Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

5063 Total records
199,295 Unique word forms (full index)
4031 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 5063 records

Мырзаш батыр (ІІІ бөлім)

Мырзаш деп үшiншi рет алдым қалам, Ел қорғаған ер үшiн ой мен санам. Ең соңғы ерлiгiңдi жырға қосып, Айналдым әруағыңнан ұлы бабам. Қазақтың орта жүзi – керей, найман, Тыңда, жұртым, сөз емес бекер, жалған. Қазылған бабалардан жол қалмаса, Қарапайым шығады дастан қайдан. Сөйлейiн өткен күндер бiр саласын, Бұйырса ұрпақ...

Genre: Тарихи жыр Region: Қазақстан Collector: З. Сейітжанұлы

Мырзаш батыр (ІІ бөлім)

Жазайын бір әңгіме тағы бастап, Кезекті игі ісімді кетпей тастап. Дастанның екіншісін қолға алайын, Қалмасын орта жолда сөзім ақсап. Сөз емес бір қиял жазбақ сөзім, Жалған сөзге шыдамас тағы төзім. Кешегі аты әйгілі елдің ерін ұрпаққа баяндауға келді кезім. Еске алсам ел ерлерін кешегі өткен, Шықпаспын артық сөйлеп, сі...

Genre: Тарихи жыр Region: Қазақстан Collector: З. Сейітжанұлы

Мырзаш батыр (Ниязбек Қыдырмоллаұлы нұсқасы)

Бастайын бісмілла деп әуел басын, Сөзімді ықыласпен жұрт тыңдасын. Сапардың сәті түсіп оңға басса, Сөйлейін бұрынғының бір қиссасын. Бастайын бір-екі істі, келсе шамам, Баянсыз сұм дүнияға болмай алаң. Құдайым өзі оңдаса сапарымды, ұзартып алға қарай создым қалам. Ұлы әжемнің аузынан тердім мұны, Аңыз-ертек емес бұл, с...

Genre: Тарихи жыр Region: Қазақстан Collector: З. Сейітжанұлы

Байсейіт батырдың тарихы (Тәжібай Байбағышов нұсқасы)

Байсейіттің он бір жастағы кезінде, Арқадан Кене хан ауып келгенде, Кене хан Тойшыбек батырдың қасына келіп қонған екен. Кене хан Наурызбай, Ержан, Құдайменді, Наурызбай бір қатыннан. Жалқы үшеуі бір қатыннан екен. Арқадан бері шыққанда: «ұлы жүз бен қырғызды қаратып алармыз, Науан батыр. Бірақ алдымызда үш бел бар, со...

Genre: Тарихи жыр Region: Қазақстан

Байсейіт батыр (Саяділ Керімбеков нұсқасы)

Ойласам, оқа-зер тұтқан Көңілдің тұнық көзінен Айқын болған әңгіме. Аспанның ашық көгінен Есімде жүрген ер ісі. Елдің ертек сөзінен Қарасам, соны көремін. Өмірдің көне өңінен ызалы жалын ұшқандай Әркімнің шерлі көңілінен. Атысып ру шабысқан Хан, төренің гебінен. Өлім өртеп, өрт жұтып, Тас атысқан жеңінен. Жауласып өтке...

Genre: Тарихи жыр Year: 1941 Region: Қазақстан

Ағыбай батыр (Ел аузынан)

Жас қойшы тыңдап отыр қасымдағы, Тымағын қолына ұстап басындағы. Шынтақтап жатқан тыныш кәрі қойшы Сөйледі ертегісін жасындағы. Ертеде болған екен ер Ағыбай, Ол кезде ер болмапты Ағыбайдай. Баяғы Абылай хан заманында Ерлігін көрсетіпті елге талай. Білмеген Ағыбайды ел болмаған, Тең көріп қарсыласар ер болмаған. Үш жүзг...

Genre: Тарихи жыр Region: Қазақстан Collector: Б. Уахатов

Ер Ағыбай (Қажыбек Қаңтарбаев нұсқасы)

Ертеде болған екен ер Ағыбай, Ол кезде ер болмапты Ағыбайдай. Кешегі Кенесары заманында Ерлігін көрсетіпті елге талай. Білмеген Ағыбайды ел болмаған, Теңеліп қарсыластар ер болмаған. Ағыбай ешбір жанға бас ұрмаған, Басынан дұшпан ісін асырмаған. Жалғызы Ағыбайды бөгеген жоқ, Қандай жан есіл ерге тор құрмаған. Батырда б...

Genre: Тарихи жыр Year: 1938 Region: Қазақстан Collector: Қ. Қаңтарбаев

Ағыбай батырдың үш өкініші (Ел аузынан)

Жасымнан өстім жырды жаным сүйіп, Мазмұнын мағыналы ішке түйіп. Сусыным қанша естісем қанбаушы еді, Алардай бір басыма бәрін жиып. Қарт жырау қолына алып домбырасын, Бастайтын «әлқисса» деп сөздің басын. Тізілтіп көз алдыңа сан тарихты, Өткеннің баяндайтын уақиғасын. Арудың ерте солған қызыл гүлі, Айналып жоқтау-зарға...

Genre: Тарихи жыр Region: Қазақстан Collector: М. Әбсемет

Ағыбай батыр (Тәужи Айнатасов нұсқасы)

Хан болған ол бір кезде Кенесары, Біледі Кене ханды жұрттың бәрі. Хан Шыңғыстан туады хан Абылай, Айтуға біле алмадым одан әрі. Қасым хан туатұғын Абылайдан, Талай хан өтті бұрын адырайған. «Хан» дегенге қайқайып, масаттанып, Қараңғылық жоймайды қодырайған. Әкесі Кене ханның Қасым еді, «Төре» деп атақ алған нәсілдері....

Genre: Тарихи жыр Region: Қазақстан

Ағыбай батыр (Сансызбай Қармысов нұсқасы)

Атақты ер Ағыбай шұбыртпалы, Екеу ме сол күндегі ердің жаны. Басынан солардың да өтіп кеткен Опасыз баяны жоқ шіркін пәни. Бұрынғы батырлардың бәрі тағы, Бәрі де көрмесек те, бұтақтаңды. Ағыбай, ер Бұқарбай, ер Қошқарбай Атақты батыры еді Кене ханның. Мал үшін олар ерлік қылған емес, Салғаны жанын отқа елдің қамы. Сола...

Genre: Тарихи жыр Year: 1964 Region: Қазақстан Collector: Т. Қанағатов, Т. Бекхожина

Ағыбай батыр (Халық нұсқасы)

Атақты ер Ағыбай шұбыртпалы, Белгілі сарбаздарын шұбыртқаны. Ағыбай, Қошқарбай мен ер Бұқарбай – Бұларды соңына ерткен Кене ханы. Мал үшін бұлар ерлік құрған емес, Салғаны жанды ортаға елдің қамы. Солардың біреуінен сөз бастаймын, Әлеумет құлақ салса бұған тағы. Жау шабу мирас қалған Абылайдан, Бұл әдет Кенесары, Науры...

Genre: Тарихи жыр Region: Қазақстан

Жанқожа батыр (Орнықбай Сұлтанов нұсқасы)

Көнеден қалар нұсқа кеуіл бөлген, Әр адам ойын айтар өзі білген. Дүниядан не жақсылар өтіп жатыр, Өлгесін пенде бар ма қайта келген? Әлімнің алты жүйе бір саласы – Үш ру қалың Шекті өсіп-өнген. Белгілеп, бері айтқанда Кішкенеден Батырлық, бақ өткен жоқ Жанқожа ерден. Күнінде Кіші жүздің туын ұстап, Қаһарлы халық дұшпан...

Genre: Тарихи жыр Year: 1971 Region: Қазақстан Collector: М. Қаназ

Жанқожа батыр (Белгісіз нұсқа)

Ертерек хан заманында қарақалпақ елінде Хиуа деген халық бопты, Хиуа қаласы (шаһары) ханство мемлекет бопты. Сол Хиуа қаласын басқарушы Ережеп хан деген бопты. Мемлекет басшысы Ережеп хан арақ-шарапқа мас боп отырып, мемлекеттің буына семіріп, тасып отырған хан, атақты әскер басы Бабажанға бұйрық бергенде: «Әркім билеп...

Genre: Тарихи жыр Year: 1945 Region: Қазақстан Collector: Қ. Күрегенұлы

Жанқожа батыр мен Бабажан сарт (Жөкей Шаңғытбайұлы нұсқасы)

Бұлбұл тілім бұлаң қағып жорғалап, Шығар жарыққа, бүкпе өнерің қорғалап. Оят ойдың көз еді бұлағын, Тамылжысын таңдайдан сөз сорғалап. Жүйрік қиял жүйткіп, орғып құлдырап, Аспанға асып, бұлтқа мініп бұлдырап. Жерді кезіп, көкті шолып шарықтай, Сергі көңілім, жатпа тұнып тұнжырап. Қанат қағып қаршығадай қалықтап, Төңіре...

Genre: Тарихи жыр Year: 1946 Region: Қазақстан

Жанқожа батыр туралы (Қарман Сұлтанұлы нұсқасы)

Ер Жәкеңді жырлайын Қағаз, қалам қолға алып. Білгенімше жазайын, Біраз ғана ойланып. Кеуілден қиял табылар, Сөйлесе тілім, қозғалып. Әруақты ер еді, Артында жүрген сөз қалып. Жақсы, жаман болса да, Тыңдаңдар халық, аңғарып. Онша жүйрік емеспін Байрақтан озған бәйгі алып. Ау, халқым, құлақ салып тыңдасаңдар, Айтайын ер...

Genre: Тарихи жыр Year: 1973 Region: Қазақстан Collector: Қ. Сұлтанұлы

Жанқожа батыр (Лұқпан Кенжеұлы нұсқасы)

Құр тарқатып болмайды Әлеуметтің құрмауын. Шын данышпан бітірер Шиелескен ел дауын. Ағалар аңсап келгенде, Құрбы құрсап келгенде Шешейін сөздің құрсауын. Айта алмай кетсем осыдан, Әңгіме болар артымнан Көрдің бе деп бұлдауын. Атақты жүйрік емеспін Тапқандай сөздің паңдауын. Ертек пенен терменің Сендерге бердім таңдауын...

Genre: Тарихи жыр Year: 1946 Region: Қазақстан Collector: Қ. Рүстемов

Жанқожа батырдың толғауы (Мұсабай жырау нұсқасы)

Әуелі сөз бастаймын бір Құдайдан, Кешіргей Құдайды айтсам әр күнәйдан. Кешегі Жанқожаның заманында Сүйеніп, ауқат кешті жарлы байдан. Ініден аға менен артық туған Жанқожа, ойлап тұрсақ, шықты қайдан. Десең де мынау Майдан, әкесі бір, Қақ жарып шыға келді Киікбайдан. Итжемес, Жанмырзамен судай толқып, Жүгіртіп ит-құс са...

Genre: Тарихи жыр Region: Қазақстан Collector: И.В. Аничков

Арқалық батыр (Ертай Құлсариев нұсқасы)

Тыңлаңыз құлақ қойып жақсы кептен, Талай жан бізден бұрын келіп кеткен. Уақытында бақыты ашылып хан болыпты, Әжі хан шыққан екен Орманбеттен. Бақыты, бақ-дәулеті сондай жүріп, Ешқандай хан болмаған одан өткен. Әрқашан ерегескен адам болса, Тұқымы дұшманының құрып кеткен. Орманбет Әжі ханның ата заты, Тарихта осылайша ж...

Genre: Тарихи жыр Region: Қазақстан

Арқалық батыр (Сағидолла Нұралин нұсқасы)

Қазақта бір ұғым бар деген үш жүз, Үш жүзден тарадық деп айтамыз біз. Әйтеуір ру, тайпа аттары бар, Нақ басар табылмай жүр анық бір із. Ел керей орта жүздің бір бөлегі, Көршіміз көптен бергі іргедегі. Ер өткен Арқалықтың аңызынан, Оралып көңіліме жыр келеді. Керейдің бір бұтағы Абақ атты, Бөлініп бар қазақтан дара жатт...

Genre: Тарихи жыр Region: Қазақстан

Арқалық батыр (Ержан Ахметов нұсқасы)

Ел еді егіз жатқан керей, найман, Шығады, сөз болмаса, мизан қайдан. Қазақтың хан билеген заманында, Жау бопты қазақ, қалмақ барымта алған. Ол күнде түк білмейтін қазақ надан, Жау болып жылқы алыпты ұраңқайдан. «Төбесіз жер, төресіз ел болмайды» деп, Төре сұрап алыпты Абылайдан. Керейге төре бопты Әжі төре, Әмірші төре...

Genre: Тарихи жыр Year: 1958 Region: Қазақстан Collector: Б. Уахатов
Previous Page 217 of 254 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment