Қазанғаппен сыйлас, қадірлес Бүркітбай деген бай болған. Мал тегін адамға бітпейді ғой, Бүркітбай төрт түліктің тілін білетін, шаруаның ығын тапқыш, табиғат сырын танығыш зерек жан болса керек. Бір жылы жаз ортасы ауғаннан-ақ шөп буыны ерте қатып, құс ерте қайтып, жылқы малы ішін тартып, алдағы қыстың қолайсыз болатын...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Бірде Қазанғап оңтүстік өңірінен астық алып қайтпақшы болып, сауда керуеніне ілесіп жолға шығады. Қарақамыс аулының тұсынан өтіп бара жатып, белгілі күйші Үсен төремен танысып, сәлем бере кетпек оймен ат басын бұрады. Үсен төре жол жүріп кеткен екен. Қазанғап сусын ішіп тыныққан соң, Үсен төренің домбырасын келінінен а...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
«Көкіл» күйіне қатысты ел ішінде аңыз-әңгіме көп. Соның бірі Қазанғап пен Үсен төренің алғаш кездесуіне байланысты айтылады. Бірде Қазанғап ел аралап жүріп Қарақамыста отырған Үсен төренің үйіне түседі. Үсен төре үйінде жоқ екен. Қазанғап сусын ішіп, шөлін басқан соң, төрде сүйеулі тұрған төренің домбырасына қол созады...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Балжан деген қыз қарақалпақтар ортасында туып-өскен қазақ қызы екен. Ақылына көркі сай, қылығына өнері сай, жұрт аузына іліккен ару бойжеткен болса керек. Қазанғап жер көріп, ел танып, өнер іздеп жүрген кезінде Балжан қызбен танысып, тұңғыш рет бозбала сезімі оянады. Ойын-тойда сөздері жарасып, өнерлері үндесіп, біраз...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Байдың жылқысын бағып, шаруасын күйттеген жалшы жігіт байдың жалғыз қызына ғашық болыпты. Қыз көңілі жігітте болғанымен, жалшыға тиюіне қыздың ағайын-туыстары ырзашылық бермейді. Күндердің күнінде қыздан жігітке хабар келеді. «Әкем мені сүймеген адамыма атастырып, жақында тойымды жасап ұзатқалы жатыр. Егер уәдеңнен тай...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Мырза Ташауыз жерінде базар аралап келе жатады, – деп баян етеді күйдің ұзын-ырға тарихы. – Халық жиналған жаймада бір түркімен жігіті дутар тартып, өнер көрсетіп отырады. Түркімен жігітінің тартып отырған күйінің аты «Ташауыз» екен. Бұл қандай күй дегендерге: «Мына Ташауыз көпірін салған ерлердің құрметіне арнаған күй...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
1925 жылдар шамасында «Ойынду» деген алқапта қыз ұзату тойы өтеді. Бұл – қазіргі Қазалы ауданы, Құмжиек елді мекенінен он шақырымдай жер. Шал Тілеубай деген кісі шобан төртқара Жәрішке Зада деген қызын ұзатады. Тойға әдейілеп Мырза шақыртылып, халыққа өнер көрсетеді. Ел-жұртын қимаған қыз аужар айтып, көңілі босайды. О...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
«Тәнтән қыз» тарихын айтушылар «Мырза бұл күйді бір үлкен тойда шығарған екен» деседі. Жаздың күні, ми қайнатқан шілде айы. Көрші ауылдың үлкен жиынында бас қосқан ел сауық құрды. Мырза ақ орданың туырлығын түргізіп тастап, күй дариясын тасытты. Кенет күйшінің көзі бөпесін жұбата алмай жүрген өрімдей қызға түседі. Мырз...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Бұл күй халық арасында «Әуппәли, бөпем-ай», «Жетім қыз», «Мұңлы қыз» деген атауларға ие. Көп тараған аты – «Мұңлы қыз». Күйдің де, аңыздың да бірнеше нұсқалары бар. Сол аңыздардың бірінде былай делінеді: Бір жігіт әкеден жастай жетім қалып, шеше тәрбиесінде өседі. Тентек атанып өскен ол бетіне ешкімді келтірмепті. Шеше...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Жапан далада өлексеге қонып, жемтік шоқыған қарға балапандарына ақыл айтыпты, деп басталады аңыз. «Балапандарым, мен қартайдым! Үш жүз жасқа келдім. Өмірде көпті көрдім, көптеген нәрселерге куә болдым. Ал енді сендерге айтар ақылым: әрдайым сақ болыңдар. Жейтін жемтіктеріңді екі шоқып, айналаға бір қараңдар», – дейді....
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Мергенбай он алты жасында батыр атаныпты. Ол былай болған екен. Текес өзенінің ар жағында отырған қалмақтар бер жағындағы қазақтардың малын шауып, қыздарын ұрлап, қайта-қайта мазасын ала беріпті. Ердене асқан бай екен. Жылқысы Сырт жайлауда жататын көрінеді. Бес жүз кісі қол жинап, қалмаққа шабуыл жасамақ мақсатпен сол...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ұлы жүздың бір тарауы Сиқым руынан шыққан батыр Тайлақ, тек күшімен емес, сондай-ақ асқан сыбызғышы ретінде танылған батыр болған. Бір күні Тайлақтың аулына мезгілсіз кезде шапқыншылар келіп, жылқысын айдап әкетеді. Тайлақтың Секер және Барақ атты екі ұлы шапқыншыларды қуып кетеді. Барақ соққыдан қаза табады, Секер жау...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Бір батыр немесе жолаушы ұзақ жолдан шаршап келе жатып, күн ыстықта жапандағы бір өсіп тұрған алып бәйтеректің көлеңкесіне келіп демалады. Маужырап ұйықтап кеткен ол бір кезде тынымсыз шырылдаған дауыстан оянып кетеді. Бұл не екен деп басын көтеріп жоғары қараса, бәйтеректің жоғарғы жағында шырылдап зар қағып ұшып жүрг...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ықылас қобызшы жол жүріп келе жатып, бір өзеннің жағасындағы жалғыз ағаштың түбіне тоқтаған екен дейді. Астындағы атын отқа қоя беріп, ағаштың көлеңкесінде дем алмақ болған. Кенеттен шырылдап бәйек болып, ағашты айнала ұшып жүрген торғайға көзі түседі. Ықылас ағаштың басына көз жіберсе, әлгі ағаштың бұтағында ұя бар ек...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ықыластың бұл күйінің шығуына да ел ішінде айтылатын аңыз әңгіме себепші болса керек. Сол аңыз әңгіменің бір нұсқасы былай айтылады. Ертеде қанаты туырлықтай Шыңырау деген самұрық құс болыпты. Шыңырау адам аяғы жете бермейтін жапан түзде өсіп тұрған алып бәйтерекке ұя салады екен. Сол ұясында жұмыртқа басып, екі жылда...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Оқиға 1833 жылдар шамасында Арқа тамаларының ру басы Итемген би мен Кенесарының ағасы Саржан төренің арасында болған. Абылай заманында Еділ, Жайық бойынан ығысып келген Таманың Жөгі, Шақа деп аталатын бұтақтары Бетпақдаланың Арқа жақ пұшпағынан қоныс алған. Шөбі сұйық, суы кермек қуаңдау жерден қоныс тигеннен бе екен,...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ықыластың жастау кезінде әкесі Дүкен өзімен бірге Қоянды жәрмеңкесіне ертіп барыпты дейді. Онысы, ел көріп, жер танысын деген әкелік қамқорлығы болса керек. Арқадағы Мұңлы, Қулы тауларын жайлап отырған тамалардан шыққан жолаушы Қоянды жәрмеңкесіне бару үшін жолай сайдалы, тоқа, тарақты, карсон, керней руларының жерін б...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Бір жылы Кенесары қалың қолымен Арқаның Бетпақдала жақ жапсарындағы Болат, Тайатқан, Шұнақ, Мұңлы, Қулы тауларын тұрақ етеді. Бұл жерлер Шұбыртпалы, Тарақты, Тама руларының іргелес қонып жайлайтын мекені. Сол жылы Кенесары інісі Наурызбайдың жанына қырық жігіт қосып, Кіші жүздің Тілеуқабақ деген ірі байына аттандырып,...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
«Қазан» күйіне қатысты ел ішінде мынадай бір сөз бар. Ықылас өз кіндігінен Түсіпбек, Мақұлбай, Ақынбай деген үш ұл көрген. Үшеуі де әке өнерін шашау шығармай, бойларына дарытқан қобызшылар болған. Осылардың ішінде үлкені болған соң ертерек шаруаға араласып, ағайынға бас-көз болғаны Түсіпбек. Еті тірі Түсіпбектің қотаны...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ықыластың туған жері – Тама әкімшілік тұрғысынан ол кезде Ақмола уезіне бағынатын. Ояз бастығы, басқаша айтқанда «дуанбасы» Ерден деген біреу болады. Ол ешкімнен, ешнәрсемен санаспаған ниеті қара, қатал жан атанады. Ол әсіресе негізгі тұрғындары Арғын руы болып саналатын бұл жерге ауып келген Тама руына тым қыспақтық ж...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан