Бір байдың қызын ұзатқанда қыздың мал-мүлік жасауына қосып бір кедейдің домбырашы жалғыз қызын күң ретінде шаңыраққа мінгізіп береді. Бай билігіне қарсы тұрар дәрмен жоқ, ата салтын бұзарға қақысы жоқ, сорлы қыз жылай-жылай күңдікке кетеді. Қыздың «қамқорым, сүйенішім» дейтіні – жалғыз ағасы екен. Күңдікке аттанып бара...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ертеде Мәмбетәлі деген жігіт бір күні нағашысының ауылына қыдырып бара жатып, жолшыбай шұбаған көшке кездеседі. Мәмбетәлі көш бастаушы қарттан амандық сұрасып, өзінің беталыс жолын айтады. Бұлар да сол бағытқа қоныс аударып келеді екен. Біраз жүрген соң, көштің жетегінде келе жатқан ала бие құлындайды. Сонда қарт: – Шы...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ертеде біреудің құла тұлпары болыпты. Сол тұлпардың тұқымын көбейтемін деп, тұлпардың қасына бие қосып, екеуін теңіздің ортасындағы адам жүрмейтін аралға апарып тастапты. Тұлпар қасқырға да, адамға да алдырмайды екен. Арада біраз жылдар өтіп, тұлпардың тұяғы көбейіп, бір үйір жылқыға жетеді. Осы тұлпардың аралда деген...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ертеде бір аңшы жігіт болыпты, деп айтылады «Қос ішек» күйінің аңызы. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы-маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарнын ақтармалап алып тастайды. Сода...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ерте заманда бір көпті көрген көне көз қарттың жеті ұлы болыпты. Жетеуі де елге қорған, жұртқа пана болғандай атпал азаматтар еді дейді. Ол бір, жаугершілігі көп, тынышсыз заман болса керек. Күндердің бір күнінде алаөкпе болып жаушы жетіп, ел шетіне дұшпан әскерінің тұяқ іліктіргенін хабарлайды. Содан, көне көз қарттың...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Бір орта жастан асқан адам мен, бір жас жігіт жол жүріп келе жатады. Екеуінің де тіршілігі құбатөбел, мінген көліктері шардақ екен. Күн түске тырмысқан шақта бір белден асып түскен жолаушылар қайран қалып тұрып қалады. Алдарында мал тұяғы тимеген, шүйгін жайлау, көк саздың қақ ортасында тоғыз қанат оқ орда тігулі тұр....
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Қанша тырбанса да, еңбегі еш, тұзы сор болған, тіршілігі барған сайын кері кеткен бір кедей жігіт, ауыл-үйін тәрік етіп, өзінің бақытын іздеп жолға шығады. Келе жатып қақпанға түскен бір суырға кездеседі. Затында жүрегі жұмсақ, мейірбан пақыр, қақпанның езуін ашады да, суырды босатып қоя береді. Сол кезде тылсымның күш...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Орманбет би өлген күн, Он сан ноғай бүлген күн. Айқай, айқай, айқай күн, Айқайлап жауға тиген күн. Қара ноғай босып көшкенде, оның Орманбет би деген үлкен басшы ақсақалы дүние салады. Сонда: «Ақылгөйсіз, басшысыз қалған ендігі күніміз не болады?» деп қайғырған халықтың мұңын Қарт ноғай деген күйшісі күй етіп тарса кере...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Өзі күйші, өзі сері бір жігіт жұрт қарағандай жорға атын жоғалтып, іздеп жүріп бір ауылға тап болады. Бейтаныс ауыл болған соң үй таңдап жүрсін бе, шеткерірек тігілген бір үйге ат басын бұрады. Сәлем беріп үйге кіріп келсе, бойжеткен қызы бар үй екен. Төрге жайғасып, аман-саулық сұрасады. Үйдің үлкендері көрші ауылға қ...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілігі көп заманда екі елді егестірген мәселенің түйіні ұдайы найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен ғана шешіліп отырмаған. Найзадан өтімді сөзге тоқтаған, қылыштан өткір уәжді тыңдаған кез де аз болмаса керек. Бірде екі жақтың әскері сеңдей сіресіп, мұздай қаруланып келіп, үлкен бір қантө...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Сырым батыр, сөзге шешен, би ақын, күйші, елдің елдігін, халықтың бостандығын армандаған бүкіл саналы өмірін соның жолында күреспен өткізеді. Сырым туралы ел жадында әдемі аңыздар, қызықты сөздер көп болған. Солардың бірі былай айтылады: Сырымның арғы атасының аты Шопан екен. Жорықта жауға жалғыз шауып, ылғи жеңіске же...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ерте замандарда Асан деген баланың жеті жасында әкесі қайтыс болып, анасы Жаңыл екеуі жетім қалады. Күн көрістің қиындығынан анасы Жаңыл сол елдегі Тахир деген ханның аңға шығатын иттерінің күтушісі болады. Ал Асан болса кішкентайынан ханның қозысын бағады. Осылайша, талай жылдар өтеді. Ауыр жұмыс Асанның анасы Жаңылды...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Құр ойнақ күйінің таралуы туралы кәриялар екі түрлі әңгіме айтады. Қайсысы рас, қайсысы өтірік, ол беймәлім. Бірақ екі әңгімеде «құр» деген ойыншыл құс туралы. Бірінші әңгіме: Құр деген құс ойынға әуес екен. Топтала жүріп, ойынның қызығына бір еніп алса, таңның атқанын, күннің батқанын білмесе керек. Құрдың осы ойын құ...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ертеде Алтай тауын мекендеген атақты құсбегі Тілей деген адам өткен. Өзіне әуелде жалғыз кері биесінен басқа мал бітпеген кедей адам болыпты. Міністен құлындамай жүрген сол биесі бір жылы ішті көрініпті. Иесі жануардын аман-есен құлындатып алайын деп желіні жетіле бастағанда, жылуатты шөптесін жерге қайырып қарап жүріп...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ертеректе аң аулап, күн көретін Байшыбыр деген адам болған. Ол жар дегенде жалғыз ұлы ғана бар, басқа жарлы адам екен. Қақпан салып шиті мылтығымен аң-құс атып күнелтіп жүріпті. Мергеннің қосының маңын да суырдың іні бар екен. Індегі бір жуан суыр қалай аңдыса да, мергенге атқыза қоймапты. Бір күні мерген аңнан қайтып...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Ертеде бір бай жылқышыларына әр жылы табан ет, маңдай терің бір жабағы тай деп белгіленген екен. Бай бір жолы жылқыға шығып, жылқыларын сырттай тамашалап жүреді. Сонда қасында аралатып жүрген жалшысы өзінің жылдық ақысын сұрап қалады. Бай оған айғыр үйірінің шетінде тұрған өлі жүні түспеген бір күрең тайды көрсетеді де...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Моңғол-қазақ жауласқан кезде, Тайшын деген сиыршыны атып кетеді. Иесіз қалған малды қазақтар айдап кетеді. Ертесі айдап келген сиырлар жоқ болып шығады. «Күншілік жерден әкелген мал ешқайда кетпес» деген оймен ізін шалса бір қора сиырды тарғыл бұқа қайырып ауылына таятып қалғанын көреді. «Еңбексіз малды қайта әкелгенме...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Бір торғай өзінің екі жұмыртқасына иен далада қалған бір жұмыртқаны әкеліп қосады. Үш жұмыртқаны бірдей басып, уақыты жеткенде үш балапан шығарады. Әлгі тауып әкелген жұмыртқадан сүрепеті өз балапанынан бір басқа балапан шығады. Торғай «Қызылшақа ғой, біраз есейсін байқайық» деп аялдай-аялдай жүріп, бір жолы жем іздеп...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Бұрын осы дүниеде бір үлкен көл болған екен. Оның ар жақ- бер жағы көз жеткісіз, әрі түпсіз шыңырау екен. Сондықтан жұрт оны «Шыңырау көлі» деп атасып кетеді екен. Осы көлден күзде жылы үйекке қайтатын самұрық деген алып құстың өзі әзер ұшып өткенде балапандарын алып өтуге дәрмені жоқ самұрықтың зары төрт әуенмен шерті...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан
Шыңсысай өктемдігі заманында, халық мылтық тапсырудың қыл бұраулы қысымына ұшырапты. Осындай жан түршігерлік қысымда үкімет бір азаматты, әншейінде тас бірдемелерді тастап жібергенде, бір-екі минутқа дейін дүңгірлеп дауысы естіліп тұратын шыңырау құдыққа сүйреп апарады да, тамам халықты жиып алып, шешесінің зарлағанына...
Жанр: Күй аңызы
Өңір: Қазақстан