Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

2898 Жалпы жазба
122,107 Бірегей сөзформа (толық индекс)
4233 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 2898 жазба көрсетілуде

Қара өлең үлгілері

Өлеңді айт десе айтпай біз не дейміз, Көз сүзіп көктен өлең іздемейміз. Алдыға айтар кісі кез келгенде, Тасындай диірменнің дөңгелейміз.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңмен ә дегенде дүкен құрдық, Өлеңнің бір сабағын сізге бұрдық. Өлеңім өлеңіңе сай келмесе, Шамы жоқ, айыбы жоқ жайға тұрдық.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңді айт дегенде тіл айтады, Тіліме қандай адам мін айтады. Жерім кең, елім азат, заман бейбіт, Өлеңді біздер айтпай кім айтады?!

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Басы еді өлеңімнің «ахау-айым», Шығады саздау жерге тал мен қайың, Замандас сіз секілді кез келгенде Азырақ тамызайын тілдің майын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңді айт демей ел не дейді екен, Тамағын айтарда ақын кенейді екен. Өлеңді бір-екі ауыз біз бастасақ, Қостаушы өзі-ақ жақын келмей ме екен.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Береді тойға жас сән, жасқа той сән, Өлеңді айта алмайсың, асқа тойсаң. Өлеңді он екі алуан қаптатайық, Осындай бас қосқанда қасқа-жайсаң.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңді жақсы айтады жайды білген, Дөненге қайдан жетсін тайды мінген. Алдымен жұлдызға қол созбай тұрып, Аспанда алам деме айды бірден.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айтайын не деп өлең, жаным, саған, Ежелден артық еді сенің бағаң. Бағаңа, бағаласам, жан жетпейді, Ту ұстап, тұлпар мінген ата-бабаң.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңді айт дегенде айтамыз біз, Өлеңім бар болғаны екі-үш-ақ жүз. Өлеңді аз болса да, аяймыз да, Өтінсе өздеріңдей өнерпаз қыз.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Елеусіз ермек етпей әлденені, Ілдірдім қырғи салып бөденені. Отырған бекер қарап жараспайды, Өлеңді ойнақтатып жөнеледі.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ән десе не бар баптап сала бермей, Кең байтақ көкірегім дала жердей. Ән десе, өлең десе, елегізем, Бәйгеден күнде келер қарагердей.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлең көп, өлең жастан сүйгеніміз, Жоқ болса, сіздер бізден үйреніңіз. Жеңіліп осы тойда, қос келіншек, Жүрмесін жер тепкілеп үйдегіңіз!

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңді айта алмаймын былтырғыдай, Ақ көйлек, ары тартсаң, жыртылғандай. Өлең айт тәуір сайлап бері отырып, Бүркіттей томағасыз ұмтылдырмай.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Аққудай айдын көлде қаңқылдаған, Әдемі даусың сұлу саңқылдаған. Дауылын қара өлеңнің соқтырғанда, Жел есер көмейіңнен аңқылдаған.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жарысса екі жүйрік озар бірі, Көңілдің, өлең айтса, кетер кірі. Тыңдаушы төреші жұрт өзі айтады Кімдердің ұшқыр ойы, өткір тілі.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жаяудың қамшы болар екі етегі, Ақылсыз атты оны кекетеді. Жаманға тәуір сайлап өлең айтсаң, Ертеңгі күнді үнсіз кеш етеді.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Елімнен өнерімді аянбадым, Өлеңмен көргенімді баяндадым. Сыйға сый, сыраға бал дегендейін, О, халқым, көлеңкелі саяңдамын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңді айт дегенде тоқталмаймын, Басынан сыпыра қайың шоқ талдаймын. Тілегі көпшіліктің өлең болса, Мен неге өлең кенін ақтармаймын.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қалауы өлең көптің деп айтамыз, Уайым артын ойлап жеп айтамыз. Әріптес көңілімізден шықпай жатса, Өлеңді құры босқа неге айтамыз.

Жанр: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ауылым Алатаудың ой жағында, Болады бота сұлу тайлағында. Өзіңмен тағы да бір айтысуға Жүремін қалмай барып тойлы ауылға.

Жанр: Қара өлең
Алдыңғы 32 / 145 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды