Өткен ғасырларда өзбек елінен Садақбай деген бала туып, туған күнінен жаратылыс тұлғасы өзгеше, ірі денелі болған. Бірақта, Садақбай туған күні ірі, денелі болу зардабынан шешесі қаза табады. Әкесі Садақбайдың туғанына қуанышта болса да жаңа көрген жас бөбегін қалай тәрбие қылудың тәсілі өте қиындыққа соғып, енесінің қ...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: С. Аймағанов
Қазақ қалмақпен жауласқан кезде, Еділдің бойында «Бөріхан» дейтін хан болған. Сол ханның «Бек» дейтін батыры болған. Бек батыр қалмақпен жауласып жүріп қолға түсіп қалған. Қолға түскен батырды әдепсіз көп қалмақ қол-аяғын байлап, қалмақтың ханына алып барған. Қазақтан қорлық көріп жүрген қалмақ жалғыз батыр қолына түск...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә.А. Диваев
Қамбардың Ер Көкше атты баласы болыпты. Оның қырық мың қолы бар, Желдірмес атты руда жауы болыпты. Ер Көкше Желдірмес жеріне жеткенше көп әскерге азық жеткізе алмасын алдын-ала ойлап, Қырық батырымен ғана аттаныпты. Желдірмес жұрты да ұрысқа дайын отырыпты. Қырық батыр оларға баса-көктеп кіргенде, адамдар қырғынға көп...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Г.Н. Потанин
Әлеуке дейтін батыр болыпты. Оның Әліби деген досы болыпты. Әлеуке батырдың тоғыз ұлы болыпты. Әлеуке батырдың жауы қалмақтар екен. Батыр қалмақтарға қарсы тоғыз ұлын бас қылып, әскер жібереді. Көп күндер мен айлар өткен соң әскер қалмақ жеріне жетеді. Әскер арасында ешкімнің жаудың күшін байқауға батылы бармағанда Әле...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Г.Н. Потанин
Баяғыда бір бай болыпты. Оның елін Қобыланды батыр жаулап алмақшы болады. Байдың Қараман атты жалғыз баласы болыпты. Ол Қобыланды батырдың әскерін тоқтату үшін елші жібереді де, сол уақыт аралығында өзінің халқын жинайды. Екі жақтан да артық қан төгіс болмас үшін Қобыландыдан жекпежекке шығуды талап етеді. Қарақыпшақ Қ...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Г.Н. Потанин
Күндерде күн өткенде, Күн мәріне жеткенде, Ақборық буаз болады Туарманға жақындап. Бұл ноғайлы ханының қыздары-Қанікей, Тінікей: «Бөген кәпірден қыз алды» деп қастық ойлап, Ақборыққа күндес болады, егерде бала тапса, оған залал келтірмекші болып, мыстан кемпірге сөйлесіп қояды. Бөген батырдың әйеліне «құтты болсын айта...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: І. Нұрмағамбетов
Бұрынғы заманда Нәрік деген батыр болыпты. Өзінен туған баласы жоқ екен, бір құл Шора деген баланы асырап, бала қылыпты. Бір күні ойлапты: «Өзімнен туған балам жоқ, «кісі баласы кісендесе де тұрмас» деген сөз бар еді, менің мұным келіспейді екен, қартайғанда мені кім күтеді, сүйегімді кім қолынан жуып арулап қояды, она...
Жанр: Батырлық ертегі
Жыл: 1896
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: А.Е. Алекторов
Бұрынғы заманда бір шаһарда Қарадөң батыр дейтін батыр болыпты. Ол уақытта шаһарда Қарадөң батыр тұрғанда шеттен жау келіп ешкім бата алмайды екен. Қарадөң батырдың кішкентай кезінде қалмақтар шаһарды жеңіп, қазақтан бір қыз әкетіпті. Қарадөң батыр өскеннен кейін қалмақтар әкеткен қыздан үш дәу туыпты деп есітіп, Қарад...
Жанр: Батырлық ертегі
Жыл: 1935
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қ. Бекхожин
Бұрынғыда Жалғыз жігіт деген батыр болыпты. Оның әкешешесін соғыста қалмақтар жеңіп өлтірген екен. Жалғыз жігіт ержеткеннен кейін, әкесінің кегін алуға жанына бір жолдасын ертіп алып, қалмаққа қарай жол тартып жөнелген. Сонымен келе жатып, көп қалың қалмақтың әскеріне жолығып, сол жерде соғысып, есеп жетпес қалмаққа, е...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Б. Жақыпбаев
Ертеде бір бай болған екен, төрт түлігі сай болған екен, бір перзентке зар болған екен. Сол бай бәйбішесімен екеуі, құдайдан бала тілеуге тоғыз нарға тоғыз тоғанақ жүк артып, тоғыз ту бие жетектеп, тоғыз жолдас ертіп, азық-түлікті жинап алып, жолға шығады. Жолаушылар бірнеше күн жол жүріп, шаршап келе жатса, өзен бойын...
Жанр: Батырлық ертегі
Жыл: 1940
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Х. Нұрмағамбетов
Баяғы өткен заманда Мысыр шаһарында Алған деген бай болыпты. Ол байдың Берген, Мерген, Құйым деген үш баласы болыпты. Ол бай—төрт түлік малда есеп болмайтын бай екен. Балаларының алды 18 жаста, ортаншысы 16 да, ал кіші баласы 8 жаста екен. Балалары ер жеткен соң, бір күні балаларын шақырып алып, «Балаларым, сендердің е...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә. Жапаров
Ертеде бір батыр жорыққа аттанып келе жатыр екен. Көз ұшынан бір қара көрінеді. Таяп келсе, әлгі бір астында қара тайы бар бала екен. Баладан батыр жөн сұрағанда: «Серік болатын жолдас іздеп жүрмін»,—дейді. Батыр: —Саған мен серік боламын,—дейді. Екеуі жолдас болып келе жатады. Баланың қолындағы қамшысы өте жақсы екен,...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Бейсенбайұлы
Ертеде бір қойшы болыпты, көп өмірін қой жайып өткізіпті, сол өміріне дейін ат мініп көрмепті. Бір адаммен бел ұстасып күресіп көрмепті. Бір күні қорықтық пісіріп отырып ойға кетіпті. «Япыр-ау, осы мен қалаймын, жасымнан атқа бір мінбедім, күшімнің қандайын да білмедім, сын-сынақтан өтпедім». Сол мезетте көзі саптыаяқт...
Жанр: Батырлық ертегі
Жыл: 1880
Өңір: Қазақстан
Бір байдың екі баласы болыпты. Олар жетім қалыпты. Сонда екі бала жан болмаған соң: «Аң аулайық!—дейді. «Елік аулап күнімізді көрейік», дейді. Сонда екеуі бірлесіп жүріп келе жатқанда, төрт-бес күн жүргенде азықтары таусылып, екеуінің қарны ашады. Не істерін білмей, жапандағы бір бұлақтың қасына кеп, суды ішіп-ішіп ұйы...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Д. Төлебаев
Бір бай қырғыздың тоғыз ұлы мен қисапсыз малы болыпты. Байдың осы тоғыз ұлы әкесінен рұқсат сұрап, алысқа мал айдауға кетеді. Аздаған малы мен әйелі екеуі ғана қалған байдың малы жұтап, кедейшілікке ұшырайды. Малы жұтаған байдың ауылы да көшіп кетіп, айдалада жападан-жалғыз қалады. Бір күні бір жолаушы олардан келіп, т...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Г.Н. Потанин
Ералы батыр бұл халықтың тілеген тілегін орындап болғаннан кейін, Қоңыр тәбеттің салдырған темір үйінің сыртынан өрт қойып өртеп, екі ағасын босатып, шешесін босатып алып, әкесінің екі көзін алып, барлығын көшіріп келсе, әкесі екі көзінен қанды жас ағып, зарлап отыр екен. Баласы, келіні, бәйбішесі келген соң, екі көзін...
Жанр: Батырлық ертегі
Жыл: 1959
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Б. Уақатов
Бұрынғы заманда Қарыс қара батыр бар екен, өзі тоқсан бесте жасы бар екен, өзінің қатыны бар екен сексен бес жаста, он мың жылқысы бар екен. Және бір жерде Дөнен Қара Бағыс, Құнан Қара Бағыс, жақсы жирен атты Кенже Қара Бағыс бар екен. Бұл үшеуі келген. Қарыс Қара батырдың жылқысын алып кеткен. Қарыс Қара батыр оны біл...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: В.В. Радлов
Бұрынғы заманда Нұрманбет деген хан болған, хан жүз тоқсан екі жасаған, оның Әзтемір деген інісі бар екен. Әзтемір қырық екі кісіге бас болып қолға кетті. Нұрманбеттің екі қызы болған, бірінің аты—Күнікей, бірінің аты—Тінікей екен. Екі қыз ұйықтағанда түс көріпті. Таңертең жеңгесіне келеді, бір шапанды жамылды, екеуі б...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: М.Ж. Көпеев
Ерте заманда бір қойшы бір байдың есігінде жиырма жыл қой бағыпты. Күндерде бір күн ел-жұртын сағынып, туғантуысқандарына барып қайтуға байдан бес жылға ұлықсат алады. Ол үшін келген соң, тағы да жиырма жыл байдың қойын бағатын болады. Жиырма жылғы ақысына бай қойшыға бір саржа мен бір құнан шығар ат береді. Қойшы қуан...
Жанр: Батырлық ертегі
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қ. Жұбаншалиев
Бұрынғы тұста Қалабай деген батыр болған. Қалабай батыр кәртейіп, оның үстіне қатты ауырып жатқанда көңілін сұрауға жұрт келіп: —Қалабай батыр, жасыңда алмаған жауыңыз қалмады, енді арманыңыз да жоқ шығар,—деп көңілін жуатқандай болды. —Армансыз кісі бола ма, сендер тыңдаңдар, мен арманымды айтып берейін,–деді де, Қала...
Жанр: Батырлық ертегі
Жыл: 1956
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ә. Бөрібаев