Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4273 Жалпы жазба
174,654 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4009 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4273 жазба көрсетілуде

Бал бұрауың

Ертеде Маңғыстау түбегінде бір байдың Балбике деген әйелі болыпты. Балбике – әрі ақылды, әрі ел-жұртына беделді болған екен. Бірақ ол бала көтермей, бай Балбикенің үстіне жас әйел алыпты. Екінші әйелден бір бала болып, байдың көңілі жас әйелі мен балаға ауады. Баланың жоқтығы Балбикенің жанына қатты батады. Ол қамығып,...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Айнам қалды (ІІ нұсқа)

Өткен ғасырда, Батыс Қазақстандағы төрелердің ауылында елге қадірлі, шебер домбырашы атанған Ханым деген қыз болыпты. Сол ауылда Ханымның жасынан сүйген Оспан атты жігіті бар екен. Оспан сіңірі шыққан кедей болады. Бір ауылда жүрсе де, бұл екі жас ата заңынан аттап, бір- біріне қосыла алмайды. Сөйтіп жүргенде Ханымды б...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қоңыр ала

Түркештің тұсында Жолдыбай деген кедей болыпты. Жолдыбайдың мал дегенде, маңдайына біткен жалғыз қоңыр ала аты бар екен. Ол шапса, алдына қара салмайтын жүйрік болса керек. Талай ат шабыс бәйгісінің жүлдесін жеңіп алыпты. Бұған іштері күйген байлар мен билер, қалай да осы атты өздерінің қолдарына түсіруге, тіпті болмағ...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Шамшырақ тас

Ол заманда, жазда, қазақ ауылдары мал жайылымын өзгертіп, бір жерден екінші жерге көшіп-қонып отырған. Сондай бір көште Тананың әкесі Тілеміс би үлкен ұлы Тананың киіз үйін ең алдымен көшіріп, жайлауға апарып қондырып қояды. Қалған ауылдар біртіндеп, өз кезегімен соңынан көшетін болады. Тананың отауы тігілген жасыл жай...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Таң бұлбұлы

Күй қуалап, ізденіп жүрген жас Әшім, бір жылы Көкқамыр баурайын аралай келіп Қайшы, Шірке жайлауында болады. Барған жегжатының Әшіммен шамалас бір ұлы бар екен. Екеуі кешқұрым сауындағы биені өрістетіп жіберіп, кешкі айтыс өлеңге барып, таңға жақын қайтады да, өрістегі жылқының маңына, бұлақ бойындағы бітік бозтал арас...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Желмаяның желісі

Ерте заманда бір батыр болыпты, ол елі десе жанын үзеді екен. Бір күні елін ұры шауып кетіпті. Ол қасына қалың қол ертіп жауын қуалап, шауып кеткен малын қайтарып әкелуге жол тартыпты. Батыр желмаяны баптап мінеді екен. Жау ұзап кеткендіктен тізгін үшімен жүруге тура келіпті. Осы кезде қасындағылар желмаяның желісіне ж...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Самұрықтың зары

Ертеде самұрық атты құс болыпты. Оның жан-жануар біткенге қастығы жоқ екен. Бұл өңірге жазда келіп балапандап, балапанын ұшырғаннан кейін, басқа бір өңірге қыстап келуге кетіп қалады екен. Зәулім ағаш басына немесе жақпар тасқа ұялап, әр жылы екі жұмыртқа табады екен. Ол бір жылы шыңырау құздың басына ұя салып екі жұмы...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Бөктергі

Ел ішінде мынадай аңыз бар: тегінде бөктергі деген аса қыран құс болыпты. Ол көзіне көрінген құстың бәрін алып жей беріп, құс тұқымы азайып кетіпті. Құстар жиналып құс патшасына арыз қылыпты. Құс патшасы да бөктергіге шара таба алмай, барлық құсты жиып, оған қарғыс жаудырыпты. Бөктергіге қарғыс тиіп, күніне жүзді қағып...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қазақ-қырғыз достығы

Бір жолы Әшімнің Құлжадағы қазақ-қырғыз ұйымшасында тұрған кезі екен. Әшімнің жақын досы, қырғыздың атақты күйшісі Асанәлі екеуі бір қырғыз семясында қонақ болса керек. Бозаға қызған соң Әшім мен Асанәлі жұрт тілегі бойынша күй шертеді. Сонда Әшім өзіне деген қырғыз халқының дос пейілін бейнелеп осы күйді шертеді. Жұрт...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Ақ ерке, Ақ толқын, Жай толқын

Халық ішінде мынадай бір аңыз бар екен: ертеде атақты бір домбырашы жігіт жолдастарымен жолаушылап келе жатып, сусындап алу үшін жол-жөнекей бір үйге түседі. Бұлардың алдынан бір қабаған ит шығып үйге кіргізбейді. Сонда үйден бір бойжеткен қыз шығады. Жігіт қасындағы жолдасына: «Мынау неткен көргенсіз еді, келген қонақ...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Әттең, жалған, тұл дүние

Қараңғылық пен надандық жайлаған өткен заманда күн сайын үдеген сары ауру, елді өрттей шарпып, өлім көбейіп, ауыл адамдары көмуге үлгермей қарбаластаныпты. Бұл дерт Мүкейдің де бауырын жалап, үрім-бұтағын жалмапты. Сонда қасіретті күйші, дауылды күні зәр күйіне келген қыран құстай шарқ ұрып, «әттең, жалған, тұл дүние-а...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Үш күйдің аңызы

Алқабекте деген бір бай болған екен. Байдың мәпелеп баққан екі енеге телі бір қоңыр құлыны болыпты. Оның жүрісі жайлы, жалы майда, өзі суреттей көркем екен. Байдың осындай әдемі тағы да бір аты бар екен. Бай аттарды ұрыдан қорқып түнде киіз үйде бағатын бопты. Бұл аттарды байдың Сәулем деген қызы күзетеді екен. Сәулем...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Ой, дүние-ай! (ІІ нұсқа)

Қыраулы күз. Ән салып, қош айтып жыл құстары да қайтып жатты. ...Қазалы болғандарды жаназаласып, жерлескен Мүкей Шұңқыршидегі киіз үйімен отырған семиясына келіп салғырттау аттан түсті. Оның денесі жер тартып, желке жүйесі шаққылап, көңілі айнып ауырғанына бірнеше күн болған. Ол бір сәт төр алдында шынтақтай жатып, қоң...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Бұлбұл торғай (ІІ нұсқа)

Тамылжыған көктемнің май айы еді. Құлын жарғақпен қапталған домбырасын мойнына асып алған Мүкей, Білезік өзенін құлдап, Кеңтөренің ауылын бетке алып бара жатты. Жыландай жосылып аққан Білезік өзенінің бойы бүрлеген орман. Күйші көңілін табиғат дүниесінің осы бір көрікті шағы баурайды. Оның құлағына қайыңның бұтағына қо...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Телқоңыр (ІV нұсқа)

Мүкей бас болған он бес жортуылшы солтүстік Алтай сілемдерін мекендейтін дөртуыл елінен 300 жылқы айдап келіп, Қаба ауданының батысындағы Қара жиде, Бүркеу дейтін жерде жылқыны бөліске салады. Мүкей жолдастарына талап қойып: – Маған осы жылқыдан көп бөлістің керегі жоқ, небары ойға алған үш жылқым бар, соны беріңдер? –...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Орта Азия

Күзетші қыз

Көгілдір ай сәулесі түсіп тұр. Жайлаудың жалпақ беткейіндегі ұйқыға батқан ауылдың солтүстік астырты теріскейлі бүргені қалың болып, осы шытырманның арасын жарып өткен жан жолмен екі жүргінші келе жатты. Олар күзеттегі қыздардың «Екі-ай жирен» әнін құмарта тыңдап, Шоқпар тас түбегіндегі самырсынға аттарын бекітті де, о...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Терісқақпай

Айсыз түн, қызыл іңір. Үштас жайлауының төрінде отырған Қара Оспан бидің сегіз қанат ордасының жанынан жалғыз өтіп бара жатқан Мүкей, үй ішінде шертіліп жатқан күйді құлағы шалады да, атын қалтарысқа бекітіп қойып, үй іргесіне таяу келіп күй тыңдайды. Оны сай тазанына ат қойып келе жатқан екі жігіт шалып қалады да, «ба...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қосбасқан (ІІ нұсқа)

Мүкей мен Жайыр жортуылда жүріп бір байдың қыз ұзату тойына қатынасып қалады. Олар өздерінің атын-жөнін құпия сақтап, отау үйінде болып жатқан жастардың сауығына кіреді. Олар жастар арасында біреулердің Мүкейдің «Телқоңыр» күйін бұзып шертіп отырғанын көреді де, оның домбырасын сұрап алып, «бұл күй менің білуімде былай...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Қасқа-ау, ана арада – қасқа-ау, мына арада

Кәдірәлінің ұстазы атақты күйші Қазанғап қасына ерген шәкірттеріне тек күй үйретіп қана қоймайды, оларды басқа ауылдың домбырашыларымен тартысқа шығарып, қандай жағдайларда қарсыласын жеңуге болатынын айтып, үнемі баулып отырады. Бір жылы Кәдірәлі Қазанғаптың қасында жүргенде Табын руының Тасыбай, Қонақбай сияқты белгі...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан

Сексен ер

Ордада құралған атты әскер полкінің қатары күн санап көбейе берді. Полкке жаңа келген қазақ жастарынан құралған жүз отыз адамнан тұратын бөлімшені Бейсен Жәнекешев басқарған болатын. Осы бөлімше 1919 жылы 15 желтоқсанда Ордаға келіп аялдайды. Ал бұл кезде ішкі жаулар мен бандылардың жасырын әрекеттері әлі де тоқталмаға...

Жанр: Күй аңызы Өңір: Қазақстан
Алдыңғы 30 / 214 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды