Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

5063 Total records
199,295 Unique word forms (full index)
4031 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 5063 records

Ер Әжібай (Әбзейіт Мәлікеұлы нұсқасы)

Қолына қалам алды Әбзейіт ақын, Жазбақ боп батырлардың хикаятын. Артымда өзім өлсем, сөзім қалсын, Аппақ боп қартайдым ғой, уақыт жақын. Кетемін қалам алсам қызыңқырап, Тастаймын қол тигенде жазыңқырап. Баяғы жастық өнер қайда кеткен, Кәрілік әр нәрседен қылды жырақ. Ақсақал, қаламыңды қолыңа алшы, Азырақ өлең жазып кө...

Genre: Тарихи жыр Region: Қазақстан

Найманның жеті аталарынан белгілі руларын баян қыламыз

Өкіреш, Найман, Жалайыр, Төлегетай, Төртуыл, Қаракерей, Садыр, Матай. Үш жүзде мұнан асқан жан болмаған, Байлық, билік кетпеген ер Қаптағай. Баласы Қаптағайдың Есенгелді, Әр-әркімге қылайын мына жырды. Есенгелді баласы Жарылқамыс, батыр Жолан-ды, Қай адамнан қалмады мына заман. Бұл кісінің баласы батыр Асан, Ақылы бұ к...

Genre: Шежіре Year: 1889 Region: Қазақстан Collector: Д.Итжемесов

Орта жүз Найман Қарамолда ұрпағы

Шежіре шолып жазған Ерік атым, Сөз келді жақсы ойланатын. Қысқартып шежірені суреттедім, Мазмұнын осылайша жазған хатым. Руым – Қаракерей – Қарамолда, Жинадым шежірені әлдеқайда. Бергі атам Қарамолда – Андабай-ды, Үйгентас ауданына қанат жайған. Өз атым Арғынғазыұлы Ерік едім, Өлеңмен шежірені бейнеледім. Ықшамдап шежі...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Шежіре-дастан

Қожасы жан біткеннің Жаппар жалғыз, Әртүрлі жан жаратқан жанды-жансыз. Сағаттай мезгілімен шыр айналып, Үш ай қыс, үш ай көктем, жаз бенен күз. Өне бойы осыменен шыр айналып, Дөңгелеп бара жатыр жалғанымыз. Тірлікте туыс боп құшақтасқан, Алланың біз асығыс аңғалымыз. Айта жүріп, көз көріп, көңіл бөлмей, Таусылған сүйті...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан Collector: С.Дәуітұлы

Сарыүйсін шежіресі

Бабамыз Алыпбектен: Малай, Сарай, Жел сөзден Құдай берген айттым талай. Сарайдан ажырайтын Ноғай екен, Әдемі, әсерлі жыр жүрген жанай. Малайдан туған екен атам Алаш, Өз құрбы-қатарына болыпты бас. Алаш ата қазақ ұлға ұран болып, «Алаштап» шуылдайды кейінгі жас. Адамнан туған екен Әбіл, Қабыл, Жылы сөз көкірегімде бәрі...

Genre: Шежіре Year: 1940 Region: Қазақстан Collector: C.Шәкіржанов

Дүниежүзіндегі халықтардың тайпа, руларға бөлінуі

Айтылған имамдардан кітаптар көп, Бәрінің басында бар бисмилласы. Дүниеде жүргенінде әрбір адам, Айтпастан бисмилланы ішсе тағам. Қосылып шайтан лағин бірге ішеді, Ада ғып болғанынша бәрін тамам. Бағзылар патша болып дәурен сүрді, Бағзының жеті ықылымға үкімі жүрді. Бағзылар батыр болып, даңқ шығарып, Дүниенің сарайынд...

Genre: Шежіре Year: 1998 Region: Қазақстан Collector: А.Ойсылбаева

Шежіре

Арғысын білмеймін, Өзбектен: Алаш, Қараш Туып-өскен Өзбектен болғаны рас. Қараштан Сарт атамыз болған екен, Атанып өзбек деп айтқаны рас. Алаштан болған екен жалғыз Медет, Медеттен өсіп-өніп болған үдеп. Болыпты екі бала Қазақ, Созақ, Атанған халық аузында айтқан әдет. Созақтан қарақалпақ өсіп-өнген, Қазақтан Әбілқайыр...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Қазақ шежіресі

Бендеге тіршілік жақсы болса да арман, Десең де дүние жақсы арты жалған. Қазақтың Тәңір тауын, мың толғауын Сағынып қан майданда едім жазған. Екінші, мұнан бұрын сексен бес жыл, Жазылған шықты қағаз жан қалтамнан. Бұл қағаз Бұқарада ақындардың Шежіресі қол қойылып, пәтуаланған. Жазуы өрнектелген кесте-кесте, Жыртылып к...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан Collector: Ә.Қоңыратбаев

Шежіре

Бисмилла деп қолыма Алдым қағаз, қаламды. Жаратушы бір Құдай, Он сегіз мың ғаламмен Толықтырған әлемді. Адам ата, Хауа ана Дүнияға бір келді. Содан бастап адамзат Өніп-өсіп бірде-бір, Толысып дүние кенелді. Шешендер өтті шеңберлі, Шу дегеннен жөнелді. Батырлар өтті айбарлы, Киген сауыт берен-ді. Намыс ұшып, ар ұшып, Құ...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан Collector: Қ.Саттаров

Атамыз Әнес сахабадан бергі шежіре

Әуелі бастан айтайын, Атамыз Әнес Жабал-ды. Құлақ салып тыңдасаң, Шежіре сонау хабардан. Ноғай менен Естектің Орыс дейді туған шешесі. Мұсылман алса орыстан, Болмақшы дұрыс некесі. Кейбіреудің қызады, Білмегеннен шекесі. Әуелі Адам атадан Бәрінің түпкі жетесі. Атаңыз Жабал ертеде Сахараға көшіпті, Берер деп Алла несіпт...

Genre: Шежіре Year: 1980 Region: Қазақстан

Майқы (Қазақ) туралы шежіре

Қазақ туралы Жамағат, көңіл қойып салсаң құлақ, Жазайын аз әңгіме Хаққа жылап. Айтамын естіген мен ұққанымды Қоспаймын бөтен сөзді ойдан құрап. Дәлдігін ұққан істің айтқан жақсы Жөні жоқ монтансудың сипап-сылап. Қазақ кім, қай нәсілден жаралды деп, Біреуден біреу жөнін жүр ғой сұрап. Бұл өзі ертек емес, кітап сөзі, Көш...

Genre: Шежіре Year: 1990 Region: Қазақстан Collector: Н.Мыңжани, Ә.Байболат

Қайролланың туыс шежіресі

Ау, жиылып келген, жастарым-ау, Құлақ салып тыңдасаң, Біз қазақ деген ел едік. Қариясынан бата алған, Асыл туған қарт едім, Өсіп-өнген қатардан. Үйсін, Арғын, Алшын боп, Ессіз боп, ісқой атанған, Әзіреттің ойына Ағын су бойына. «Қазақ» деген ана ауыл, Қытайменен жау болып, Көтеріліп, көшкен іргесін, Жинаған ноқта, сірг...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан Collector: Қ.Саттаров

Адайлар жайында

Аямай білгенімді ағайыннан, Баяндап сөз желісін ыңғайынан. Мәнісін «Сауран асу» айтып өттім, Білдіріп» сол бір заман жағдайынан. Қазағым енді маған өкпе қылмас, Аталмай біз қалдық деп сондайынан. Білсеңіз, ерді де айттым, биді де айттым, Қалдырмай сөз реті қандайынан. Айыпқа енді мені бұйырмассың, Бастасам, бір азырақ...

Genre: Шежіре Year: 1982 Region: Қазақстан Collector: Қ.Саттаров

Адай шежіресі

Бастайын сөзді басынан, Өлеңге құмар болып ем, Әуеліде жасымнан. Табылар өлең, ойлансам, Кеуілдің шаттық хошынан. Ата-тектен сөз қозғап, Нағашы жұртым – Адайдың Ата-тегін терейін. Қатесі болса кешірің, Білгенімше, нағашым, Шежірені терейін. Бөтен емес шығар бұл сөзім, Тегіңді өлеңменен танытқан. Медеткер бол деп тілейм...

Genre: Шежіре Year: 1978 Region: Қазақстан Collector: Қ.Саттаров, Қ.Құлпыбаева

Өлең шежіре

Пісмілла сөзді бастайын, Ағайын, тума, халқымсың, Лағыл, жауһар, алтынсың. Сөйле десең, халқым-ай, Көп жамағат алдында Сайрап тілім шалқысын. Тамаша беріп еліме Кеулім нұрдай балқысын. Қадірлесе басымды, Өлеңменен қарсы алдым, Көпшіліктің жалпысын. Мен жалғыз болсам, халқым көп, Қалай басым жалқысың. Білмесең елдің қад...

Genre: Шежіре Year: 1992 Region: Қазақстан Collector: З.Ахтаева

Кіші жүз шежіресі

Ойланып, cөз жазайын біразырақ, Ау, халқым, көңіл қойып, салсаң құлақ. Келтірсе, қиял – сөздің ой, жобасын, Міндетті әр лебізге тіл менен жақ. Пенде жоқ басын кемге қойып жүрген, Әркімнің бар көңілі өзіне шақ. Жақпаса, күліп сырттан ат қояды, Пұт сөзден табылса мін, жалғыз қадақ. Сондықтан мазмұнына түгел қара, Күмісте...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Қабыл Қамзаның өлең шежіресі

Ұранхай – менің туып, өскен жерім, Кірім жуып, кіндігім кескен жерім. Орта жүз Найман елдің бел баласы, Саржомарт ұрпағынан менің елім. Қожамбет – Саржомарттың бір баласы, Бекберді, Қожамбет қой жоқ таласы. Тарайды Қожамбеттен Қабыл-Доғал, Ұранхай, Тарғын өзен, аңғар басы. Өтіпті Қабыл-Доғал тату болып, Тарғын мен Ұран...

Genre: Шежіре Year: 1941 Region: Қазақстан

Қаракерей Мұрын Ақшайықтың өлең шежіресі

Атыңнан айналайын, Хақ Тағалам, Ғаламға он сегіз мың жетер панаң. Жіберіп жоқтан бар қып, пенде жасап, Жаралған топырақтан – атам Адам. Солардан бері қарай шежіре боп, Көз жетпес өткеніне қанша заман. Адамзат топырақтан тебіреніп, Жаралған өз тәнінен Хауа анам. Топырақтан жаралыпты Адам бұрын, Бейнесін топырақтан қылға...

Genre: Шежіре Year: 1998 Region: Қазақстан Collector: З.Қожанов

Өлең шежіре

Бісмілла, сиынамын ағзубилла, Нәбиім – Расул Кәрім Хабибулла. Қолыма қалам алып, сөз бастайын, Зұлжалал рақым әйлап, өзің оңда. Сиынып, сөз жазамын қалам алып, Біз жүрген надан құлмыз әлі адасып. Көз көрген шариғатты ұстамаймыз, Күнәға кіріптармыз қара басып. Сиынып, сөз жазамын қалам басып, Дүниеге хош емеспін, көңілі...

Genre: Шежіре Year: 1937 Region: Қазақстан

Нұржанның шежіресі

Қаламды еріккенде қолға ұстарсың, Жалығып бір күн әлі-ақ сен тастарсың. Хал-қадір білгеніңше баян ойла, Ғибрат кейінгіге сөз боп қалсын. Жақсымен сен бір кеще жанаспаған, Біліміңді салып топқа сынаспаған. Дәптерге бастан-аяқ таста жазып, Ойласаң, қалды ғой деп мирас маған. Жүйрік пе, мыңнан озып қыр аспаған, Жігітке ха...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан
Previous Page 218 of 254 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment