Аспан әлемі
Бап-бап, басы бар, Алтын ердің қасы бар, Бұны тапқан адамның Жүз жиырма да жасы бар. (Шолпан)
Іздеу интерфейсі
Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі
Бап-бап, басы бар, Алтын ердің қасы бар, Бұны тапқан адамның Жүз жиырма да жасы бар. (Шолпан)
Мен бір жұмбақ айтайын асыл досқа, Бір сарай толып тұрған ақ күміске, Болғанда алты тауық, жеті тақ-тақ, Баршасы қорқады екен тоты құстан. (Үркер, жеті қарақшы, Шолпан)
Алты қоян қашады бұдан былай, Жеті лашын қуады ұдай-ұдай. Артынан екі бүркіт тағы кетті, Шешіп бер жұмбағымды қарап тұрмай. (Үркер, жеті қарақшы, ай, күн)
Жасым бар жиырмада, жылым – мешін, Өлімнің кім біледі ерте- кешін. Айтайын бес-алты ауыз, құлағың сал, Қозы Көрпеш – Баянның әңгімесін. Ел болар он екі ру, бірі – Шеркеш, Қом жасап, сар атанға бітеді өркеш. Бес-алты ауыз айтайын, құлағың сал, Баян мен ертеде өткен Қозы Көрпеш. Мығы бар сауыр етіктің табанында, Құдайға...
Жаратқан жан біткенді бір Құдай-ды, Жаратты құдіретіменен күн мен айды. Бұрынғы ноғай-қазақ заманынан Сөйлейік Қарабай мен Сарыбайды. Жарасқан нар түйеге биік өркеш, Мен сөйлесем, жұрт тыңдар ертеңді-кеш. Сәтті күні екеуін Құдай қосқан, Ғашық болды Баян мен Қозы Көрпеш. Сөз қылдым Қарабай мен Сарыбайды, Екеуі көп ноғай...
Алты қаз, жеті үйрек, бір бөдене, Кейде орта, кейде толы сары тегене, Тұнық пенен лайдың арасынан, Бір аққу ұшып шықты қанат кере. (Жеті қарақшы Шолпан, үркер, күн)
Жеті ағам жерге түспейді. (Жеті қарақшы)
Аспанда ұшып жүрген жеті торғай, Барады бір-біріне қосыла алмай. (Жеті қарақшы)
Бір емен, жеті терек, алты қайың, Бұтағы толып жатыр дайым, дайым, Ішінде шынар терек, үш қарағай, Өңгесін айта беріп не қылайын? (Шолпан, жеті қарақшы, үркер, үш таразы)
Алтын бәкі, Күміс сәкі, Қырық қысырақ, Бір сәуірік. (Күн, шолпан, жұлдыз, ай)
Қиырсыз бір теңіз бар ол немене, Құбылып қалқиды алтын бір тегене, Сансыз құс жүзеді ортасында, Алты қаз, жеті үйрек, үш бөдене. Оқшау жүр ақ шағала, көк шағала, Теңіздің ортасында күміс кесе. (Аспан әлемі, жұлдыз)
Шым-шытыр, шиедей қотыр, Оның ішінде әкем отыр. (Жұлдыз бен ай)
Күн батқан соң жайылдық, Таң атқанша тойындық. Таң атып жарық түскен соң, Тойынып алып жойылдық. (Жұлдыз)
Көкте күлімдейді, Қолға ілінбейді. Бірінен бірінің Қашықтығы білінбейді. (Жұлдыз)
Күндіз бәрі қашады, Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
Атасы мен анасы, Миллионнан көп баласы. (Жұлдыз)
Бір байдың мың қойы қоздайды екен, Біреуі біреуінен озбайды екен. Болғанмен алтын астау, күміс күндеу, Болғанша қиямет қайым тозбайды екен. (Жұлдыз)
Бірталай тары шаштым там басына, Әуре болып толтыра алмай қамбасына, Қиыстырып өлеңмен жұмбақ қылдым, Ойлағандар мәнісін аңдасында. (Жұлдыз)
Таң атқанша тары шаштым. (Жұлдыз)
Біз, біз, біз едік, Отыз арба қыз едік, Бір тақтайға жиналдық, Таң атқанда жоқ болдық. (Жұлдыз)
Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.
Мақалалар
Мақалалар, зерттеу нәтижелері
Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды