Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4389 Жалпы жазба
175,051 Бірегей сөзформа (толық индекс)
3864 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4389 жазба көрсетілуде

Қара өлең үлгілері

Өнер үйрен, білім қу басың жаста, Оңайлықпен табылмас асыл тас та. Өзің де ел ардағы болам десең, Жақсы тұрып, жаманмен араласпа.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қол созады әрнеге әркім қалап, Жетпес не бар жас шақта етсең талап. Бәрінен де болсыншы заман тыныш, Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Кетілмейді жүзі шын алдаспанның, Қисаймайды өкшесі дәл басқанның. «Сабыр түбі—сары алтын» деп күтемін, Қашан келер жан-жүрек жалғасқан күн.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ай нұрланар аспанда толған сайын, Не демейді жау ісің оңған сайын. Ақыл таяқ болғанда, ашу—пышақ, Таусылмай ма таяғың жонған сайын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жабыдан айғыр салма жалды екен деп, Жаманға жалпаң қылма малды екен деп. Жаманға жалпаң қылсаң малды екен деп, Көңілім қайғыланба қалды екен деп.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қара камзол, ақ көйлек құрбың кисін, Көйлегінің етегі жерге тисін. Тату-тәтті ойнап-күл құрбыңменен, Көре алмаған дұшпанның іші күйсін.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Әкемді алсаң ал, Құдай, шешемді ғой, Шекпен тігіп берсе де өлмеймін ғой. Жездедей-ақ әкенің жақындығы, Қара суға шешесіз шөлдеймін ғой.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дұшпанды кім жеңбейді күші болса, Асынған қару-жарақ мысы болса. Болса да бір туғаның теріс қарар, Басыңның бітпес даулы ісі болса.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жоқ іздеудің жолында арыған ат, Өз қолыңда жоқ болса, бәрі де жат. Қолды байлап, аяқты тұсап қойма, Кейінгіге іс қалдыр болар мұрат.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жақсының ғибрат ал ақылынан, Көрмесін ешкім қастық жақынынан. Дұшпанның әр қимылы көз алдыңда, Ағайын аңдып хабар тақымыңнан.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сағынсаң сағыныңыз туысқанды, Туыспен талай көрдік суысқанды. Жыласып көріскенге куә болдық, Ұмытып араздасып қуысқанды.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мақсатқа жетер түбі тура жүрген, Дарияға айланбайды су да бірден. Әркім өз шамасына шақ боп жүрер, Бір әке, бір шешеден туғанымен.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ойнап-күл жастық шақта, шал боларсың, Қу томар басын кескен тал боларсың. Кәрілік түп етектен алған шақта, Қайырылып бір қарауға зар боларсың.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сөйлей бер, қызыл тілім, шал боларсың, Орныңнан жатсаң тұрмас сал боларсың. Қайтесің аңсап өткен балалықты, Жігіттік шағыңа осы зар боларсың.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қызыл тілім, сөйлей бер жақ барында, Қолда дәулет, басымда бақ барында. Тосса да жеті жерден жетпіс пәле, Жаратқан жазым етпес сақтарында.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Шоқтанып қайта жанбас күйген көмір, Жарайды әр қажетке асыл темір. Барында оралыңның ойна да күл, Жеткізбес, желге мінсең, өткен өмір.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жарасқан мойыныңа ақ меруерт, Күлмесең, ойнамасаң тарқай ма дерт. Ұнатсаң өзің теңдес бір құрбыңды, Айтқан сөз, алысқан қол—сертіңе жет.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ойласаң ойпаң бір ме дөңдерменен, Қурайдың парқы бір ме шеңгелменен. Бос белбеу бозбаладан қайыр күтпе, Жеткенше жасы отызға жөнделмеген.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бозторғай бұлбұл болмас сайрағанмен, Майға өтпес жаман пышақ қайрағанмен. Ауыздан тіс кеткен соң ас батпайды, Қазыға қарта қосып шайнағанмен.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жар жақсы қонақ келсе, тарылмаған, Қуырдақ ас болмайды жалындаған. Қарасам сипатыңа жан жетпейді, Қара көк тұқымынан арылмаған.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 75 / 220 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды