Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

5063 Жалпы жазба
199,295 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4031 Құжаттың орташа ұзындығы
Өрістер: title content genre region collector
Операторлар: AND OR NOT
Дәл/нақты тіркес: "..." тырнақшаға алыңыз
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 5063 жазба көрсетілуде

Түлкі, қасқыр, түйе, арыстан

Жапанда жалғыз тағы боп жүрген бір түйеге қаңғыған бір жалғыз түлкі ұшырапты. Екеуі жолдас болып кете беріпті. Бұларға бір қасқыр кездесіп, үшеу болыпты. Үшеуі жолдас болып кете барыпты. Сөйтіп келе жатса, алдарынан бір арыстан жолығыпты. Төртеу болған соң «түгел болдық» деп қуанысып: – Біреуден екеу жақсы, екеуден үше...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.А. Диваев

Түлкінің алдағаны

Бір қасқыр менен бір жолбарыс, бір түлкі үшеуі жолдас болған, жолдас болып үшеуі келе жатқан, бір шелек май тауып алған. Бір жерге үшеуі келіп жатты. Түлкі айтты: «Мына жерде үлкен ағамдікі бар еді, сол ағамның қатыны буаз еді, сол ағамның қатыны бала тапқан екен, соның баласына барып, атын қойып келейін!» – дейді. Қас...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan Жинаушы: В.В. Радлов ATU 0АТ21 ATU 15 ATU АТ56B ATU АТ6 ATU ТМК962

Түлкі мен қырғауыл

Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп: – Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халың қалай? – дейді. Қырғауыл: – Жақсы, өзің қалай тұрсың? – дейді. Түлкі: – Жерге түсіп сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді. Қырғауыл: – Жерге түсуге қорқамын, жерде...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1912 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: С.Көбеев ATU 62 ATU СУС62

Түлкі мен жолбарыс

Бұрынғы уақытта түлкі мен бір жолбарыс жолдас болыпты. Екеуі бір жардың басына келіп қоныпты. Жолбарыс айтыпты: – Мен мына жардан құлап кетемін, сен түлкі, менің астыңғы жағымда жат, – депті. Сөйтсе, түлкі астыңғы жағында жатыпты. Жолбарыс ұйықтап қалғанда, түлкі міне жолбарыстың үстіңгі жағына шығып жатып: – Ай, жолба...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.А. Диваев ATU 10

Өткен замандағы хикаят сөз

Бұрынғы заманда бір түлкі жақын маңайдағы қалаларға түнде барып көшелерін, базарларын аралап күндіз түсіп қалған ет, май, ондай-мұндайларын теріп жеп жүреді екен. Бір күні түнде баяғы қалпынша қыдырып жүрсе, бір бояушының лапкесі ашық қалған екен, соған кіріп, һәмме денесін бояп алыпты. Тіміскілеп жүріп тамағын тойдыры...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1890 Өңір: Kazakhstan

Қу түлкі

Аш түлкі тамақ іздеп келе жатып, біреудің шанамен балық әкетіп бара жатқанын көреді. Аб, міне! Жақсы болды. Мен мынаның балығын алып жейін дейді. Жүгіріп алдынан шығып, өлген болып жолда созылып жата қалады. Әлгі кісі жолда түлкінің өліп жатқанын көреді. – Ә, құдай берді. Тымағым тозып кетіп еді, басыма бір жақсы тымақ...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan ATU І ATU СУС1

Қу түлкі

Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп: – Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, – дейді. Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей: – Мүмкін емес, – дейді. – Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдар менен қалай қорқатынын өз кө...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Н.Төреқұлов

Алты түлкі

Бұрынғы уақытта алты түлкі жолдас болыпты. Алтауының біреуінің құйрығы шолақ екен. Ана құйрығы ұзын бес түлкі: «Сенің құйрығың жоқ», – деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «Осыларды ма, мен осы бес түлкінің қандай қылып құйрықтарын шолақ қылып өзіме тең қылып қоямын», – деп ойлап келіп, тапқан ақылы....

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1920 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.А. Диваев ATU 64

Мысық, жолбарыс және тышқан

Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, жолбарыс хайуанаттардың патшасы болып оларды билеуден бұрын қойдан қоңыр, сиырдан топас, түйеден аңқау екен. Маймыл мен түлкі оны үнемі алдап-арбап келемеж етеді екен. Оның терісі де әсілінде кілең сары түсті болыпты, онда қазіргідей қара теңбілі жоқ екен. Бұл теңбілдер маймыл мен түлк...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1957 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Әкежанұлы ATU 230

Сауысқанның жұмыртқасы мен бөдененің құйрығы

Алақанат сауысқан, бір жылы он сегіз жұмыртқа тауыпты. Ол шалқыған көңілімен ағаштың ұшар басына қонып алып, жұмыртқасын аймалап отырады. Сол шақта момынды алдап, пысықты жалдап кәніккен әлгі түлкі сумаң етіп келе қалады. – Сауысқан, сауысқан жұмыртқаңның бірнешеуін берші! – депті ол сауысқанған. – Жоқ, жоқ! Мен саған...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1957 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Әкежанұлы ATU 122 ATU 122D ATU 56

Ақтырна құйрығы мен қызыл төбетайы

Ертеде ақ тырна мен қарқара жастайынан бірге өсіп, біте қайнасып, қарасу жағасын мекендепті. Ол екеуінің түс-тұрқы, айырғысыз, сирақтары сып-сидам ұзын, денелері аппақ, мойындары сорайған, тұмсықтары біздей үп-үшкір екен. Ол екеуі қатар тұра қалғанда қайсысының ақ тырна, қайсысының қарқара екенін жыға тану қиын екен. Ш...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1957 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Әкежанұлы

Кептердің аяғының қызыл болуы

Тарихта Нұх пайғамбар он сегіз мың ғаламнан ұрық алып келе жатқанда, әбден қалжыраған Нұх пайғамбар кептерге: – Сен жер шалып келсең, мына жан-жануарлар дамылдаса, – дейді. Бұл сөзді естіген кептер дүниені айналып жүріп, бір тауға келсе, су жырып кеткен керішке қонақтап, қайтып барған соң кептер Нұхқа: – Басқа өңірден...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Қайранбай Әбікенұлы

Сарыала қаздың бауыры қалайша сары?

Ертеде, бір бақа мен қоян көкорай текшеде ойнап жүріпті. Олар ойнап жүріп әдемі, кіп-кішкене алтын күбі тауып алыпты. Сонда бақа тұрып: – Мұны мен таптым, алдымен мен көрдім, мен аламын, – депті. Сөйтіп, олар қызыл кеңірдек болып таласыпты. Сәлден соң сөзін тоқтатып, бақаға нәсихат айтыпты. Біз таласуды қояйық, етектен...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1957 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Әкежанұлы ATU 275

Ақбас торғай

Ерте, ерте, ертеде бір жыл үш жүз алпыс бес күн бойына тырс етіп жаңбыр тамбапты. Жер бетіндегі мәуелеп өскен ағаш та, құлпырған әсем гүлдер, жайқалып тұрған өсімдіктердің жапырақтары шыжыған ыстықтың салдарынан сарғайып солыпты. Бұдан былайғы жерде тірі жүрудің қиындығын білген құстар су табудың амалын қарастыру үшін...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1963 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Әкежанұлы

Торғай неліктен жүре алмайды?

Бір кептер үш жұмыртқа тауып, онан үш балапан шайқап шығарыпты. балапандары бара-бара ақ үрпектеніп, сүйкімді болып өсіпті. Балапандарын жанындай жақсы көретін кептер күнде таңертең шыбын-шіркей ұстауға кетіп, балаларына түстік азығы етеді екен. Күндердің бірінде кептер күн ұясынан шыға, ұшып шығып шыбын-шіркей ұстауға...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1963 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Әкежанұлы ATU 229

Қоянның ерні неліктен жырық?

Қай кезде екені белгісіз, бір қырғауыл, бір қасқыр, бір түлкі және бір қоян төртеуі төс соғыстырып, дос болыпты. Олар өздерінің арасында атағы шыққан ақылды қоянның болғандығын зор мәртебе көріп, мәз болады екен, қоян да өзінің шағын топқа басшы болғанын үлкен қуаныш көреді екен. Күндердің бірінде осы төртеуі аң аулауғ...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1963 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Әкежанұлы ATU 56

Маса неге ызыңдайды?

Тарихта Нұх пайғамбар дін жолын үгіттеп жүріп жер жүзіне ашуы түсіп топан су қаптатып жіберіпті де, жершарындағы 18 мың ғаламнан орын алып қалыпты. Осы кезде тышқан кеменің тақтайын тесіп жіберіп, кемені суға толтырыпты. Мұны көрген жылан: – Мен кемеге кіріп жатқан суды тоқтатсам, талабымды орындайсың ба? – деген екен....

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Қайранбай Әбікейұлы

Адам өмірі

Дүниені тегіс жаратып болған соң жер мен көкті жаратушы – адамды, басқа мақлұқты өзінің алдына шақырыпты. Сондағы ойы олардың әрбіріне бір түрлі мінез, дүниеде тұруына белгілі өмір беру екен. Ең алдымен барған адам екен, оған айтыпты: – Сен адам, жаратылғандардың ішінде сенің суретің, сипатың артық. Саған сөйлеуге сөз,...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan ATU 173 ATU СУС828

Көк өгіздің тарихы жайында

Ерте заманда бір сиырдан туған көк бұзау ержетіп, ешкім мінбей, ешкім ұстамай, ешкім саумай, бұғы маралдай болып тел өсті. Өзі семіз болды. Сол дене, дәулетіне мастанып, сиыр жынысын өзі шабан, өзі көріксіз, денесі келісімсіз, тұяғы сыртылдақ деп менсінбей төңірекке қарап түйені, есекті көріп оларды да менсінбей жүрген...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Жантөбетов Жақсыбай

Жылқы мен бұғы

Баяғы заманда жылқы емін-еркін өз бетімен жүрген жабайы аң екен. Ешқандай айдау-қайыруды білмепті. Қысты күндері қары жұқа жазық даланы, шөбі қалың тоғайды, өзен бойындағы құрақты жерлерді, көл жағасындағы қалың қопаны мекендепті. Ал жазды күндері тауға шығып, мол сай-салада жайылып жүріпті. Қалың қарағай арасындағы ал...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan
Алдыңғы 250 / 254 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды