Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

5063 Жалпы жазба
199,295 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4031 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 5063 жазба көрсетілуде

Бай мен диуана

Баяғыда бір бай мен кедей болыпты. Кедейдің бір баласы бар екен. Ал байдың үш қатыны болса да, баласы жоқ екен. Жарлының үйі үнемі көңілді болады, күндіз-түні ойын, күлкісі үзілмейді... Бір күні бай да, жарлы да намазға барыпты. Бара жатып бай жарлыға: сендер күнде үй-ішіңмен шулап жатасыңдар, өздерің тамақтарыңды таба...

Жанр: Новеллалық ертегі Жыл: 1957 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Н. Әминов

Ермек

Ертеде бір кемпір болыпты, оның жалғыз баласы болыпты. Баласының аты Ермек екен. Кемпір кедей екен, мал дегенде жалғыз көк сиыры бар екен. Күндерде бір күн Ермек шешесін қалдырып, өзі оқуға кетеді. Айлардан ай, жылдардан жыл өткенде ол бір қалаға келіп жетеді. Сонда жүріп әлдеқалай базарға шыға қалса, бір шал сандық кө...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан

Жеті шаян

Бұрынғы заманда Нұрым деген біреу сауда қылып, саудагерлікпен үлкен ірі байлар қатарына қосылып, қалжың басты адамның бірі болады. Нұрымның Асан, Үсен деген ержеткен екі ер баласы болып, үшінші бала туылғанда, атын Әнуәрбек қояды. Әнуәрбек алты айлық болғанда әкесі өліп, жылға жете бергенде шешесі де қайтыс болып, Әнуә...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Д. Мұсабеков

Сапаһи

Бұрынғы заманда бір Сапаһи деген кісі өз заманында теңдесі жоқ өте сұлу бір әйел алыпты. Әйелінің сұлулығы өте артық болыпты. Бір көрген адам екінші көруге құмарланып тұратын, ауызбен айтып жеткізе алмайтын сұлу екен. Ері Сапаһи әйелін өте жақсы көріп, әйелі үйде отырса үйде отырып, тысқа шықса әйелімен бірге тысқа шығ...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Д. Мұсабаев ATU 882

Мұңсыз хан

Ерте заманда бір хан халқын түгел жинап: «Мен үш түрлі сұрақ сұраймын, кімде-кім сол сұрағымда тапса, қаласа орным ды беремін, қаласа өзі тойғанынша алтын, гауһарлар беремін. Егерде менің сұрағымды табамын деп таба алмаса, ол анық басын аламын»,—дейді. Сонымен халық күнде апыр-топыр, патшаның алдына келмеген адам жоқ,...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Д. Мұсабаев

Ханша мен баласы

Бар екен де жоқ екен. Аш екен де тоқ екен. Ілгері заманда бір патша болыпты. Оның он екі жасар баласы мектепте оқып жүріпті. Осылай байып жүргенде, бір күндері болғанда патшаның бір биесі бес-алты күн жоғалып кетіп, оны жылқышы іздеп жүргенде ол бие бір көлдің жағасынан табылыпты. Ол биеге жылқышы жақынырақ барса, қасы...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: М. Ахметов

Жаман адамды

Бұрынғы өткен заманда бір патша болыпты. Патша ерігіп отырып өзінің бас уәзірін шақырып алып: —Саған бес күн сүрек берем, менің мына сұрағымды тауып кел. Әуелі, адамды жаман туған жақсы ететін кім? Онан соң, адамды жақсы туған жаман ететін кім? осы екі сұрағымды тауып кел, егер таппасаң басыңды аламын,—депті. Сонымен у...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ш. Хаймолдин

Жақсылыққа жақсылық

Бір жігіт жолаушы жүрмек болып, жалғыз өзі келе жатса, артынан бір жігіт қуып жетеді. Сөйтсе оның да бара жатқан жағы осы екен. Бұл екеуінің артынан тағы бір жігіт қуып жетеді. Сөйтіп, үш жігіт болып келе жатады. Сол екі арада аспаннан бір қара бұлт шығып, қатты жауын болады. Үш жігіт атымызды осы жерге тастап кетейік...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Б. Уахатов

Шын сүйіскендер

Eрте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, ел ханға қарағанда, хан елді алдағанда бір би болыпты. Ол бидің жалғыз баласы болыпты. Өзі ол замандағы оқуды тауысқан сондай сауатты және салауатты болыпты және катарынан асқан сұлу жігіт болған. Баласы жиырмаға келген соң, оқуды бітіргеннен кейін би баласын шақырып алып: —Балам...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Б. Адамбаев

Қарға Шаһизат

Ілгергі өткен ерте заманда өте даулетті бай болады. Есігінің алдында бірнеше малайлары, құлдары болған. Малы орасан көп болған. Бай алпыс үшке жеткенше бала көрмей, бір перзентке зар болған. Үш әйел алады, үшеуінен де еркек кіндік болмайды. Бай алпыс үшке келгенде төртінші өйел етіп, бір кедейдің қызын алады. Тоғыз ай,...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: С. Құрманұлы

Қыпша

Бұрынғы заманда бір саудагер өте дәулетті бір бай болыпты. Бұл саудегер байлықпенен дүниедегі не түрлі асылдарды, қайдағы адам таң қаларлықтай заттарды жинай беріпті. Бай айналасын кең, өзін биік қылғызып қорған жасаттырып, не түрлі адам көрмеген заттарды қорғанның ішіне жайып, жинап шәрі халқын шақырып қонақ қылып, жи...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Д. Мұсабаев

Төрт дәруіш

Баяғы заманда қара басы бақ дәулетке емін еркін болса да, дүниенің а уыр бір арманына ұшырайтын адамдар болған екен. Сондай бір арманды адам ессіз далада зар илеп жападан жалғыз келе жатады. Аты—Мұратқан. Сонда Мұратқан не қылам, үш жыл сандалып көк өгіздің уақиғасын біле алмадым, бұл былай тұрсын, іздеп шыққан қыздың...

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Б. Шалабаев

Атымтай Жомарт

Мысырда хан сарайында уәзірлердің мәжілісі болды. Мәділіске Атымтай жомарт та қатысады. Сарайға жиналған уәзірлер Атымтайды алғаш көргенде, жомарттығы қандайлық дәрежеде екен деген сияқты кейбіреулері таңғыр қасты. Содан бір сыпыра жомарттық туралы сөз басталды. Атымтайға таныс адамдар, Атымтайдың жомарттығын мақтады....

Жанр: Новеллалық ертегі Өңір: Қазақстан

Асыл кілт

Ертеде, біздің атамыздың аталары білмейтін заманда «Байтақ ел» деген елде Тілқайсар деген шаруа адам өтіпті, сөзге шешен, елге көсем екен. Тілқайсар бес кісілік күші бар, ел сүйсінер ісі бар адам екен. Жоқшылық көрген, тек қайырымы мол, үйінің айналасы жол, жолды салған сол елден жыйналған қол екен. Тілқайсар көсем бол...

Жанр: Батырлық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: К. Қаденов

Науша батыр

Кіші жүз, он екі ата байұлынын байбақты руынан шыққан Наушабатырсәбикүніндеата-анасынанжетімқалып, қаңғырып жүріп Әлімніңбірасқанбайынатапболады, оныңқозысынбағып ер жетеді. Байдың неше жүз жылқысы болады. Сол заманның ағым-салты бойынша жылқыға жиі-жиі ұры-қарақшы тиіп, жылқышыларын ұрып-жығып, жылқыны шетінен бөліп ә...

Жанр: Батырлық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: А. Мырзағалиев

Елеңке батыр

Елеңке деген батыр қалмақтармен соғыс кезінде сарбаздарының бәрі майданда қырылып, жалғыз өзі ғана қалыпты. Қашып құтылуға шамасы келсе де, жаудан қашу, шегіну дегенді өлімнен жаман көретін батыр: «Әлім біткенше соғысайын»—деген оймен соғыса беріпті. Қалмақтың қол бастаған ханы Елеңкенің батырлығын бұрыннан естиді екен...

Жанр: Батырлық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: К. Рахманов

Ер Тарғын

Баяғыда Тарғын деген бір батыр болыпты. Өз елінде кісі өлтіріп, айыпты болып, жазадан қорқып, қашып Қырым жұртына кетіпті. Ол мезгілде Қырымда қырық хан бар екен. Олардың ең үлкенінің аты Ақшахан екен. Тарғын Ақшахан елінде тұрды. Оның мұнда тұрғанына көп мезгіл өтеді. Жұрт оның батыр екенін білмепті. Көптен бері Қырым...

Жанр: Батырлық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Н. Саркин

Алты жасар Алпамыс

Ілгергі бір замандарда Жүзбай деген бір бай болыпты. Оның Алпамыс деген бір ұлы бар еді. Бір күндерде Жүзбайға телі жылқысына жау шабады. Жүзбай тұрып сонда баласына ақыл салып: —Ау, балам, мен болсам қартайдым, сен жылқыны қуып барып, жаудан кек алуға шамаң бар ма?—дейді. Сонда алты жасар Алпамыс бала да болса батыр б...

Жанр: Батырлық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.А. Диваев

Алпамыс

Бұрынғы өткен заманда, дін мұсылман аманда, Жиделі Байсын деген жерде, Қоңырат деген елде Байбөрі деген бай болыпты. Бір күні Байбөрінің Аналық атты кемпірі: —Е, бай біз өліп кетсек бұл малға кім ие болады?—жасым болса келді, «сен келдің 80-ге, мен келдім 70-ке, не айтасың»— депті. Сөйтіп Байбөрі байға Аналық атты кемп...

Жанр: Батырлық ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Т. Сыдықов

Қамбар батыр

Бұрынғы заманда бір жарлы уақ деген ел бар екен. Сол уақта он төрт жасар Қамбар деген бала құлан, киік атып беріп, елін асырап жүреді екен. Уақ елінің жел жағында алты күншілік жерде Әзімбай деген ханның елі бар екен. Ол ханның он екі жасар Назым сұлу деген қызы бар екен. Бір күні Әзімбайға бір жақсы көретін уәзірі кел...

Жанр: Батырлық ертегі Өңір: Қазақстан
Алдыңғы 230 / 254 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды