Қара өлең
Боз аттың бойдай талай боғындайсың, Келіншектің тана-моншақ шоғындайсың. Әріптес, тілің шешен, сөзің өткір, Мырыштың дәлдеп атқан оғындайсың.
Іздеу интерфейсі
Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі
Боз аттың бойдай талай боғындайсың, Келіншектің тана-моншақ шоғындайсың. Әріптес, тілің шешен, сөзің өткір, Мырыштың дәлдеп атқан оғындайсың.
Боз аттың бойдай талай тіліндейсің, Қырмызы қызыл гүлдей күлімдейсің. Қорымнан аңдып басқан қаракердей, Қара өлеңге келгенде сүрінбейсің.
Боз аттың бойдай талай құйрығысың, Сайраған сахараның бұлбұлысың. Кез болған қиуада, қос әріптес, Өлеңнің шалдықпайтын дүлдүлісің.
Боз аттың бойдай талай жалындайсың, Ешкімнен өлең сұрап жалынбайсың. Кез болған қиуада, қос әріптес, Өлең сөзге келгенде арындайсың.
Боз аттың секілдісің арқасындай, Сырың бар қатпарланған құз тасындай. Келгенде қара өлеңге дес бермейсің, Қияның құзғын ұшпас жартасындай.
Боз аттың бойдай талай басындайсың, Емілдің орқаш-орқаш тасындайсың. Кез болған қиуада, қос әріптес, Қара өлеңге келгенде тасқындайсың.
Боз аттың бойдай талай белдемесі, Қолқа, жүрек – адамның жан денесі. Боз аттың бар мүшесін өлең қылсам, Қозады шын ақынның делебесі.
Боз аттың бойдай талай бой денесі, Адамның қолқа, жүрек – жан денесі. Боз аттың бар мүшесін өлең қылсам, Шықпасын әріптестің сонда есі.
Боз атым жас күнінде қаракөк-ті, Қара көк жылқы ішінде болар текті. Айта бер боз атыңды бір-бір бастан, Өлеңші жан екенсің сөзге епті.
Басынан қой суардым мөлдір бұлақ, Маңырар, енесі өлсе, жетім лақ. Жұмбағын мал өлеңнің айтсам бірден, Шешімін табу сізге қиынырақ.
Бастаған мың жылқыны қайқаң бие, Көтерген ауыр жүкті атан түйе. Кеткенде ауылың алыс, қимас қалқам, Түйемді көшкен сайын сен жетеле.
Барғанда саржайлауға көтерем қой, Түбінде мал болмайды жөтелген қой. Бар болса ауылыңда осындай қой, Қалқатай, жинап алып тойыңа сой.
Базардан алып келген ақшым бөз бар, Ішінде ақшым бөздің ырғай кез бар. Кем ақыл, сен білмесең, мен айтайын, «Шығыпты түйе сордан» деген сөз бар.
Табылар сөйлесе сөз жоқтан ғайып, Сөзде қате көрінсе қылма айып. Кешегі хазірет Расулдың заманында Бір үлкен соғыс болды таңғажайып. Аяман “ал” дегенде тіл мен жақты, Ұқсаған тыңлағанға ынтымақты. Сөйлейін Пайғамбардан бір хикаят, Отырған көп жамағат, сал құлақты. Анық бір күн табармыз о дүнияны, Өлсек қайтып көрмейміз...
Базардан алып келген ақшым бөз бар, Ішінде ақшым бөздің ырғай кез бар. Қалқатай, сен білмесең, мен айтайын, «Шығыпты ешкі тастан» деген сөз бар.
Базардан алып келген қызыл күлше, Қамшылап жылан бауыр дүлдүл мінші. Жез таңдай, күміс көмей ақын болсаң, Шығыпты ешкі қайдан, соны білші?
Базардан алып келген ақшым бөз бар, Ішінде ақшым бөздің ырғай кез бар. Кем ақыл, сен білмейсің мен айтайын, «Шығыпты жылқы желден» деген сөз бар.
Базардан алып келген қызыл күлше, Қамшылап жылан бауыр дүлдүл мінші. Алдыңа ақын болсаң, сала айтайын, Шығыпты жылқы қайдан, соны білші?
Базардан алып келген ақшым бөз бар, Ішінде ақшым бөздің ырғай кез бар. Қалқатай, сен сұрасаң, мен айтайын, «Шығыпты қой бейістен» деген сөз бар.
Базардан алып келген қызыл күлше, Қамшылап жылан бауыр дүлдүл мінші. Көсілген көмекейің ақын болсаң, Шығыпты қойлар қайдан, соны білші?
Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.
Мақалалар
Мақалалар, зерттеу нәтижелері
Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды