Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

4176 Жалпы жазба
171,783 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4072 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 4176 жазба көрсетілуде

Жәнібек би

Абылай жоңғар шапқыншыларымен соғысып жүргенде, он сегіз жасар Жәнібек қолды артынан қуа келеді. Келсе, қазақтар бытырап, аты барлыққан Абылайға шапқыншылар жақындап қалған екен. Жәнібек атынан түсіп, астындағы көк дөненін ханға көлденең тартады. – Қарағым-ай, өзің қайтесің? – дейді Абылай. – Сіз қолға түссеңіз, ел бас...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Жәнібектің Уақ Бармақты сынауы

Тосын деген құмайт жер бар. Осы жерді бір кездері қалмақ жұрты мекендеген екен. Қалмақтың Садырбала деген батыры күнде Қарсақбасының басына шығып алып, қазақтарды жекпе-жекке шақырып мазалай беріпті. Сонда өзі батыр, мәмлегер, қалмақты ел шетінен көшіруді ойлап жүрген Шақшақ Жәнібек Тархан жекпе-жекке шығатын Уақ Барма...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ж.Көпеев

Шақшақ Жәнібек батыр

Шақшақ батыр жорыққа он алты, он жеті жас шамасында қатыса бастапты. Бұл тұста қазақ қолы Еділдің бергі бетіне жетіп іркілсе керек. Әржақта бұлардың келуінен бейхабар жау әскері жатады. Асау өзенге алғаш ат қоятын жүректі жан шыға қоймай, бергі беттегілер аз-кем аялдап қалады. Сол сәтте ала тай мінген бала жігіт өткелг...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан Жинаушы: Е.Құлпейісов

Жәнібек туралы

Тіленшінің «Түбіңіздің бір шикілігі бар-ау» дейтін әзілінің, Жәнібектің «Мен жақсының атқан бір оғы емеспін ба?» дейтін сөзінің мәнісі былай екен. Шақшақ Жәнібек жолаушылап келе жатып керейдің бір үйіне қонады. Үйде бір кемпір мен келіншек қана болады. Кемпір батырды сырттан киелі кіс деп еститінін, келінінің біраз жыл...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Ер Жәнібек пен Тіленші би

Қарқаралыда болған бір жиында керей Ер Жәнібек шешендерді сөзден жеңе беріпті. Бір ақсақал: – Керейдің бір шалынан жеңіліп қалдыңдар ғой. Әлгі Тіленшіжан қайда? – депті. Шақырушы барып, Тіленші жүрмек болғанда, әкесі Бекболат: – Ол бір ноқталы қара қабан еді, балам, оқыста шалдырып алма, байқап сөйле, – дейді. Тіленші...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан Жинаушы: Б.Адамбаев

Жәнібектің Тіленшіге батасы

Қазіргі Арқалық, Едірей тауларының өңірі керей руының ата қонысы болған деседі. Кейіннен бұл жерлерге ақтабан-шұбырындының кезінде Қаратау жақтан келген арғын мейрам сопының, оның ішінде қаракесек Қазыбек бидің балалары тұрақтайды. Қаракесек балалары аз ата керейлерге қыр көрсетіп, көптік жасай бастаған соң, ел иесі Жә...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан Жинаушы: Е.Құлпейісов

Балпық пен Райымбек

Қос батыр қатар өскендерімен, Райымбектің жолы үлкен болса керек. Екеуі Нарынқол жақтан тиген дұшпандарға тойтарыс беріп, қайтып келе жатыпты. Жол-жөнекей бір бұлақтың басына тоқтап, ат шалдырыпты. Ұлы адамдар да пенде емес пе, Райымбек батыр: – Кел, күресейік, – деп қоймай қойыпты. – Жоқ, күреспеймін, – дейді Балпық....

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Қоныс бөлу

Сыр бойынан бері жылжып, ежелгі атамекендері – Балқаш бойына көшіп келген: Бәйшегір, Арық, Тыным балалары «Қауіп қайдан болса, қатер содан» деген сөзді малданып, қалмақтардан қорқып, Сыр бойына қайтадан үдере көшіпті. Оған Бақай батырдың әкесі Мықтыбек би қарсы шығып көрген екен, үрей қысып, үріккен ел оны тыңдамай, кө...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Ақынның ақырғы сөзі

Ақын ата дүние салар алдында ел-жұртын жиып алып, қоштасып: – Менің атымды һарам мақұлықпен атап қалғандығы үшін ғана жер қойнына кірермін. Әйтпегенде олай болмас еді. Сонда да жер қойнынды көп жатпаспын, – депті. Айтқанындай екі-үш күннен кейін көрдің бір бүйірі үңірейіп ашылып қалыпты. Ағайындарының түсіне Ғайып-Ерен...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Қоянкөзге Қабанның өлең сыйлауы

Қоянкөз ұзатылар мезетте шапырашты жұртынан ұзатылып баратын күйеу жігітінің қайтыс болғаны жөнінде хабар келеді. Қазақ дәстүріне берік ауыл ел жоралғысын сақтауды көздейді. «Біз жесіріміздің оң жақта отырып дауыс салуын қалаймыз» дегенді айтады құдалар жағы. Шапыраштылар келе жатқаны жөнінде хабар да жетеді. Осы арада...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Ақынның үйленуі хақында

Қабан ақын үйленбек болып, наймандағы бір адамның қызына құдалық жіберсе, ол: «қызымның теңі емес, аяғы ақсақ, өзі саяқ сағал екен, бермеймін» деген теріс жауап қайырыпты. Бұдан соң ақ түйесіне мініп, ақынның өзі аттанады. Естіген жауабы тағы сол баяғы сөз болып шығады. Сонда ақын: – Маған бересіздер, мына қыздарыңызды...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Қабан ақынның сыны

Жетісудің әйгілі батырлары Өтеген, Райымбек Қарашпен тұстас екен. Өтеген батыр жерұйықты іздеп, жапанды аралап еліне оралғаннан кейін Дулат Қараш, Өтеген, Албан Райымбек, Жалайыр Қабан – төрт батыр Өтегеннің үйінде бас қосады. Райымбек, Өтеген – құрдас, Қараштың жасы олардан кіші екен, бәрінің үлкені Қабан көрінеді. Ра...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Атаның ақтық сөзі

Әулие баба күз түсіп, жапырақтар сарғая бастаған шақта өзінің ежелгі, ескі мекені – қырық жыл қызығын көрген Қызылтас маңындағы Қалпақтас қойнауында (кейініректе Ереншінің сайы аталған тұста) Алланың аманатын беріп, дүние салыпты. Ол былай болса керек. Жылқысын түгендеп, Кемерашыдан жоғары Сардоңғал асып, Текеліге қара...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Соңғы жекпе-жек

Орта жүз қазақтары жоңғар шапқыншылығынан біржола құтылып, жерлері жаудан тазарған кезде, Абылай, Төле би бастаған қазақтың жақсы мен жайсаңдары қалмақ хандығының тағына өздері ұнататын және қазақ халқына іш тартатын Әмірсана деген ноянды отырғызбаққа күш салып көріпті. Осы әрекеттердің ішіне Ескелді батыр да қатысып,...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

«Шымылдық қарағайдағы» шайқас

Ұлы жүз – үйсін мен Кіші жүз – жағалбайлылардан құралған жасақтардың тегеуіріндеріне шыдай алмай, тым-тырақай шегіне бастаған ойраттар Текеліге жеткенде бастарын біріктіріп алып, Жолбарыс сайы, Балдырғанды, Қызқұлаған беткейлерінің солтүстік теріскейіндегі таспадай тартылған табан жолмен шұбырып «тосқауыл» тәсілін шебе...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Халықтан қайыр болмаса, хан бұзылады

Жоңғарлардан қорқып жөңкіле көшкен жалайыр елі Шу бойына жеткенде де еру болып, тоқтамапты. Басқа жұрт бастарына ауыртпалық түскен сол шақтың өзінде сол маңайдағы Болат ханның ордасына қайырылып өтіп жатса керек. Ескелді, Балпық батырлар бастаған босқындар олай өтпей, төтелей тартыпты. Мұны естіген Болат хан жедел «Оқж...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Бір найза ма, жүз найза ма?

Қыстың қыспағынан қысылып әрең шыққан халық күннің қызарып батып, айдың қораланып туғанынан-ақ іштерін тартып, үрейленіп жүргенде, Алтынемелдің күнгей, теріскейін түгелдей шарпып Сван Рабданның бір түмен қолы лап қояды. Бұл кезде бір жамандықты іштері күнілгері сезген жалайыр елі қамыстан сал буып, Іле-дариядан батысқа...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Қызайлар үшін күрескенде

Найман елінің бір атасы – қызай ел-жұртына өкпелеп, жалайыр ішіне көшіп кепті. Оның себебі аламан асыр той үстінде көкпар тартып жүрген жігіттердің бірі мерт кетіп, оның өліміне қызай адамдары жалалы болып қалыпты. Қасқайып кеп әдейі қастандық жасамағандықтан, олар құн төлеуден бас тартып, садырлардың бітпес дауына ұшы...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Қасым Сұлтанның анасы – Қандан

Үзіліссіз соғыс елді әбден титықтатып, ығыр еткен соң Абылай аз уақыт болса да дамылдау мақсатымен Қалден Серенге елші жұмсайды. Оған басшы болып Ескелді барады. Барған бетінде қалмақтың ханы: – Сөйле! – дейді. – Мен сөйлесем, бұрынғының адамдары айтушы еді: қазақ, қалмақ туысқан деп. Оны айғақтайтын ұқсастығымыз да кө...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан

Үш бидің әулиелігі

Бірде Қабылиса, Ескелді, Балпық үшеуі келе жатып, Ескелді Қабылисадан: – Мен өлгенде қай жерге қойыламын? – дейді. Қабылиса: – Сіз Үштөбе маңындағы Қызылжарға қойыласыз, – дейді. – Балпық ше? – Мұның жасы сенен кіші ғой, сенен сәл төменірек батысқа таман қойылар, – дейді. – Өзіңіз ше? – Мен Іле бойындағы Үшарал, Көкбас...

Жанр: Тарихи аңыз Өңір: Қазақстан
Алдыңғы 3 / 209 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды