Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

5063 Жалпы жазба
199,295 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4031 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 5063 жазба көрсетілуде

Мафрузаның уақиғасы

Мысырда хан сарайында уәзірлердің мәжілісі болды. Мәділіске Атымтай жомарт та қатысады. Сарайға жиналған уәзірлер Атымтайды алғаш көргенде, жомарттығы қандайлық дәрежеде екен деген сияқты кейбіреулері таңғыр қасты. Содан бір сыпыра жомарттық туралы сөз басталды. Атымтайға таныс адамдар, Атымтайдың жомарттығын мақтады....

Жанр: Новеллалық ертегі Жыл: 1962 Өңір: Қазақстан Жинаушы: И. Байназарұлы

Балықшы шал

Бұрынғы өткен заманда, теңіздің жағасынба бір кәрі шал өмірінше балық аулап күн көріпті. Ауына күніне үш шабақтан артық түспейтін болыпты. Кей күні о да түспей, аш жататын күндері де болған екен. Шал мен кемпірдің он үш жасар Мергүл деген жалғыз қызы бар екен. Қыз он үшке келгенше көзге де түспепті, құлаққа да ілікпепт...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Т. Байжанов

Өнеге

Бұрынғы заманда бір шәһәр бар екен. Бұл шәһәрдің ханы болыпты. Ол күнде жаман киініп, жабайы кісі болып, шәһәрді, базарды аралап жүреді екен. Күндерде бір күн хан базарды аралап келе жатып, басына бір кесек алтын, аяғына бір кесек алтын қойып жатқан бір адамды көреді. Мұны көріп, хан таң қалып, неше күндей мұны сыртына...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.Х. Марғұлан

Қарттың ұлына өсиеті

Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып: —Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал, ас жесең, бал же,—деп, өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін істей бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады, ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт жарлы болады. Бір күні жігіт...

Жанр: Новеллалық ертегі Жыл: 1898 Өңір: Қазақстан

Күлше қыз

Ерте уақытта Махмұт деген хан болыпты. Күндердің бір күнінде хан қол астындағы халқына тегіс хабар салыпты. «Үш ауыз сөз сұраймын, соны шешкен адамға ат басындай алтын беремін. Қарт болса, ақылшы қылып өз қасыма аламын. Жас болса, орнымды беріп соңына еремін!»,—дейді. Сонымен бар халқы жиналғаннан кейін хан өзінің айта...

Жанр: Новеллалық ертегі Жыл: 1957 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Н. Әминов

Молданың үйінде оқыған бала

Ертеде бір молда болыпты. Молданың оқытқан отыз тоғыз баласы болыпты. Отыз сегізінің әкесі, шешесі бар да, біреуінің әкесі, шешесі жоқ жетім болыпты. Отыз сегіз бала бірін-бірі қонаққа шақырады екен, бір күні жетім баланың шақыратұғын күні екен. Жетім бала шақырайын десе, үйі жоқ, беретін асы да жоқ. Бала ойланды, етег...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә. Дабылов

Хан қызы

Бұрынғы заманда бір хан болыпты. Ханның бір қызы болыпты. Төрт уәзірі болыпты. Хан сейілге шығыпты, қасында бір уәзірі болыпты. Ханның алдынан екі қоңыр қаз ұшып барады екен. Хан уәзіріне айтты: «Осы екі қоңыр қаздың тілін маған айт! Не деп кетіп барады?»,—деді. Уәзірі айтты; «Тақсыр, мен білмеймін». Хан айтты: «Айт! А...

Жанр: Новеллалық ертегі Жыл: 1870 Өңір: Қазақстан Жинаушы: В.В. Радлов

Қарахан ертегісі

Қарахан деген қадірлі хан болыпты. Қырық уәзірімен бір жерге сейілге шығыпты. Әлгі сейілге шыққанда қырық уәзірдің қасында қырық кісі бар екен. Сейілге шығып жолда келе жатқанда Қараханның қамшысы қолынан түсіп кетеді. Сол арада көп кісі—қырық уәзір, қырық кісі тегісімен атынан түсе қалып ханның қамшысын әпермекші бола...

Жанр: Новеллалық ертегі Жыл: 1939 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.Х. Марғұлан

Сүлеймен мен диханшы

Баяғыда жер бетіндегі жан-жануар, өсімдік, өзен, тау— барлығы да әлем патшасы тақ Сүлейменге бағынады екен. Сүлейменнің алдына келіп басын имеген бірде-бір жан болмаған. Сол Сүлейменнің уақтысында бір керемет диханшы болған екен. Оның жыл сайынғы еккен егіні соншалық бітік шығып, әлемді қызықтырып, барша жанды еріксіз...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Е. Сәлімбеков

Екі дүниелік әйел

Бұрынғы кезде бір бай болыпты. Оның жалғыз баласы болыпты. Баласына қалың бермепті. Көрші байдың балалары ер жеткен соң: —Ей, сен жүр, бәленше байдың қызын көндіріп қойдық,— дейді. Бұл «бармаймын» дейді. Жолдастары «бармаймын» деген соң күдер үзеді. Қызтеке, белі жоқ бала деп атайды. Бір күні осы өсекті әке-шешесі ести...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Т. Сыдықов

Опасыз молда

Бір кедей адамның жалғыз баласы болыпты. Осы сорлы кедей бір күні баласын өйтіп-бүйтіп жүріп бір молдаға оқуға беріпті. Ал молда баланы оқуға алғанда былай депті: —Балаңды берсең жеті жылға келісіп маған тастайсың, осы жеті жыл ішінде оқытып шығарам, сонан кейін келіп балаңды аласың,—депті. Кедей байқұс қайтсін, келісе...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә. Нұртазин ATU 325

Көрген түстің орындалуы

Сан ғасыр тарихты шолғалы, ертеерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде қуарған шағында, бір бай өмір сүріпті. Бұл бай дүниеге көзі тоймайтын, ешкімге ешнәрсе қимайтын қаштаң адам болыпты. Сондықтан жұрт кессе қаны шықпас, ұрса жаны шықпас, сараңдығынан «қайырымсыз» атапты. Ел қойған есіммен бұдан былай Қаштаңбай атаныпты. Бі...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: І. Шұғаев

Жетім Қаппас

Ерте заманда Абдол деген бір кедей болыпты, кәсібі етікшілік екен. Өзінің жалғыз баласы болыпты Қаппас деген. Сол күнде жеті жаста екен. Әкесі Абдол әйелімен өліпті. Жеті жасар Қапбас жетім қалыпты. Әкеден қалған үйінен айырылып, қайыр сұрап көшеде жалғыз қалыпты. Сүйенер жақын жандар жоқ. Жардың қуысын үй қылып жүреді...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Сүгірбетов ATU 671I

Шәкірат пен Шәкір

Бұдан қанша жыл бұрын, қанша ғасыр бұрын болғаны белгісіз, бір халықта ата-тегінен бері ел билеген бір хан болыпты. Оның отыз жыл отасқан бәйбішесі өліп, артында Шәкірат және Шәкір деген екі ұлы қалыпты. Әйелі өлген соң хан ел аралап жүріп, бір байға құда түсіп, қызын алады. Бірақ үйіне келгеннен кейін ол ханды емес, о...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Сүгірбетов

Мұңлық-Зарлық

Баяғы бір заманда бір Шаншар деген хан болыпты. Қырық әйел алса да не ұлы, не де қызы болмапты. Хан бір күні өзі ойланады: «Жасым болса кәрі қойдың жасындай-ақ қалды, әлі қырық әйел алсам да не ұл, не қыз көрмедім. Енді былай деп елге хабарлайын, кімде кім қызым бір ұл, бір қыз табады деп мойына алып, кепіл болса соған...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Д. Төлебаев ATU 707

Үш қайғылы адам

Бұрынғы заманда бір патша бар еді. Ол патша құс салып, ит жүгіртіп келе жатса, айдында үш адам балшыққа аунап жатыр. Патша бұған таң қалып бастан өткен уақиғаларын сұрады. Олардың біреуі патшаға жауап береді: —Мен бір байдың баласы едім, өзім жұрттан асқан әдемі сұлу едім. Бір қалаға сауда қылуға барған едім, қала халқ...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.А. Диваев

Самархан хан

Ерте замандардағы өткен ғасырларда дүниеде өмір сүрген аңшылықпен күн көрген ауқаты жақсы бір кемпір мен шал болыпты. Олардың жасы қырық пен елуден асқан. Қолы қандай жақсы болса да олар ешқандай жас нәресте көрмепті. Күндерде бір күн өткеннен кейін кемпір жүкті болып қыз тауыпты. Арасына бір жыл аралатып тағы жүкті бо...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә. Нұртазин ATU 725

Жас баланың сапары

Әңгіменің басы баяғыда бай бопты дейді. Сол байдың жалғыз баласы болыпты, бір қызы болыпты. Сол бай соншалық бай бола тұрса да шығынсынып бірде-бір қолына жұмысшы ұстамайды. Бар малды сол жалғыз баласы бағады екен. Басқа байдың баласы мінгені жорға, кигені торқа, көргені ойын-сауық серуендеп жүреді екен. Соларды көріп...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә. Нұртазин

Бала патша Алдияр

Бұрынғы әділетті Мұхтар деген патшаның заманында бір шәрінің жас балалары жиналып ойнайды екен. Көп балалардың ішінде Алдияр деген бала патша болып, енді біреулері уәзір және бірнешеуі патшаның жендеттері, қазы, сұрақшы болып, тас жинап, патшаға сарай жасап, оны Алдияр патшаның шәрісі деп атапты. Балалардың ішінде тәрт...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Д. Мұсабеков

Мархума

Бұрынғы заманда бір саудагер өте дәулетті бір бай болыпты. Бұл саудегер байлықпенен дүниедегі не түрлі асылдарды, қайдағы адам таң қаларлықтай заттарды жинай беріпті. Бай айналасын кең, өзін биік қылғызып қорған жасаттырып, не түрлі адам көрмеген заттарды қорғанның ішіне жайып, жинап шәрі халқын шақырып қонақ қылып, жи...

Жанр: Новеллалық ертегі Жыл: 1937 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Д. Мұсабеков
Алдыңғы 229 / 254 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды