Қазақтың бас батыры Олжаш атты Маңынан жан баспаған кәрі қатты. Өз тұсында адамның арыстаны, Заман заңы адамды толқындатты. Уақыт Олжашқа бір ой салды. Атырапты тітіретіп, даңқы жарды. Қазақты жабдықтауға сайман алмақ, Құралға Қарқаралы тауға барды. Қасына отыз жігіт ісмерді ерітіп, Екі-екіден қос атқа ер ертетті. Ағаш...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 1949
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Ж.Аралбаев
Қолыма қалам алып хат жазайын, Ақтарып өткендерден сөз қозғайын. Жарандар, құлақ салсаң бұл кеңеске, Айтайын Есім ханның мен жағдайын. Із қалған белгілі боп әр ғасырда, Жамағат құлақ салып тыңдасын да. Қазаққа әділдікпен патша болып, Есім хан ел билеген өз тұсында. Ол өзі жұртын сұрап даналықпен, Мекен ғып тұрған Сырды...
Жанр: Тарихи жыр
Өңір: Қытай (ҚХР)
Жинаушы: О.Қанапин
Кірісу Төле дейді ұраным. Қоғалы дейді тұрағым. Бақтиярдан ажырап, Бәйдібек бай Жәнібек, Жалғыз ұлы – Жарықшақ Домалақ деген ананың. Албан, Суан, Дулат боп, Бөлініп бері шығамын. Жарылғамыс, Жанту боп Жаныстан келіп тарадым, Патша менен ханы көп, Байы менен жарлы көп, Ілгергі өткен заманның. Ұлы Шыңғыс ханыңды Алдымен...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 1938
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: И.Ырсымбетов
Кейінгі бізге нұсқа боп, Бұрынғылардан хат қалды. Ілгері заман адамы, Мал бағып жүріп аттанды. Біздің заман жаңғыртты, Көп жасаған қарттарды. Әзіреті сұлтан уақтында, Билеген екен үлкен боп Ноғайлы деген халықтарды. Ноғайлының ішінде Әліби деген бай болып Төрт түлік малы тұмандай, Абырой мүлкі сай болып, Мастықпен көңі...
Жанр: Тарихи жыр
Жыл: 1947
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: О.Малқаров
Дүниені жарық қылған Күн мен Ай-ды, Жаратқан жанның бәрін бір Құдай-ды. Кешегі ноғайлының заманында Қарабай, өлең қылдық, Сарыбайды. Түйеден нар туады молтақ өркеш, Бұларды өлең қылдық ертеңді-кеш. Кешегі ноғайлының заманында Баянға ғашық болған Қозы Көрпеш. Қарабай Сарыбаймен аңға шықты, Екі бай аттанды деп даңға шықт...
Жанр: Ғашықтық жыр
Жыл: 1928
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Қ.Оспанұлы
Шебер тіл ғой шешетін, сөздің сырын, Көңліңе түсіріп сәуле нұрын. Қарабай, Сарыбай хан болыпты, Өткен сонау ғасырда бізден бұрын. “Мың соққан” деген қазақ мәтелі шын, Мың біткеннің болады бәрінде жын. Қапысыз Қарабайдай хан өтіпті, Шын болса, жылқысы бар, дәл тоқсан мың. Қайырымсыз қатал бай, дәулеті көп, Құлқынына сый...
Жанр: Ғашықтық жыр
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: М.Нукин
Ерекше сұлу Баян жаралыпты, Дүниеге сұлулығы таралыпты. Сыртынан құрғақ ие болып жүрген, Жанына Қодар қашан бара алыпты? Баяннан таба амайсың талдай мінді, Ақ жүзі жарық қылған қараңғы түнді. Баласы тоқсан байдың іздеп келіп, Бәріде қолы жетпей, құл боп сіңді. Баян боп бәрінің де ынтызары, Қолы жетпей, құл болып сіңді...
Жанр: Ғашықтық жыр
Жыл: 1953
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Б.Мақанов
Бисмилла, сиынғаным бір Құдайды, Құдай артық жаратты күн мен айды. Жұрт тыңдап, халайық құлақ салса, Қарабай, сөз қыламын, Сарыбайды. Тағы да сиынғаным бір Құдайды, Құдайсыз айтқан сөзім жарамайды. Келгенше жетпіс беске бала сүймей, Бір мұңдық сөз қыламын Қарабайды. Жігіттер, шын ойлаңдар бір Құдайды, Құдай сүйіп дос қ...
Жанр: Ғашықтық жыр
Жыл: 1888
Өңір: Қазақстан
Жинаушы: Н.Н. Пантусов
Аждаһа жерден шығып көкке өрлер, Қысылып өзгелерден бұрын терлер. Түрі бар аждаһаның неше түрлі, Алады қолы жеткен мініскерлер. (Жер)
Жанр: Жұмбақ
Жайы-жайы, жай кілем, Жайылып жатқан бір кілем, Түр-түр кілем, Төгіліп жатқан кір кілем. (Көктемдегі жер)
Жанр: Жұмбақ
Жүресің-жүресің, ұшын таппайсың, Ары жүрсең, қайтып келесің. (Жер)
Жанр: Жұмбақ
Бір зат бар дүниеде құшағы кең, ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең. Адамзат, жан-жануар арасында Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген. (Жер)
Жанр: Жұмбақ
Көкторғын көрдім мен Көп асыл қадаған. Адам жоқ өмірде Асылын санаған. (Жер)
Жанр: Жұмбақ
Көк жүнді бір өгіз бар еті қара, Тілгіле өне бойын етіп пара. Етін жеп жатсам дағы майын сорып, Болмайды өлмек түгіл титтей жара. (Жер)
Жанр: Жұмбақ
Жаһанда бір алыпты көрдім күшті, Барлық салмақ дүниеде соған түсті. Қандайын дүниеде барлық жеміс, Солардың атырабында құрап пісті. (Жер)
Жанр: Жұмбақ
Жамандық қып, шапқылап жарсаң басын, Жақсылық қып аямас сенен асын. Күні-түні сонда да тепкілейсің, Айтпайсың оған тәңір жарылқасын. (Жер)
Жанр: Жұмбақ
Бір жатқан зор кемеңгер қара кісі, Қимылдар сол кісіден елдің тісі. Талқандап беті, жүзін тырнасаң да, Бір ауыз неге үйттің деу емес ісі. (Жер)
Жанр: Жұмбақ
Қағар, қағар, қағар кілем, Қағайын десе ауыр кілем. (Жер)
Жанр: Жұмбақ
Зер, зер кілем, зер кілем, Көтерейін десем зор кілем. (Жер)
Жанр: Жұмбақ
Өлшеусіз піштім, Жіпсіз тіктім. (Жер)
Жанр: Жұмбақ