Ертеде елдің надан өмірінде Тарихы көп жылдардың куә бізге. Ақсақал елді билеп, ру қуып, Быт-шыт боп берекесіз жүрген кезде. Шығыпты Арғын, Найман, Керей, Уақ, Басты ру Орта жүздің бөлігінде. Арғын көп, Найман аздау кездері екен, Басы Сыр, аяғы Алтай жүрген кезде. Қарасам шежіренің бетін ашып, Өткенге таң қаласың аузың...
Жанр: Шежіре
Жыл: 1991
Өңір: Қазақстан
Бірінші, менің атым Қожамбет-ті, Өз әкем ол – Олжабай өтіп кетті. Одан арғы атамыз Төбетай-ды, Біздерге, міне, келіп дәурен жетті. Төртінші, арғы атам – Өтенбай-ды, Бесінші, қыдыр қонған Өмірбай-ды. Алтыншы атам сұрасаң, Көшей екен, Қонысы бар жетімге болған жайлы. Жетінші атам, сұрасаң, Айбас-Тоқа, Шүйке шешем ұстапты...
Жанр: Шежіре
Жыл: 1949
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: І.Манкин
Бисмилла рахмани рахим Жарандар, жәрдем тіле жалғыз Ақтан, Бақ тайса, патша құлар алтын тақтан. Ісіңе Құдіреттің қарасаңшы, Жаралған Адам Ата топырақтан. Жүріпсің бәрің дағы жігітпіз деп, Атаңның атын білсең, сонда мақтан. Атамыз Адамнан соң Шеш пайғамбар, Сауап табар шежіре білген жандар. Баласы Шеш пайғамбар Әшүш еке...
Жанр: Шежіре
Жыл: 2011
Өңір: Қазақстан
Қолыма сөз жазуға қалам алдым, Ескірген, көне сөзге құлақ салдым. Біреуден пұлға сатып алғаным жоқ, Несіне бөгелемін қолда бардың. Қағазға білгенімді жастайымда, Артыма сөз ғып оны тастайын да. Кейінгі ұрпағыма мирас болсын, Қалды сөз, шежіреден бастайын да. Жазайық ұрпақ үшін білгенімді, Шамамша тіршілікте көргенімді....
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: C.Қарамендин
Жараттың жанның бәрін Жаппар Халық, Жеткерсең, рахметің көп қазыналық. Адамға ажал мирас болғаннан соң, Бара жатыр: біреу – кетіп, біреу – қалып. Білгенге баяны жоқ бұл дүниенің, Әркімге-ақ еткен жоқ па би-опалық. Алланың сүйген досты – Ақ Сәруары Көркейткен ислам жолын шамдай жарық. Шаһариар Әбубәкір, Омар, Оспан, Күш...
Жанр: Шежіре
Жыл: 1964
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә.Қайнарбаев
Ұлы жүз аймағында Алатаудың, Оңтүстіктен ырғалған бақша-баудың. Жетісу мен Түркістан, Сырдария, Мекендеген арасын Қаратаудың. Ұлы жүздің Кейкі би бел баласы, Жалқы боп туса керек ол шамасы. Кейкіден Төбей туған төрт ұлы бар, Осылай шежіренің бастамасы. Тұқымы өсіп-өнген Төбей екен, Жалқы боп аталары көбеймеген. Қойылды...
Жанр: Шежіре
Жыл: 1946
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қ.Саттаров
Нұх нәби түп атамыз саналады, Үш нәсіл үш ұлынан таралады. Есімі Хам, Сам, Япыс – үш ұлының Жер жүзі халықтардың бабалары. Қаптаған жердің жүзін болған топан, Кемемен сол апаттан қалған аман. Таралып үш ұлынан барлық халық, Сондықтан деп атаймыз – екінші адам. Хамнан нәсіл тараған қара халық, Бұл арасы тарихта болған а...
Жанр: Шежіре
Жыл: 1983
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ғ.Әмірхамзин
Қолға алып домбырамды аттанайын, Көңілде не бар екен ақтарайын. Жібекке меруертті қолмен тізіп, Нақыштап сөз өрнегін тақталайын. Халықтың қарауына берілейін, Асқақтап артық айтып аттамайын. Ел тыңдап, еңбегімді бағаласын, Несіне күні бұрын мақтанайын. Қағазға қалдырайын білгенімді, Өнерлі ер жігіттен ауытқымайын. Бір к...
Жанр: Шежіре
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: М.Байбатыров
Ал ұста, ойды тербеп, қолға қалам, Жалқау боп, жүре бермей, болма сараң. Артыңа аз да болса бір сөз қалдыр, Бар болса, баста пікір, ойда санаң. Жаз жинап тарихтардан көргеніңді, Естіген қариялардан білгеніңді. Әртүрлі шежіренің нұсқасынан Жинақтап азды-көпті тергеніңді. Жазып көр, атаң қазақ шежіресін, Сен сұра, ол тур...
Жанр: Шежіре
Жыл: 1876
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қ.Қоржынұлы
Заманда ел билеген хандар өткен, Толғауы жоқ тоңмойын жандар өткен. Хат танымас қазынадан халық қанап, Аң патшасы арыстан түсті бетпен. Хан атаққа мәз болып жарлық шашқан, Заң-зәкүн, жол-жораны байқамастан. Бас салған, басын алған, қанға малған, Кімде-кім қарсыласса, қайраты асқан. Жеңген елін, жерін алып жеңілгеннің,...
Жанр: Шежіре
Жыл: 1946
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ж.Аралбаев
Ал ұста, Әлмағамбет, қолға қалам, Денсаулық, берсін қуат, Хақ Тағалам! Артыңа аз да болса, бір сөз қалдыр, Бір нұсқа шежіре сөз, келсе шамаң. Жаз жинап, тарихтан көргеніңді, Есітіп, бұл туралы білгеніңді. Кейінгі жас буындар шамаласын, Сенің де не кәсіпте жүргеніңді. Жазып көр, атаң қазақ шежіресін, Сірә, сен бұл турал...
Жанр: Шежіре
Жыл: 1932
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: М.Смағұл
Жазуға түрік нәсілі алдым қолға, Жәрдем ет, Жаратушы, өзің оңла. Патшасы патшалардың бір өзіңсің Сала гөр, қате кетсем, тура жолға. Барша әлем қолыңызда жанды-жансыз, Күнбатыс әм күншығыс, оң мен сол да. Бір зат жоқ әміріңе бағынбайтын Хан менен ханзадалар, алтын орда. Жараттың жоқтан жасап барша әлемді, Адамзат хайуан...
Жанр: Шежіре
Жыл: 1960
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Т.Меңлібайұлы
Бисмиллаһир рахманир рахим Бастайын сөзді бастап бисмилладан, Соңыра хамд салауат жаздым сєлем. Мақам, жақсы бір қисса сөйлейін деп, Бастадым, Алла жәрдем берсін маған. Ал тыңла, Баһрамнан сөз келеді, Кетпейді жастайым[нан] әсер мәнді. Әкесі Үлгаш хан, өзі – патша, Мықты тұрған билері Үрім шаһары. Үшбу қисса тыңласаң «...
Жанр: Ғашықтық дастан
Жыл: 1908
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ш. Құсайынов
Бағдат Мысыр бірлән екі үлкен шәр, Бұл сөзге құлағың сал, ей, жаранлар. Орнына пайғамбардың әмір еткен, Бағдатта Назым дейтін халифа бар. Көндірген әміріне жанның бәрін, Айтайын хикая қып болған халін. Қарайды әміріне дін мұсылман, Жұртына патшалығы болып мәлім. Мысырды билеп тұрған Құжаз патша, Жұртына әділдік жоқ, бо...
Жанр: Ғашықтық дастан
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қанапиянов Қ.
Әуелде сөз айтайын «бисмилладан»,
Өлмей қалмас анадан туған адам.
Өлмей тұрып бiр қисса сөйлейiн мен,
Туған жан бәрi де айрылар ата-анадан.
Сөйлейiн бұрынғы өткендерден,
Бенде болып дүниядан кеткендерден.
Ғашығынан басқаға көңiл берген,
Ахир Құдай тiлегiн бергендерден.
Тыңлай көр, бұл сөзiме құлақ салып,
Дүнияда ғарiпт...
Жанр: Ғашықтық дастан
Жыл: 1880
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Белгісіз адам
Атыңнан айналайын, Әуел Алла, Асан қыл тұғыры жолны барша жанға. Хикаядан тысқары сөз сөйлетiп, Дозаққа шерменде қып бiзнi салма. Құдай-а, тұғыры сөйлет тiлiмiзнi, Өткiзбе күнәменен күнiмiзнi. Иләһи, рақым қылып фазылың бiрлән, Сақтай көр жаман жолдан дiнiмiзнi... Бисмилла, сөз бастайын, иә, Рахман, Дүниеде қанша мақұл...
Жанр: Ғашықтық дастан
Жыл: 1897
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақ
Ертеде Қарабай деген бай болыпты. Бұл Қарабай төрт түлік малға сай болыпты. Қарабай бәйбішесі екеуі де қартайғанша отырады. Бұлардың бұрынғы туған балалары өліп, мұнан кейін бәйбішесі тағы да жүкті болып, бір ұл табады. Ол баласының атын Бозаман деп қояды. Бозаман күн сайын, ай сайын өсіп үлкейеді. Өзі әрі байдың мырза...
Жанр: Ғашықтық дастан
Жыл: 1952
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Рамазан Айтқожин
«Бисмилла», мен сөйлеймiн, Патша Құдай, Бiз ғасы пенделерде көп қой күнә-ай. Қыл көпiр қияметтiң өтерiнде, Болады заманымыз әлде қандай. Екiншi жәрдем берсiн Пайғамбарым, Шапағат қыл үмiтiңнiң һәммаларын. Ақылбек Сабалұғлы қисса жазсам, Үшiншi жәрдем қылғыл шаһариарым. Төртiншi жәрдем бергiл жұмла әулие, Соларды өткiзб...
Жанр: Ғашықтық дастан
Жыл: 1911
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ақылбек Сабалұлы
Әуелi бiр Құдаға хамду сәна, Дәрүрi Мұстафаға болсын жәна. Алланың сүйер досты нұрдан болған, Салауат Мұхаммедке болып жәна. Екiншi жад етемiн Тәңiрiм атын, Ғарiптiң қабыл әйла мiнәжатын. Пайғамбар расул досты қайдум тұтып, Ғарiптiң аман еткiл бар қажетiн. Қажет көп бiз пақырда көңiлге алған, Ете алмай мақсат хасыл бол...
Жанр: Ғашықтық дастан
Жыл: 1948
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Е. Есенжолов
Баяғы заманда орта жүз арғын ішінде өзі батыр, өзі би Шақшақ атты адам болыпты. Шақшақ бес жасынан найза ұстап, садақ тартып, ерлігін жұртына танытыпты. Он жасқа келгенде халыққа билік айтып, қара қылды қақ жарған, алдынан бітпей дау, айтылмай сөз кетпеген асқан шешен, би болыпты. Үш жүзді аузына қаратып, басына әруақ,...
Жанр: Тарихи жыр
Өңір: Қазақстан