Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

5063 Total records
199,295 Unique word forms (full index)
4031 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 5063 records

Көкжарлы мен Бура

Ертеде елдің надан өмірінде Тарихы көп жылдардың куә бізге. Ақсақал елді билеп, ру қуып, Быт-шыт боп берекесіз жүрген кезде. Шығыпты Арғын, Найман, Керей, Уақ, Басты ру Орта жүздің бөлігінде. Арғын көп, Найман аздау кездері екен, Басы Сыр, аяғы Алтай жүрген кезде. Қарасам шежіренің бетін ашып, Өткенге таң қаласың аузың...

Genre: Шежіре Year: 1991 Region: Қазақстан

Жыр-шежіре

Бірінші, менің атым Қожамбет-ті, Өз әкем ол – Олжабай өтіп кетті. Одан арғы атамыз Төбетай-ды, Біздерге, міне, келіп дәурен жетті. Төртінші, арғы атам – Өтенбай-ды, Бесінші, қыдыр қонған Өмірбай-ды. Алтыншы атам сұрасаң, Көшей екен, Қонысы бар жетімге болған жайлы. Жетінші атам, сұрасаң, Айбас-Тоқа, Шүйке шешем ұстапты...

Genre: Шежіре Year: 1949 Region: Қазақстан Collector: І.Манкин

Адам әлейһисаламнан бері қарайғы ұрпақ, руларға дейінгі шежіре

Бисмилла рахмани рахим Жарандар, жәрдем тіле жалғыз Ақтан, Бақ тайса, патша құлар алтын тақтан. Ісіңе Құдіреттің қарасаңшы, Жаралған Адам Ата топырақтан. Жүріпсің бәрің дағы жігітпіз деп, Атаңның атын білсең, сонда мақтан. Атамыз Адамнан соң Шеш пайғамбар, Сауап табар шежіре білген жандар. Баласы Шеш пайғамбар Әшүш еке...

Genre: Шежіре Year: 2011 Region: Қазақстан

Шежіре өлең

Қолыма сөз жазуға қалам алдым, Ескірген, көне сөзге құлақ салдым. Біреуден пұлға сатып алғаным жоқ, Несіне бөгелемін қолда бардың. Қағазға білгенімді жастайымда, Артыма сөз ғып оны тастайын да. Кейінгі ұрпағыма мирас болсын, Қалды сөз, шежіреден бастайын да. Жазайық ұрпақ үшін білгенімді, Шамамша тіршілікте көргенімді....

Genre: Шежіре Region: Қазақстан Collector: C.Қарамендин

Шежіре

Жараттың жанның бәрін Жаппар Халық, Жеткерсең, рахметің көп қазыналық. Адамға ажал мирас болғаннан соң, Бара жатыр: біреу – кетіп, біреу – қалып. Білгенге баяны жоқ бұл дүниенің, Әркімге-ақ еткен жоқ па би-опалық. Алланың сүйген досты – Ақ Сәруары Көркейткен ислам жолын шамдай жарық. Шаһариар Әбубәкір, Омар, Оспан, Күш...

Genre: Шежіре Year: 1964 Region: Қазақстан Collector: Ә.Қайнарбаев

Қазақ шежіресі

Ұлы жүз аймағында Алатаудың, Оңтүстіктен ырғалған бақша-баудың. Жетісу мен Түркістан, Сырдария, Мекендеген арасын Қаратаудың. Ұлы жүздің Кейкі би бел баласы, Жалқы боп туса керек ол шамасы. Кейкіден Төбей туған төрт ұлы бар, Осылай шежіренің бастамасы. Тұқымы өсіп-өнген Төбей екен, Жалқы боп аталары көбеймеген. Қойылды...

Genre: Шежіре Year: 1946 Region: Қазақстан Collector: Қ.Саттаров

Сатыпалдин Файзолла қаридің өлең шежіресі

Нұх нәби түп атамыз саналады, Үш нәсіл үш ұлынан таралады. Есімі Хам, Сам, Япыс – үш ұлының Жер жүзі халықтардың бабалары. Қаптаған жердің жүзін болған топан, Кемемен сол апаттан қалған аман. Таралып үш ұлынан барлық халық, Сондықтан деп атаймыз – екінші адам. Хамнан нәсіл тараған қара халық, Бұл арасы тарихта болған а...

Genre: Шежіре Year: 1983 Region: Қазақстан Collector: Ғ.Әмірхамзин

Үш жүздің шежіресі

Қолға алып домбырамды аттанайын, Көңілде не бар екен ақтарайын. Жібекке меруертті қолмен тізіп, Нақыштап сөз өрнегін тақталайын. Халықтың қарауына берілейін, Асқақтап артық айтып аттамайын. Ел тыңдап, еңбегімді бағаласын, Несіне күні бұрын мақтанайын. Қағазға қалдырайын білгенімді, Өнерлі ер жігіттен ауытқымайын. Бір к...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан Collector: М.Байбатыров

Қазақ шежіресінен өлеңмен жазылған қысқаша мазмұндама

Ал ұста, ойды тербеп, қолға қалам, Жалқау боп, жүре бермей, болма сараң. Артыңа аз да болса бір сөз қалдыр, Бар болса, баста пікір, ойда санаң. Жаз жинап тарихтардан көргеніңді, Естіген қариялардан білгеніңді. Әртүрлі шежіренің нұсқасынан Жинақтап азды-көпті тергеніңді. Жазып көр, атаң қазақ шежіресін, Сен сұра, ол тур...

Genre: Шежіре Year: 1876 Region: Қазақстан Collector: Қ.Қоржынұлы

Қазақ шежіресі

Заманда ел билеген хандар өткен, Толғауы жоқ тоңмойын жандар өткен. Хат танымас қазынадан халық қанап, Аң патшасы арыстан түсті бетпен. Хан атаққа мәз болып жарлық шашқан, Заң-зәкүн, жол-жораны байқамастан. Бас салған, басын алған, қанға малған, Кімде-кім қарсыласса, қайраты асқан. Жеңген елін, жерін алып жеңілгеннің,...

Genre: Шежіре Year: 1946 Region: Қазақстан Collector: Ж.Аралбаев

Қазақ шежіресі (қысқаша)

Ал ұста, Әлмағамбет, қолға қалам, Денсаулық, берсін қуат, Хақ Тағалам! Артыңа аз да болса, бір сөз қалдыр, Бір нұсқа шежіре сөз, келсе шамаң. Жаз жинап, тарихтан көргеніңді, Есітіп, бұл туралы білгеніңді. Кейінгі жас буындар шамаласын, Сенің де не кәсіпте жүргеніңді. Жазып көр, атаң қазақ шежіресін, Сірә, сен бұл турал...

Genre: Шежіре Year: 1932 Region: Қазақстан Collector: М.Смағұл

Түрік тайпалары және қазақ үйсіндері

Жазуға түрік нәсілі алдым қолға, Жәрдем ет, Жаратушы, өзің оңла. Патшасы патшалардың бір өзіңсің Сала гөр, қате кетсем, тура жолға. Барша әлем қолыңызда жанды-жансыз, Күнбатыс әм күншығыс, оң мен сол да. Бір зат жоқ әміріңе бағынбайтын Хан менен ханзадалар, алтын орда. Жараттың жоқтан жасап барша әлемді, Адамзат хайуан...

Genre: Шежіре Year: 1960 Region: Қазақстан Collector: Т.Меңлібайұлы

Қисса Баһрам

Бисмиллаһир рахманир рахим Бастайын сөзді бастап бисмилладан, Соңыра хамд салауат жаздым сєлем. Мақам, жақсы бір қисса сөйлейін деп, Бастадым, Алла жәрдем берсін маған. Ал тыңла, Баһрамнан сөз келеді, Кетпейді жастайым[нан] әсер мәнді. Әкесі Үлгаш хан, өзі – патша, Мықты тұрған билері Үрім шаһары. Үшбу қисса тыңласаң «...

Genre: Ғашықтық дастан Year: 1908 Region: Қазақстан Collector: Ш. Құсайынов

Нұғыман - Нағиманның қиссасы

Бағдат Мысыр бірлән екі үлкен шәр, Бұл сөзге құлағың сал, ей, жаранлар. Орнына пайғамбардың әмір еткен, Бағдатта Назым дейтін халифа бар. Көндірген әміріне жанның бәрін, Айтайын хикая қып болған халін. Қарайды әміріне дін мұсылман, Жұртына патшалығы болып мәлім. Мысырды билеп тұрған Құжаз патша, Жұртына әділдік жоқ, бо...

Genre: Ғашықтық дастан Region: Қазақстан Collector: Қанапиянов Қ.

Қисса қожа Ғаффан

Әуелде сөз айтайын «бисмилладан», Өлмей қалмас анадан туған адам. Өлмей тұрып бiр қисса сөйлейiн мен, Туған жан бәрi де айрылар ата-анадан. Сөйлейiн бұрынғы өткендерден, Бенде болып дүниядан кеткендерден. Ғашығынан басқаға көңiл берген, Ахир Құдай тiлегiн бергендерден. Тыңлай көр, бұл сөзiме құлақ салып, Дүнияда ғарiпт...

Genre: Ғашықтық дастан Year: 1880 Region: Қазақстан Collector: Белгісіз адам

Қисса Жиһаншаһ Тамузшаһұғылы

Атыңнан айналайын, Әуел Алла, Асан қыл тұғыры жолны барша жанға. Хикаядан тысқары сөз сөйлетiп, Дозаққа шерменде қып бiзнi салма. Құдай-а, тұғыры сөйлет тiлiмiзнi, Өткiзбе күнәменен күнiмiзнi. Иләһи, рақым қылып фазылың бiрлән, Сақтай көр жаман жолдан дiнiмiзнi... Бисмилла, сөз бастайын, иә, Рахман, Дүниеде қанша мақұл...

Genre: Ғашықтық дастан Year: 1897 Region: Қазақстан Collector: Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақ

Бозаманның қиссасы

Ертеде Қарабай деген бай болыпты. Бұл Қарабай төрт түлік малға сай болыпты. Қарабай бәйбішесі екеуі де қартайғанша отырады. Бұлардың бұрынғы туған балалары өліп, мұнан кейін бәйбішесі тағы да жүкті болып, бір ұл табады. Ол баласының атын Бозаман деп қояды. Бозаман күн сайын, ай сайын өсіп үлкейеді. Өзі әрі байдың мырза...

Genre: Ғашықтық дастан Year: 1952 Region: Қазақстан Collector: Рамазан Айтқожин

Қисса Таһир - Зүһра

«Бисмилла», мен сөйлеймiн, Патша Құдай, Бiз ғасы пенделерде көп қой күнә-ай. Қыл көпiр қияметтiң өтерiнде, Болады заманымыз әлде қандай. Екiншi жәрдем берсiн Пайғамбарым, Шапағат қыл үмiтiңнiң һәммаларын. Ақылбек Сабалұғлы қисса жазсам, Үшiншi жәрдем қылғыл шаһариарым. Төртiншi жәрдем бергiл жұмла әулие, Соларды өткiзб...

Genre: Ғашықтық дастан Year: 1911 Region: Қазақстан Collector: Ақылбек Сабалұлы

Қисса Ләйлі - Мәжнүн

Әуелi бiр Құдаға хамду сәна, Дәрүрi Мұстафаға болсын жәна. Алланың сүйер досты нұрдан болған, Салауат Мұхаммедке болып жәна. Екiншi жад етемiн Тәңiрiм атын, Ғарiптiң қабыл әйла мiнәжатын. Пайғамбар расул досты қайдум тұтып, Ғарiптiң аман еткiл бар қажетiн. Қажет көп бiз пақырда көңiлге алған, Ете алмай мақсат хасыл бол...

Genre: Ғашықтық дастан Year: 1948 Region: Қазақстан Collector: Е. Есенжолов

Шақшақұлы Ер Жәнібек (Иманжан Жылқайдарұлы нұсқасы)

Баяғы заманда орта жүз арғын ішінде өзі батыр, өзі би Шақшақ атты адам болыпты. Шақшақ бес жасынан найза ұстап, садақ тартып, ерлігін жұртына танытыпты. Он жасқа келгенде халыққа билік айтып, қара қылды қақ жарған, алдынан бітпей дау, айтылмай сөз кетпеген асқан шешен, би болыпты. Үш жүзді аузына қаратып, басына әруақ,...

Genre: Тарихи жыр Region: Қазақстан
Previous Page 219 of 254 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment