Қанша қиындық көріп, тауқымет тартса да, Сейтек салы суға кететін жан емес-тін. Жасы алпысқа таянса да бойында күші мол, қайратты, әжуалағысы келгендерге ақысын жібере қоймайтын. Осы сөзімді тірілтейік. Бір күндері Сейтектің аулына аузында бейпіл сөз, қолында жалаңдаған пышағы бар, елді үркітіп, қорқытып бір есерсоқ жа...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
...Сейтек нағашысы Дәулетиярдың сыйға берген іңгеншесіне мініп ауылына қайтқанда, жолшыбай жанында бір топ шабармандары бар Арсыланкерей кездесіп, Сейтектің астындағы іңгеншені тартып алады. Соны кек сақтап қалған Сейтек жанына Сахаманды ертіп барымтаға аттанады. Төре Арсыланкерейдің жайылыста жүрген бір үйір жылқысына...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Сейтек қалмақ елін аралап жүріп, бір үйге түседі. Үй ішінде бес қыз үйді басына көтеріп, әңгіме-дүкен құрып отыр екен. Келген қонақтың домбырасы бар екенін көргенде: «Сіз күй тартыңыз, біз билейік» деп қолқа салады. Сейтек бұл кезде қалмақ жұртының музыкасымен недәуір танысып қалған еді. Сол жерде би ырғағына келтіріп...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Жайық бойында отыратын дәулеті шалқып, ырысы артқан Байғұмар деген кісінің домбыра шертіп, күй шығарып аты шыққан ақылы мен сымбаты сәйкескен Айша деген өзі зерек, өзі сұлу қызы болған екен. Айшаның атын естіген күйші Сейітбек деген жігіт оны іздеп барып, қызбен өнер сынасып көңіл береді, бірақ Байғұмар қолында қу домб...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Сейтек Элиста маңындағы қалмақ ауылдарында да болып, күйшінің өзі айтпақшы, бірнеше би күйлерін үйреніп қайтады. Астрахань губерниясынан қайтар жолда екеуі бір ауылға тап болады. Төбелері көрінгеннен алдарынан шығып, бұларды аттан түсіріп, аяқтарын жерге тигізбей оқшау тігілген айдынды ақ отауға алып келеді. Жұрт абыр-...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Күйші Соқыр Есжан жас кезінде көрші ауылдағы бір байдың Ақбикеш деген қызына ғашық болады. Ақбикеш те Есжанды ұнатқанымен екі жастың қосылуына әлеуметтік жағдай кеселін тигізеді. Ақбикеш – өнер иесі, өз ауылындағы белгілі домбырашылардың бірі. Ол Есжанмен ойын-тойда кездескенде бір-біріне домбырамен ғана сыр шертіседі...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Өткен ғасырда Есжан деген атақты күйші болыпты. Есжан бала жасынан әділетті, бірбеткей болып өскен. Кішкентайынан өзінің еңбегімен күн көріп, азаптың ауыр жүгін арқалайды. Бірақ он саусағынан өнері тамған домбырашы-жігіт халық алдында қадірлі болады. Бір күні Есжан байдың ауылына келіп, одан еңбегінің ақысын сұрайды. Ә...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Қиын кезде ел қамын ойлап, түрлі амалын қарастырып, ат үстінен түспейтін азаматтың бірі күйші Тауданбекұлы Дәуітбай болған. Бір жылы ерте көктемде Боғда үкіметінің жандайшаптары қимылын ширатып, елді дүрліктіре бастайды. Осындай қиын шақта Дәуітбай күйші жанына бір жолдасын ертіп, Қобда сыртындағы елге хабар беруге кел...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Бір күні күйші Сарыөзен деген өзенді бойлай өрлеп келе жатады. Өзен тасып, толқындары төңкеріліп, тынбай тулап, тасқа тигенде қайта қайырылып, сандықтың аузын ашқандай ақтарылып жатады. Осы көрініске қызыға қарап келе жатқанда, артынан атпен бір жігіт жақындап: – Ассалаумағалейкүм! – дейді. Сыбанқұл үндемей жүре-жүре б...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Бекмырзаның Тәжісі жылқылы бай екен. Желісінен құлын, кермесінен тұлпар, қысы-жазы сабасынан қымыз арылмайтын көрінеді. Сол жылқылардың төлбасы Бозайғыр екен. Өзі бай, өзі жомарт, саятшы, құсбегі, мәрт, елге істеген жақсылығы көп, мектеп, медресе аштырған парасатты Тәжі бір күні Сыбанқұлды арнайы ат жіберіп алдыртады....
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ел жайлауға шыққанда бір өзеннің екі жағында екі келіншек өмір сүріпті. Екеуінің де аты Шәрипа, екеуі де домбырашы екен. Екеуі өзеннің екі жағында отырып күйімен амандасып, сырласады екен. Содан біреуі «Күнгей Шәрипа», біреуі «Теріскей Шәрипа» аталып кетіпті. Бір жылы жайлаудан түскенде екеуі де бір мезгілде қайтыс бол...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Баяғы өткен заманда Қазығұрт тауының етегінде айдын көл болыпты. Сол көлге бір аққу келіп амалсыз тұрақтап қалады да, жыл сайын балапандайды. Балапандарының қанаты қатая бастағанда ерінбей-жалықпай сонау аспанмен таласқан Қазығұрт тауының басына шығарып, аққуларды өздерінің атамекеніне қарай ұшырып жібере береді екен....
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ертеректе белгілі ақын, өнер иесі Динаның үйіне екі-үш жас жігіттер келіпті. Ойлары Динаның алдында күй тартып, өнер сайыспақ. Аман-саулықтан кейін Динаның ілулі тұрған домбырасын алып тартуға лұқсат сұрапты. Дина: – Алыңыз, жаным, тартыңыз! – деп ризашылық білдіріпті. Қайткенде де, өнер адамының жаңалыққа жаны құмар е...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Кенже сүйікті қызы Динаны ұзатқанда қызының басқа жасауларына қоса, үш болысқа аты шыққан, «Қарақасқа» деген жүйрік ат береді. Кенже сияқты, Нұралының атқа құмарлығы болмаса да, атасының берген киітін құрметтеп, баптап бағады. Ал Динаға Қарақасқа ат өзінің жас кезін, бақытты шағын еске түсіретін ескерткіш сияқты болады...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ауылда қозыны алғаш рет көгендегенде балаларға енші береді, соны көгентүн дейтін. «Менің Бапас абысыным – Кербездің бір қора қойы болатын, ол қозылардың ізінде жылқышының кішкентай баласы жүретін. Бірде, көктемде қой жаңа қоздап, қозыны жаңа ғана көгендеп жатқан кезде, салт бойынша Кербез жас балалардың біреуіне арнап...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Бұл күйді Дина «Кербез» деп атайды. Динаның абысыны шынында да сұлу, өткір, ашық адам болғандықтан туысқандар арасында беделді болады. Дина сияқты ол да феодалдық ауылдың салт-санасынан жоғары адам екен, оның даусы күшті болмаса да, нәзік, құлаққа жағымды болыпты. Жаздың кешкі майдақоңыр самалында, ауылдың у-шуы басылғ...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ел іші ойын-тойдан, қызықты бас қосудан құр алақан болмайтын әдеті. Ерулік, сыбаға, соғым басы, қымызмұрындық, шашыратқы, сіргежияр, уызқағанақ, ұйқы ашар, бастаңғы, сірне, ұлыстың ұлы күні, асар, шілдехана, бесікке салар, тұсау кесер, сүндет тойы, тоқым қағар, қыз ұзату, келін түсіру, ас беру, міне, мұның бәрі де – ад...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
1917 жылдар уақ елі екі зәңгі ел болып, Дөрбілжін ауданына қарайды екен. Қату тауындағы Дәрбіті өзенінің бойындағы Кеңтүбек деген қойнауға біреулер апиын егіп кеткендігі байқалып, сол кездегі өкімет адамдары Шәуешектегі дутыңға мәлімдейді. Дутың: «сол өңірге жауапты мәнсаптыны ұстап әкеліңдер» деп бұйрық түсіреді. Ол у...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Бәзғаламның әкесі Айқынбаймен бірге туысқан Қажыке молланың кенже ұлы Ергенбай оқытқан дін сабағына қанағат етпей, 1919 жылы үлкенірек ғұламадан дін оқуын оқымақ болып Дөрбілжін ауданына барады да, сұрастырып жүріп Мүсейінбай деген ұйғыр молланы тауып соған жалданады. Оқып жүргенде Тұрпаннан бір топ саудагерлер келеді....
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Өткен XIX ғасырдың соңғы жылдары болса керек, арғын, найман, керей, уақ елдеріне сауын айтқан төре Мамырбек Үкірдайұлы Тұрысбекке және көзінің тірісінде өзінің асын қосып беріп, Майлының Қоңыроба сазы жайлауында айға жуық сән-салтанат құрады. Сол асқа арғы бет қазақтары да топ-тобымен келіп, әсіресе сол жақтан Сары төр...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан