үзеңгің тең. Тең ұстай білген абзал тізгінді де, Теңіңмен ойнап-күлсең болмайсың кем.
Жанр: Қара өлең
Әуеде ұшып жүрген қаз баласы, Жылқының тоқтамайды азғанасы. Құдаша, қой бақты деп сөге көрме, Біреудің мен де ерке бозбаласы.
Жанр: Қара өлең
Тас та ауыр сезілмейді керегінде, Шалғайға, сен болмасаң, келемін бе?! Қолыңның түбін бермей, ұшын беріп, Қалады жеңім тозып дегенің бе.
Жанр: Қара өлең
Қолымда ұзын құрық, бау демеймін, Шоқыны анау-мынау тау демеймін. Телміріп көзің неге жеп барады, Ойыңды арамдықтан сау демеймін.
Жанр: Қара өлең
Түзер ме қисықты сап тек тізеге, Жалғамай жіңішкені епті үзе ме. Көк дөнен көңілден де арман жүйрік, Өрге сап, төске шаппай жеткізе ме?
Жанр: Қара өлең
Уағда сөзге қазық лебізбенен, Бір сөзді екі қайта дегізбеген. Сарқылып сағасыз су сап болады, Телегей тең болмайды теңізбенен.
Жанр: Қара өлең
Қатының жақсы болса жайлау жердей, Онымен өмір сүру биік өрдей. Шабан ат, өтпес пышақ, жаман қатын, Күйсіз құс түлкі алмайтын—бәрі бірдей.
Жанр: Қара өлең
Көктегі бейне толған айдай он бес, Ойнаған көк шалғында тайдай он бес. Қалайық осындайда ойнап-күліп, Келмейді қайта айналып, айхай, он бес.
Жанр: Қара өлең
Жүйтки бер қара жолда, ей, қарагер, Қарагер кейде адал тер, кейде арам тер. Барында қызылыңның қудай жайқа, Жұтады бәрімізді сұм қара жер.
Жанр: Қара өлең
Сауғанмен жалғыз сиыр іркіт болмас, Өнерді бойға біткен іркіп болмас. Мысалы әр нәрсенің, міне, осындай, Сұңқылдап күшіген құс бүркіт болмас.
Жанр: Қара өлең
Сортаң жерге шығады адыраспан, Оңайлықпен қосылмас ажырасқан. Талғап, таңдап ойланбай өмір сүрме, Өтеді деп тірлікте бәрі бастан.
Жанр: Қара өлең
Біртіндеп су молаяр аққан сайда, Арамнан құралмайды тапқан пайда. Болса да білек бірге, саусақ басқа, Бірге өссек те, бірге ойнап жүрмек қайда?
Жанр: Қара өлең
Көрінер шана сұлу қалқанменен, Өткіздік жастық күнді дарқанменен. Кең тағып таралғыны шіренемін, Қолдағы жастық сенің арқаңменен.
Жанр: Қара өлең