Аспан әлемі
Ғажайып сылақтаған бір арғымақ, Бірі алтын, бірі күміс екі құлақ, Болғанда жеті әйелмен аямай-ақ. (Күн, ай, отыз күн, апта)
Іздеу интерфейсі
Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі
Ғажайып сылақтаған бір арғымақ, Бірі алтын, бірі күміс екі құлақ, Болғанда жеті әйелмен аямай-ақ. (Күн, ай, отыз күн, апта)
Көк жүзіне қарасаң, төбеңде тұрады, Көл бетіне қарасаң, төменде тұрады. (Күн, ай, жұлдыздар)
Бір анасы, Бір атасы, Бірнеше мың баласы. (Ай, күн, жұлдыздар)
Керегенің басында кепкен жаулық, Кет десем де кетпейді, неткен жаулық? (Күннің кереге басына түскен сәулесі)
Жалғанда бір нәрсе бар аяқ қапты, ұшады кешке дейін дамыл таппай. (Күннің көзі)
Ақ сандығым ашылды, Қызарып жалын шашылды. (Күн)
Ақ сандығым ашылды, Ішінен дүрлер шашылды. (Күннің көзі)
Ұзын-ұзын сырғанақ, Ұшығына кім жетер? Асыл бесік күйкентай, Жұмыртқасын кім табар? (Күннің батуы, шығуы)
Аспанда бір айна бар, Әлемді көріп айналар. (Күн)
Қызыл күлше тау асады, Ыстық нұрын шашады. (Күн)
Көк жиекті шай табақта Алтын алма тербелер. Кейде бүркер алма жүзін Ұлпа мақта пернелер. (Күн)
Дүниеде бір алыпты көрдім күшті, Бар салмақ дүниедегі соған түсті, Құнарлы қуатынан тояттанып, Әртүрлі жер бетінде жеміс пісті. (Күн)
Ар жағында орманның, Ар жағында таулардың, Алтын кеспек домалар. (Күн)
Жаратқан жан біткенді бір Құдай-ды, Жаратты жарық үшін күн мен айды. Бұрынғы ноғай-қазақ заманында, Сөйлеймін Қарабай мен Сарыбайды. Жарасқан нар түйеге биік өркеш, Мен сөйлесем, жұрт тыңдар ертеңді-кеш. Екеуін сәтті күні Құдай қосқан, Баянға ғашық болған Қозы Көрпеш. Сөз қылдым Қарабай мен Сарыбайды, Ноғайлыны екеуі а...
Кемел ақын келтірер сөздің түрін, Оған да заман өткен бір ықылым. Кешегі ол бір қатар заманында Өтіпті екі байың бізден бұрын. Солар да бізден бұрын өткен жандар, Сап қасқа, өңшең манап сөзді аңдаңдар. Қалыпсыз Қарабайдай бай өтіпті, Тоқсан мың, Тәңір алса да, жылқысы бар. Солар да бай болыпты дүние боқ, Өзіне Құдай бе...
Орманбеттің аттанған он сан ноғай, Біреуінің ақылы он сан қолдай. Мұз тауына екі хан келді көшіп, Ертістегі орысқа бодан болмай. Орманбеттің аттанған он сан ноғай, Біреуінің ақылы он сан қолдай. Қара хан, Сары хандай бай өтіпті, Екеуі заманында болып орай. Орманбеттің аттанған он сан ноғай, Біреуінің ақылы он сан қолда...
Мекен іздеп, жігіттер, кел кетелі, Ортасында көктөбе белгі етелі. Азаматым, ерінбей тыласаңыз, Қозы Көрпеш – Баянды тербетелі. Қыл көпірден адамды айдар еміс, Қылмысшылды тамұққа айдар еміс. Тыңдай тұрған жігіттер, ерлер болса, Ерте заман бір екі бай бар еміс. Сол екі байдың жайлауы төмен еміс, Киік атып, аң етін жеген...
Табан, табан, табан ақ, Табаны жалпақ қоян ақ. Күлген көзі күмістен, Келе жатыр қоян ақ. (Күн)
Жалғанда бір нәрсе бар аяқ қапты, Ұшады кешке дейін дамыл таппай. (Күн)
Ай далада ақ шатыр, Ақ шатырдың ішінде Қызыл көзді шал жатыр. (Аспан, күн)
Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.
Мақалалар
Мақалалар, зерттеу нәтижелері
Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды